Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025 15:30

Көкжөтелдің қаупі

  Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін,  тыныс алу жолдары,  қан тамыры мен жүйке жүйені  зақымдаумен көрініс беретін жіті жұқпалы ауру.  

       Қоздырығышы  ауа-тамшылы жолмен таралатын, антропонозды жіті респираторлық бактериялық инфекция.

      Аурудың негізгі көзі науқас адам, әсіресе жұқпалылық кезеңі жоғары болып аурудың бастапқы сатысы саналады.

      Ауру қоздырғышының жұққыштығы өте жоғары, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар қабылдағыш келеді, 10 және одан жоғары жастағы балалар сирек ауырса, ересек адамдардың арасындағы сырқаттанушылық өте сирек болса да кездеседі.  Ересек адамдар ауруды жұқтырған күннің өзінде аурудың белгілерісіз өтеді, бұл ауруды анықтауда қиындықтар туындатады. Ауруды бастан өткізген адамдардың қайта ауруы өте сирек, өйткені ауырып жазылған адамда иммунитет өмір бойына қалады.

      Көкжөтел қоздырғышы адам ағзасына жоғары тыныс жолдары арықылы енеді. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі  4 тен 21 күнге дейін (орташа есеппен 2 апта)  созылады.   

      Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін.

      Ауруды жұқтырған балада алғашқы кезде жөтел пайда болады, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Жөтел болмаған аралықта баланың дені сау болып көрінеді. Көкжөтел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті.  

  Көкжөтелдің алдын алу ерте диагностикалауға, науқастарды оқшаулауға және белсенді иммунизацияға негізделген.

  Көкжөтел – иммунизациялау арқылы жұқтырудың және оның асқынуларын алдын алуға болатын жұқпалы ауру.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау  баланың туғанынан  2, 3,4, 18 айларында және 6 жасында жасау қарастырылған.

    

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ  басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 487 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет