Жұма, 29 Наурыз 2024 11:45

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат Ескендірұлы Байеділовтің кандидатурасы ұсынылып, мәслихат депутаттары бірауыздан келісім берді.

Сессияға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев депутаттарды Талғат Ескендірұлы-ның өмірбаянымен таныстырып, еңбек жолына тоқталып өтті. Халық қалаулыларының келісімімен өкімге қол қойған Марат Елеусізұлы аудан активімен кездесіп, жаңа әкімді таныстырды.

Жиында Еңбекшіқазақ ауданында шешімін таппай тұрған мәселелерге тоқталған облыс басшысы Талғат Байеділовке бірқатар тапсырмалар берді.

– Еңбекшіқазақ ауданы – әлеуеті зор, берекелі мекен. Осы алып өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Десек те, ақсап тұрған салалар да жоқ емес, әсіресе, инфрақұрылымға баса назар аудару қажет. Біліміңіз бен біліктілігіңізді, мемлекеттік қыз-метте жинаған тәжірибеңізді аталған түйіткілдердің түйінін тарқатуға, ауданды гүлдендіру жолында іске асыруға үлкен мүмкіндік туды, – деп Марат Сұлтанғазиев аудан әкіміне сенім білдірді.

Сөз кезегін алған Талғат Байеділов Еңбекшіқазақ ауданын гүлдендіруге, тұрғындар-дың әл-ауқатын арттыруға күш салатынын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов әкімге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Талғат Бай-еділов 1972 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемле-кеттік басқару академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған. Мемлекеттік қызметті 2008 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Кіші-Жалаңаш селолық округі әкімі лауазымынан бастаған. Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.  2018 жылдан Кеген ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2023 жылдың 30 наурызынан осы күнге дейін Алматы облысы мәслихатының төрағасы болған.

С.НҰРАДИН.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов қатысты.

Ауданға 2023 жылы 83,9 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 125,8 пайызға жеткен. Ағымдағы жылы тартылатын инвестиция көлемі 102 млрд теңге. Бұл туралы фракция отырысында аудан әкімінің орынбасары  Ертай Нұрмаханов айтты. Ертай Сұлтанәліұлының сөзіне сүйенсек, «AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламаның Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Жол картасындағы жос-парланған 57 көрсеткіштің 2023 жылға 35-і жоспарланып, 30-ы орындалған.

Салық түсімі бойынша да меже орындалған. Былтыр ау-данға 38,9 млрд теңге салық түсті, яғни, жоспар 99,9 пайызға орындалған. Биыл бюджетке түсетін салық түсімдерін 50,3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, фракция отырысында орындалмау қаупі бар 5 шара туралы айтылды. Қортындылай келе фракция жетекшісі Бағдат Рахимов орындалмау қаупі бар шараларды қатаң бақылауға алу туралы ұсыныс жасады.

 

Өз тілшіміз.

 

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген ұлт пен ұлыстардың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

Осы орайда Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аталып өтті. Іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов, «АМАNАТ» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев, аудан әкімінің орынбасары

Ертай Нұрмаханов қатысып, аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Салтанатты кеште сөз алған  Марат Сұлтанғазиев аудан тұрғындарын жыл басымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Әз-Наурыз – халқымыздың болмысын айшықтайтын, күн мен түн теңелетін, жарықтың қараңғыны, жылының суықты, ақтың қараны жеңер жақсы-лықтың мейрамы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел бірлігін нығайту, қоғамды ұйыстыру жолына баса назар аударуда. Соған сәйкес елімізде биылдан бастап «Нау-рызнама онкүндігі» тойланатын болды.  Әр күнге жеке атау беріліп, оның мазмұнына сай іс-шаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын Еңбекшіқазақ ауданының әлеуеті артып келеді. Бірнеше әлеуметтік және спорт нысандары іске қосылды. Осы орайда аудан жұртшылығына Отанымыздың дамуына, облысымыздың гүлденуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін – деді Марат Елеусізұлы.

Концерттік бағдарлама барысында ару қыздар мың бұрала билеп, мереке көркін асырды. Ал ақ жаулықты аналар шашу шашып, елге бақ пен бірлік тіледі. Мерекелік шарада ұста Дәркембай Шоқпаров атындағы қолөнер музейі мен «Жеті қазына» құсбегілер мұражайының көрмесі, көненің көзіндей болған жәдігерлері көздің жауын алды. Сонымен қоса өңіріміздегі этномәдени орталықтардың көрмесі де көпшіліктің назарына ұсыныл-ды. Ұлттық нақыштағы киім киген бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан аясын әнге бөлесе, боз кілемде белдес-кен балуандар шын мықтыны анықтады.

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Жұма, 29 Наурыз 2024 11:32

Спорт мектебі ашылды

Шелек ауылының тұрғындарындары Әз-Наурызды шаттыққа толы көңілмен,

зор қуанышпен қарсы алды. Жаңа жыл алдында жаңадан сайланған әкім

Айдарбек Аянбекұлы сөз сөйлеп, жақсы жаңалыққа толы жаңа жылмен барша қауымды құттықтады. Он шақты киіз үй тігілген орталық алаңда жиналған жұртшылық көктеммен келген Наурыз тойын бастап та кетті. Шелектіктер асқақтата айтылған әндер мен күйлерді тыңдап, мың бұралған билерді, түрлі ойындарды тамашалады. Наурыз көже ішіп, бір-бірімен қауышқан тұрғындар  түстен кейін «роща» саябағына қарай ағылды.

Ұлыстың ұлы күнінде заман талабына сай бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Діттеген уақытында облыстан, ауданнан келген құтты қонақтарды жиналған қауым қошеметпен қарсы алды. Грек-рим күресінен әлем және халқымыздан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, «Еңбек ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген кешеннің  ашылу салтанатында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жиылған көпшілікті қос қуанышпен құттықтады.

Бұл ауданда осымен үшінші балалар мен жасөспірімдер мектебі ашылып отырғанын айтып, осында жаттығып өскен спортшылардан ел намысын қорғайтын таланттар шығатынына сенім білдірді.  Одан кейін ардагер, заңгер, «Даңқ», «Барыс» орденінің иегері Сәт Тоқпақбаев сөз алып, Жақсылық Үшкем-піровтің қысқаша өмірбаяны мен жеткен жетістігін көпшілік назарына ұсынды.

Спорт кешенінің құрылысын жүргіз-ген мердігер «СП Нефть» ЖШС-нің бас инженері Әлмұхан Орақбай балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Дәурен Рамазановқа кілтті салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар, облыс әкімі Марат Елеусізұлы «Тұлпар» ЖШС жүргізушілеріне 10 жаңа автобус кілтін табыстады. Одан кейін ауыл ақсақалы Әскербек Рахимов бата беріп, жаңа ғимараттың лентасы қиылды. Шашу шашылды. Қонақтар, жұртшылық спорт сарайының ішін аралап көрді.

Кешенде бокс, күрес, жаттығу, ойын, шағын футбол залдары бар. Мұнда еркін, қазақша, грек-рим күрестері, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, гандбол сияқты спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істейді. Нысанның аумағы 5 500 шаршы метрге жуық. Ғимаратта Шелек ауылының ғана емес, көрші ауылдардың жастары да жаттығатын болады. Кешенде күніне 100-ден аса бала бірнеше секцияда шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік бар.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Дүйсенбі, 18 Наурыз 2024 17:40

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн тәртібінде белең алып отырған бірқатар келелі мәселелерді шешудің оң бағыттарын айқындап берді. Мәселен, “қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін” және “ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті қажеттілікті арттыру арқылы нығайта береміз” дегенді қадап айтты. Сонымен қатар рухани дамудың қайнар көзі - кітап десек, Президенттің назарынан бұл мәселе де тысқары қалған жоқ.


Өз кезінде қара сөзден қамшы өрген сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деген еді. Сондай-ақ неміс жазушысы Лион Фейхтвангердің: «Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейді» – деген сөзінде де үлкен салмақты ой жатқанын аңғару қиын емес.
Осы орайда Президент жиында Ұлттық құрылтай мүшелерінің “Ұлттық кітап күнін” белгілеу ұсынысына да қолдау білдіріп, еліміздің бас қалалары - Алматы мен Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашылатынын мәлімдеді. Бұл “Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана” деп аңыз әрі абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың босқа айтпағанының толық дәлелі.

 

«AMANAT» партиясы аудандық филиал төрағасы Б.Рахимов.

Бейсенбі, 14 Наурыз 2024 12:06

Ұлы әнімсің, жұмағымсың – анашым

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Иә, ақын Төлеген Айбергенов жырлағанай, теңдесі жоқ құдірет иесі – аналар бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген асыл жандар. Ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі болған аналарды қанша құрметтесек те артық етпейді. Осы орайда, халықаралық әйелдер күні қарсаңында Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Ұлы әнімсің, жұмағымсың – анашым» атты  мерекелік шара өтті.

Хор ұжымы «Ана» әнін шырқап, жиналған әйелдер қауымына гүл шоқтарын тарту етіп, естелік суретке түсті. Аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтады.

– Халқымызда «Жәннат – ананың табанының астында» деген қанатты сөз бар. Өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп, тіршілікке тірек болған асыл мұрат-тарыңыз  мен қажыр-қайраттарыңыз үшін сіздерге әрдайым құрметпен қараймыз.

Қай салада болсын айналасына шуақ төгіп, тындырымды ісімен қызметін адал атқарып жүрген әйелдер баршылық. Олар қызметтің бел ортасында жүріп, мәселе шешуде салмақты ой мен жауапкершілік жүгін қоса арқалайды. Сондықтан да, еліміздің әйел қауымына қам-қорлығы мен қолдауы үнемі күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Бүгінде өңірімізде  көпбалалы аналарымыз 3811-ге жетті. Әйел-ана – біздің қоғамда әрдайым қадірлі  тұлға. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдік пен әділдіктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Осы ерекше қасиеттеріңіз  мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Бүгінгі  мереке  махаббаттың нәзік үнімен жалғасып, пәк сезім серпілісімен ұштаса берсін, – деп Ертай Сұлтанәлиұлы, мереке иелеріне ақ тілегін арнады.

Мерекелік концерт барысында «Серілер» тобы «Қазақ қызы», Айнұр Бақытжанқызы «Қыздарға әсемдік жарасады» және Нұртас Қайратұлы «Ләйлімсің» әндерін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. «Улыбка» би ансамблі балалар гимнастикасын орындап, жұртшылықты тәнті етті. Еркежан Хуанышқызы мен Тамара Хуаныш «Әйел бақыты» атты әсем әнмен кешті қорытындылады.

 

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшыларының есептері қаралып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Бөлім басшыларына көктемгі дала жұмыстарына дайындық, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері мен аудан аумағында туризмді дамыту, агроөнеркәсіптік саланы субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша депутаттар өздерінің сауалдарын қойды. Биылғы жылы қар желтоқсан айынының ортасында жауса да, жауапты бөлім қыс маусымына мүлде дайындық жұмыстарын жүргізбегендігін, қала тұрғындары көшелерді қардан тазарту жұмыстарына наразы болғанын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі – шұрық-тесік жолдардың жайы да назардан тыс қалмады.

Ауыз су, кәріз жүйелерінің бүгінгі жағдайы, электр қуатын көтере алмайтын трансформаторлар мен ескірген электр бағаналары, ауылдардың күрмеуі шешілмеген проблемалары халық қалаулылары тарапынан көтеріліп, жұмыс барысындағы орын алған кемшіліктер бойынша наразылықтарын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға бөлім басшылары жауаптарын берді. Қарастырылған мәселелерді талқылай келе, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемле-кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, хаттамалық қаулы қабылдады.

Комиссия отырысынан кейін аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVII сессиясының отырысы өтіп, күн тәртібінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала талқыланып барып енгізілген сұрақтар қарастырылды. Сессия отырысына мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы мен мәслихат депутаттары бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралда-рының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй мәселелері бойынша комиссияның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бағытындағы қабылданған шаралар және берілген пәтерлердің нысаналы пайдалануының ағымдағы жағдайы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебі, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына көліктік қыз-мет көрсету және жолдарды жөндеу, күтіп ұстау, жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері мен аудан аумағында туризмді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және агроөнеркәсіптік саланы субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша аудан аумағындағы ахуал және осы бағыттағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия мен құзырлы органдардың атқарған жұмыстары туралы есептері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан, депутаттар тарапынан сессияда бірауыздан қабылданды, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер шығарылды.

Жиынның соңында мәслихат төрағасы Бекет Ахметов әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Қазіргі қоғамымызда нәзік жандылар тек отбасы-ның береке-бірлігін ойлап қана қоймайды, мемлекетіміз-дің өркендеуіне және сая-си-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласып келеді. Бүгінгі күнде әйелдер қауымы әр салада қызмет атқарады, медицина мен педагогика, мәдениет пен спорт, бизнес, қарулы күштер. Сіздер жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеп, әлемді нұрландырасыздар. Осы сәтті пайдалана отырып, егемен елімізді одан әрі көркейту, оның әл-ауқатын жақсарту жолындағы жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілеймін», – деп аудандық мәслихаттың депутаттарына, аудандық мәслихат аппаратының мамандарына, сонымен қатар бірқатар сала өкілдеріне Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Өз тілшіміз.

 

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.

Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да аналар қауымы!

Әлемдегі барлық жақсылық, жылылық пен ұлылық ең әуелі отбасынан басталып, одан әрі ұжым, орта, қоғамға тарайды десек, соның бәрінің ұйытқысы – ана екені шындық. Сондықтан да аналарға деген құрмет шексіз бола бермек. Себебі, адамзаттағы ізгіліктің барлығы ананың атымен байланысты.

 

Құрметті ханымдар!

Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер.

 Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, игілік, қуаныш тілеймін. Бүгінгі мереке махаббаттың нәзік үнімен жалғасып, пәк сезім серпілісімен ұштаса берсін!

 

 

 

Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:20

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында  Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынованың ұйымдастыруымен «Еліне азамат тәрбиелеген жанұя» атты Отанына, жеріне еңбегі сіңген отбасылармен кездесу өтті. Кездесуге округ тұрғындары қатысты.

Жиынның шымылдығы Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен түрілді. Райхан Жанбосынова отбасындағы бала тәрбиесі жайында пікрін білдірді. 

– Дүние есігін ашқан әрбір сәби – ата-анасының қуанышы ғана емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән беру қажет. Ендеше баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, азамат ету – бәрімізге ортақ парыз. «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан шығады?» деген ұлы сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесін ортақ қолға алып, болашақтарын ойлайық, – деді Райхан Жанбосынова.

Келесі кезекте еңбегі сіңген ардагер ұстаздар жайлы слайд көпшілік назарына ұсынылды. Оның ішінде Ибрагим Исмяков, Баян Иманкулова, Айтжан Аманкулов, Салиха Жарқынбекова, Тугулук Хасанов, Ақмарал Кайсенова, Салтанат Турганова сынды ұстаздардың еңбектерін айтып өтті.

Шара барысында отбасылық құндылықтар, жастар, қазіргі қоғам мәселелері және бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбіді. Қонақтар өздерінің ата-аналары жайлы және олардың қоғамның дамуына қосқан ерен еңбектері туралы әңгімеледі. 

Шара соңында облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева бүгінгі қоғамның кемшін тұстары жайлы сөз қоғап, бала тәрбиесіне баса мән беру керекетігін айтты.

– «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, әр бала ең алдымен өз отбасында одан кейін білім ордасында тәрбие алады. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «Адамға бірінші тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»  деп айтқандай, біз бірінші кезекте балаға тәрбие беруіміз керек, сонда ғана Отанын сүйетін, еңбекқор ұрпақтар тарайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі балалар мектеп жасынан жаман әдеттерге әуестенуде. Мектеп қабырғасында оқитын кейбір жасөспірімдер электронды темекі пайдаланады. Бұл біріншіден, денсаулыққа, екіншіден, елімізге зиян. Бүгінгі таңда Қазақстан темекі тұтыну жағынан алдыңғы қатарда. Біз осымен күресуіміз керек, – деп, Гүлнар Сағатқызы жиынға белсене қатысып, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын жандарға алғыс айтты.

  Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:18

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  Есік қаласында ауқымды іс-шара өтті. Алдымен қонақтар Ауған соғысының ардагерлеріне арналған орталықтағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Еліміздің  мемлекеттік Гимні айтылып, соғыс кезінде мерт болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ары қарай Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде  концерттік бағдарлама жалғасты. 6654  әскери бөлім сарбаздарының мемлекеттік Ту кіргізу рәсімі орындалды. Концерт басында  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Ахметов ардагерлерге алғысын білдірді.

 – Ардақты ағайын, құрметі соғыс ардагерлері, бүгін сіздер үшін тарихы терең, маңызды күн. Баршамыз Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққанына 35 жыл толуын атап өтудеміз. Бұл Қазақстан ғана емес,  ТМД елдері үшін де үлкен оқиға. Сіздер бейбіт өмірге араласып, отбасын құрып, саналы ұрпақ өсіріп, халық көшін алға жылжытуға, еліміздің дамуына үлкен үлес қостыңыздар. Сондықтан барлықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін – деді Дархан Ахметов. Концерт барысында «Улыбка» би ансамбілінің  «Қазақ биі» орындалып, Лала Бақытнұрқызы «Жез-киік», «Қаракемер» триосы «Мен қазақпын»  және Нұртас Қайратұлы «Ұлы дала – Қазақ-стан» әндерін шырқады. Дархан Ахметов  майдангерлерді марапаттап,  алғыс хаттар мен мерекелік медальдар табыстады.

 

    Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет