Жұма, 10 Қаңтар 2020 09:31

Тест. Сіздегі қорқыныш

Адам бойындағы қорқыныш пен үрей көп нәрседен хабар береді және көп нәрсеге әсерін тигізіп, себепші де болады. Өйткені сол қорқынышта сіздің ішкі жан дүниеңіз, бойыңыздағы кейбір мінез-құлқыңыздың өзегі, іс-әрекетіңіздің астары, кешегі өткен күніңіз ғана емес, бүгініңіз бен болашағыңыз жатыр. Сондықтан қорқыныштан арылудың маңызы мол.

Сізге беріліп отырған тест бойыңыздағы қорқынышты анықтайды.

 

Қай сурет сіз үшін ең қорқыныштысы? Соны таңдап, төменде берілген жауабын оқыңыз.

 

Тест жауабы

1.     Мұзды үңгір

Сіз жан жайлылығын іздейсіз. Өмірде ешкімге керексіз болып, жалғыз қалудан қорқасыз. Бір жағынан, бұл суретті таңдаған жандар өздерін іштей дұрыс жол таңдаған, өз орнында отырғандай сезінеді. Сондай-ақ мұзды үңгір үрейлендірсе, сіз махаббатқа, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа зәрусіз.

 

 

2) Жерасты жолы

Таңдауыңыз осы суретке түссе, сіз өз ойыңызды ашық айтудан қорқасыз. Ойыңызды айту ғана емес, сезіміңізді білдіру де сіз үшін тым қиынға соғады. Адамдарға сене бермейсіз. Бар эмоцияңызды ішіңізде ұстауды жөн санайсыз. Бұлай істеуге болмайды. Ашылыңыз. Эмоцияны сыртқа шығарыңыз. Ойыңызды ашық айтыңыз. Сонда өмір сүру жеңілдей түседі.

 

 

3) Иесіз қалған ғимарат

Бұл суретке қарағаннан денеңіз түршікті ме? Демек, сіз мықты, әрі ақылды жансыз. Сондай-ақ осы суретті таңдау мінездің тұйықтығынан хабар береді. Кей кездері сіз айналаңыздан оқшауланып, тіпті жаныңызға жақындарыңызды да жуытпайсыз. Сіз – тым талапшыл жансыз.

 

 

4) Ескі ағаш үй 

Егер мына құлағалы тұрған ескі үй үрейлендірсе, бұл – жақсылықтың белгісі. Өйткені қазіргі уақытта бойыңызды махаббат деген ұлы сезім толықтырып тұр. Және сіз өзіңіздегі осынау керемет сезіммен елмен бөліскіңіз келеді. Жақындарыңыз үшін кез келген күшті көтеруге дайынсыз. Десе де, қаржы мәселесі сізді уайымдатады. Ал бұл уайымнан арылу үшін алдымен ойыңызды өзгертуге тырысыңыз.

 

 

 

5) Құдық 

Құдыққа құлап кетуден қорқасыз ба? Сіз – өзіңізге сенімді жансыз. Тар қапаста, оқшауланып қалудан, біреуге тәуелді болып, бостандығыңыздан айырылудан қорқасыз. Сізге көтеріңкі көңіл күй, қуаныш, жағымды әсерлерге бөлейтін оқиғалар жетіспейді. Қазіргі өміріңізге көңіліңіз толмай, қандай да бір жайсыздық күйінде жүрсіз. Бұл күйден шығыңыз. Жаңаша, өз қалауыңызша өмір сүруге талыпыныңыз.

 

 

 

6) Ін

Сіз белгісіздіктен қорқасыз. Әлі де өзіңізді, қалауыңыздың не екенін, өмірдегі мақсат-мұратыңыздың қандай екенін, тіпті өмірдің мәні неде екенін іздеп жүрген жансыз. Сіз кез келген жайтты сараптап, саралап, өзіңіздің ойыңызды үнемі «ақтарып» жүргенді жақсы көресіз.

 

 

7) Жертөле

Жертөленің баспалдағынан қорқып кеттіңіз бе? Демек, сіз соңғы уақытта жиі қиындыққа тап болып, жолыңыз болмай жүр. Келеңсіз жайттарға жиі ұрынып, күйзеліске түскен болуыңыз да бек мүмкін. Мұндағы баспалдақ өмірден кету мағынасындағы ойға жетелесе, сарғайған жапырақтар өмір алмасуын білдіреді. Бұл сіздің ойыңыз әлі де өткен күнде екенін көрсетеді. Өткен күннің мәселелері мен уайым-қайғысы соңыңыздан қалмайтындай көрінеді. Ал шын мәнісінде, оның бәрін кешегі күнге қалдырып кетпей, көтеріп жүрген өзіңіз. Сондықтан өткен күнді, ондағы өкпе-ренішті жіберіңіз, жағымды ойлармен, позитивпен өмір сүріңіз.

 

 

 

8) Түрменің есігі 

Түрме тек қамау емес. Бостандықтан айырылу ғана емес. Ол – басқа өмір. Сіз үйренген, қалыпты жағдайдан мүлде бөлек. Егер таңдауыңыз осы суретке түссе, сіз өте еңбекқор, алғаныңыздан қайтпайтын, қайтпас жансыз. Сіздің басқан әр қадамыңыз өз мақсаттарыңызға апара жатыр. Дегенмен, ішкі жан дүниеңіз тыныштықты, демалыс пен жайлылықты аңсайды. Аздап демалғаныңыз жөн. Өзіңізді аяңыз.

 

Жұма, 10 Қаңтар 2020 08:37

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 10 қаңтар

1924 жылы «Тілші» газетінде Ілияс Жансүгіровтің «Кеңседе жергілікті тілді жүргізу керек» деген мақаласы жарық көрді. Онда күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған қазақ тілінің тағдыры сөз болды.

1934 жылы қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы – Бейімбет Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» - ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.

1992 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Республикалық гвардияны құру туралы шешім қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында орналасқан Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдерінен қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысқа қарсы күресуге, еңбекпен түзеу мекемелері мен мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзетуге, күзетпен жүретін адамдарды алып жүретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және мемлекеттік тәуелсіздігін қорғауға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері құрылды. 2014 жылы 21 сәуірде ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

1997 жылы Бішкек қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Ақаев және Ислам Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.

1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.

2010 жылы Қарағандыда Станиславский атындағы орыс драма театрының алдында орыстың ұлы режиссері Константин Сергеевич Станиславскийге ТМД аумағындағы тұңғыш ескерткіш орнатылды.

2011 жылы Қазақстан делегациясы 7-ші қысқы Азия ойындары алауын тұтандыру рәсімі өткен Кувейтке аттанды. Олимпиада алауы тұтандырылатын ел ретінде Кувейттің таңдалуы тегін емес. Азия Олимпиада Кеңесінің, (ағыл. Olympic Council of Asia, OCA) штаб-пәтері осы жерде орналасқан.

2011 жылы Өзбекстанда мәнерлеп сырғанау мен фристайл спортына арналған «7-Қысқы Азиада ойындары. Астана-Алматы» атты арнайы екі жаңа пошта маркасы айналымға енгізілді. Мәнерлеп сырғанауға арналған пошта маркасында мұздағы мәнерлеп билеу көрінісі бейнеленген, марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында Астана мен Алматыда өткен 7-Қысқы Азия ойындарының эмблемасы ресми түрде бекітіліп, өзбек тілінде латын қаріпімен «7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)» деген мәтін жазылған. Арнайы шығарылымдағы «Фристайл» екінші пошталық маркасында осы спорт түрінің үзінді бейнесі салынған, ал марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында 7-Қысқы Азиа ойындарының эмблемасы мен «7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)» деген жазу бар.

2014 жылы Қазақстанда күш қолдануға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің үйлестіруші кеңесі құрылды. Аталлмыш құрылымның жұмысын қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүктелді.

2017 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталасқа қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбатта Қ. Омаров пен А. Гутерриш Қазақстан мен БҰҰ арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

2019 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – елдегі жетекші оқу орындарының бірі. Ол – қыздар қауымы арасындағы мұғалімдерді даярлайтын республикадағы жалғыз университет. Оқу ордасы бүгінде жоғары білікті педагог кадрларды даярлайтын негізгі орталықтардың біріне айналды. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бакалавриат бойынша - 42, магистратурада - 23, PhD докторантура бойынша - 4 мамандық оқытылады.

Дереккөз: https://www.inform.kz 

Бейсенбі, 09 Қаңтар 2020 09:03

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1960 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді.

1970 жылы магистральдік байланыс желісі қолданысқа берілді. Ол шығысқазақстандықтардың Мәскеуден Орталық телевидение мен Алматыдан Қазақ телевидениесінің хабарын көруіне мүмкіндік берді.

1993 жылы Германия Федеративтік Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Франция, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина Республикаларында және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды.

2007 жылы әлемге танымал марафоншы қарағандылық Павел Сиротин «Бейбітшілік елшісі» атағын алды. 2006 жылы желтоқсан айында 70 жылдығын атап өткен спортшы өмірінің тең жартысында марафондық жүгірумен айналысып келеді. Ол бірнеше рет 100 шақырымдық қашықтыққа да жүгірген. Павел Сиротин өзінің мерейтойын да кезекті марафонмен атап өтіп, Теміртаудан Қарағандыға дейінгі 32 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен болатын. Мерейтойының құрметіне берілген құрметті атақты П.Сиротин Жер бетінде бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін - Дүниежүзілік бітімгершілік федерациясы мен Дінаралық және халықаралық федерациясынан алып отыр. «Басқаларға үлгі болып табылатын өмірі үшін, сондай-ақ, мораль, отбасылық құндылықтар, түрлі дін өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүру идеалдарына қызмет еткені үшін осынау құрметті атақ беріледі», делінген «сенім грамотасында». «Бейбітшілік елшісі» атағы берілген азаматтар Біріккен Ұлттар Ұйымының айрықша қамқорлығында.

2012 жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған ескерткіш монеталар қолданысқа берілді. Ол 500 теңге номиналындағы күмістен және номиналы 50 теңге нейзильбер құйындысынан жасалды.

2013 жылы Ғұлама би, әскери қолбасшы, ақын-жырау Жиембет батыр жайында «Жиембет батыр» роман-эссесі жарық көрді. Кітапты дайындау барысында Ресейдің Омбы, Орынбор, Барнаул, қалаларының мұрағаттарынан алынған құнды құжаттар мен деректер пайдаланылды.

2013 жылы астаналық өнертапқыш Бақытжан Әлменов ағынсыз, яғни, тұйық су көзін пайдалану арқылы арзан электр энергиясын алудың жолын ойлап тапқан. Инновациялық бұл жобаға патент алынып халықаралық сараптамадан да өткен. 45 жылдық еңбек өтілі бар электр маманы - Женева патент бюросының патент иегері.

2015 жылы Sport Review журналының нұсқасы бойынша Сочи Олимпиадасының қола медаль иегері Денис Тен мен Зарина Дияс 2014 жылғы Қазақстанның үздік спортшылары деп танылып, оларға арнайы тапсырыспен бағалы металлдар және ағаштың құнды түрлерінен «Восток-Т» шеберханасында жасалған мүсіндер табысталды.

2016 жылы Түркияның Мерсин қаласындағы Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында «Кероғлы» операсының халықаралық қойылымы болып өтті. Әзербайжан композиторы және музыкатанушысы Узеир Гаджибековтің бұл туындысы - түркі-ислам Шығысы өнерінің әлемдегі бірінші операсы. Бас партияны «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғадбулина мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық театрының солисі Садырбек Жұмашев орындады.

2018 жылы Қазақстанның сот жүйесіне кірмейтін тәуелсіз орган - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының соты (АХҚО) (AIFC Court) өз қызметін бастады. Бұл қаржы орталығы тәуелсіз қаржылық сот пен ағылшын құқығы қағидаттарына және жеңілдетілген салық режиміне сәйкес құрылған. Президент тапсырмасына сай, келешекте халықаралық және аймақтық бизнес хабқа айналады. Заманауи инфрақұрылым мен озық технологияларды пайдалануды көздейтін қаржы орталығы «ЭКСПО-2017» аумағында орналасқан.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Сәрсенбі, 08 Қаңтар 2020 10:11

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1864 жылы Торғай даласында қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашылды. Ыбырай Алтынсарин осы оқиғаға байланысты қуанышын Н.Ильминскийге жазған хатында бөлісті.

1963 жылы қаңтардың 8-9-ы Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші құрылтай съезі өтті. Онда осы одақтың бірінші хатшысы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.

1992 жылы Жезқазғанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров атындағы оқушылар сарайы ашылды.

1997 жылы Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың ортасында Қытай деректерінде сақталған қаланың тарихи атауы қайтарылды.

2007 жылы Парижде Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достығының қоғамы ашылды. Мұстафа Шоқай (1889-1941) - өткен жүз жылдықтың бiрiншi жартысындағы ұлттық тарихтың танымал қоғам және саясат қайраткерi, Орта Азияның бостандығы мен тәуелсіздігіне күрескен публицист, идеолог, «Алаш Орда» партиясы жетекшілерінің бірі.

2014 жылы Астана қаласындағы №2 музыка мектебі қазақ халық аспаптар ансамблінің жас домбырашылары Қытайдағы халықаралық «Бейжің жұлдыздары» байқауында бірінші орынды иеленді. Халықаралық байқауға Қазақстан, Қытай, Ресей мен Моңғолиядан 40-қа жуық ансамбль қатысқан болатын.

2016 жылы әлемдегі ең ірі интернет дүкендердің бірі «Amazon» «Leadership Perspectives» атты ҚР Президентінің 2012-2015 жылдар арасында сөйлеген сөздерінің ағылшын тілінде жарияланған жинағын сатылымға шығарды.

2019 жылы Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) комиссиясының құрамына тұңғыш рет Қазақстанның алты өкілі енді. Аталған тізім бүкіләлемдік шахмат федерациясының үш жыл сайын өтетін президенттік кеңесінде бекітіледі. FIDE комиссиясының құрамына әлемнің 130 мемлекетінен 224 адам енді. 2019 жылы ақтөбелік дәрігерлер 1 сағат ішінде 4 мыңнан (4270) астам адамның қан қысымын өлшеді. Барлығы 500 дәрігер Гиннестің рекордын ресми түрде жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Үндістанда 2015 жылы тіркелген, онда дәрігерлер бір сағатта 3600 адамның қан қысымын өлшеді.

2019 жылы Египет Араб Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығын ашты.

Дереккөз: https://www.inform.kz

Дүйсенбі, 06 Қаңтар 2020 16:06

Награждение

Искусство получило высокую оценку

 

 

За весомый вклад в развитие изобразительноого искусства Казахстана, художник и архитектор из г.Есика, член союза художников и союза дизайнеров Республики Казахстан, председатель союза дизайнеров Алматинской области Курманказы  Кадиров удостоен высокой правительственной награды – ордена «Құрмет».

Курманказы Кадиров учился в классе академической графики института живописи и архитектуры имени И.Е. Репина, в 1983-85 годах в училище имени В.А.Серова по классу живописи. В 1989 году окончил отделение архитектурного искусства Школы архитектуры и градостроительства в городе Ленинграде. С отличием закончил факультет академической графики и изобразительного искусства Казахского Национального университета имени Абая. Работал ведущим архитектором в отделе архитектуры Енбекшиказахского района, в ТОО “Есик геосаулет”. Лауреат республиканского конкурса лучших архитектурных произведений в 2010-2013 г.г. Создатель первого в Енбекшиказахском районе памятника «Золотому человеку» на месте его захоронения.                         

Работы мастера представляли современное казахское искусство на выставках в Турции, Арабских эмиратах, на международных выставках в Астане и Алматы.  Это синтез живописи и народного прикладного искусства, где графика  и инкрустации из кости и чеканки несут в себе символическое представление о культуре, традициях и  истории Великой степи. Скульптуры, Курмангазы Кайрулаулы, к примеру, «Құда мың жылдық» («Сват на тысячу лет»), воплощают  такие  черты национального характера казахов как гостепримство, постоянство в дружбе, добросердечие и поэтичность  народной души.

В произведениях Курмангазы Кайрулаулы материальная и духовная индивидуальность казахского народа переданы в контексте  технотронной эры. Творческий взгляд на события истории занимает ведущее место в многожанровом творчестве оригинального художника.  Картины и скульптуры   Курмангазы Кайрулаулы – концентрация памяти о многовековом  духовном богатстве казахского искусства, отражение  мировоззрения родного народа, рассказ о его поэзии и музыке, стремлениях и надеждах.

Творчество Курмангазы Кадирова признано новым течением в казахстанском искусстве.

 

 

Казахстанские традиции – дружба и взаимопонимание

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель районного греческого этнокультурного центра “Эноси”, награжден  Золотой медалью Ассамблеи народа Казахстана «Бірлік». Почётный гражданин  Енбекшиказахского района, удостоен медалей  « 20 лет Ассамблее народа Казахстана», «25 лет Независимости Казахстана», грамот и благодарственных писем областного и районного акиматов,   Ассамблеи народа Казахстана.

– Президент РК Касым-Жомарт Токаев поручил разработать и принять Концепцию развития гражданского общества до 2025 года, где будет усилен авторитет неправительственных организаций, в том числе этнокультурных центров и объединений. В Послании Президент делает акцент именно на согласии между различными социальными и этническими группами. Этнокультурный центр греков Енбекшиказахского района  “Эноси” вместе с республиканским и областным  этнокультурными объединениями организует изучение греческой культуры, проведение национальных праздников. На государственных праздниках, днях культуры «Эноси»  представляет искусство, быт, традиции греческого этноса.  ЭКЦ “Эноси” представляет немногочисленную греческую общину в Есике, Каракемерском, Аватском, Байтерекском, Жанашарском, Саймасайском, Байдибекбийском, Шелекском округах. Мы стремимся сохранить своеобразие греческого этноса, на фестивалях, государственных праздниках  стараемся представить музыку, быт, облик греческого народа, хотим, чтобы молодежь имела представление об  исторической родине  – Греции, выезжала на экскурсии, на обучение. Представители греческого ЭКЦ  ежегодно принимают активное участие в днях культуры района г. Талдыкоргане, а также в мероприятиях, проводимых областным  и республиканским греческими обществами. За прошедшее время  диспора самостоятельно или с помощью областного и республиканского греческих центров провела 6 концертов с участием народного артиста Казахстана Лаки Кесоглу, а также художественных коллективов других диаспор  в г. Есике  и   концерт с участием Л. Кесоглу в с.Шелек. По моей инициативе на концерты приглашались военнослужащие части национальной гвардии, расположенной в с.Каракемер. Во всех проводимых мероприятиях как среди выступающих, так и среди зрителей были представители разных национальностей, что мы считаем вкладом по формированию межэтнического и межконфессионального согласия.     

Выполнение основной задачи, поставленной Ассамблеей народа Казахстана  –  дальнейшее формирование  идеологии единства и казахстанского патриотизма. В этом  залог  успешной реализации национальной политики мира и взаимопонимания.        

Мы видим, что этносы Казахстана имеют все возможности для культурного и социально-экономического развития. Взаимопонимание, добрососедство и казахстанский  патриотизм являются основными  инструментами  успешной национальной политики государства. Перед этнокультурными центрами стоит задача пропаганды и изучения казахского языка. Объединяющими ценностями, которые достались нам от прошлого и которые предстоит укрепить в будущем,   являются уважение к государственному языку и государствообразующему казахскому народу. Эти ценности создают общегосударственную  социальную базу, на которой происходит формирование и углубление демократических ценностей,  укрепляется  гражданское общество и консолидация всех казахстанцев.

 

 

 

На благо гражданского общества

Наш коллега, журналист Рашида Рахманова в честь Дня Независимости РК была награждена медалью  «Сахавәт»,   учрежденной Республиканским уйгурским  культурным центром за заслуги в благотворительности, общественной деятельности, просвещении и воспитании.  Награду вручал председатель республиканского уйгурского культурного центра Шахимардан Нурумов.

Рашида Рахманова  из 22 лет журналистского стажа 17 лет проработала в районной газете «Енбекшіқазақ», начинала корреспондентом газеты, работала дизайнером, ответственным секретарем, помощником главного редактора. С 2014  года она  –  корреспондент республиканской социально-политической  газеты «Уйғур авази».

 За это время Рашида Ибраимовна стала лауретом премии «Серебряное перо», учрежденной ТОО «Қазақ газеттері» в состав которого входит «Уйғур авази».  В честь 100-летия  газеты «Уйғур авази» в 2018 году, за вклад в развитие культуры, печати, образования и гражданского общества на благо будущих поколений она получила Благодарственное письмо  Ассамблеи народа Казахстана.

Поздравляем Рашиду Рахманову с новым успехом и желаем ей дальнейшего общественного и профессионального роста!

 

         Коллектив редакции газеты «Еңбекшіқазақ»

Дүйсенбі, 06 Қаңтар 2020 08:54

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1938 жылы Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагеріне (АЛЖИР) әйелдердің алғашқы легі әкелінді. Олардың қолында 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалары да болды. Лагерь қазіргі Астана қаласының оңтүстік-батысында, Төңкеріс (бұрынғы аты - Малиновка) елді мекенінде құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында лагерьде 8 мыңға жуық әйел тұтқында болды. 1950 жылдың басында АЛЖИР таратылып, 1953 жылы толықтай жабылды.

1971 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылды.

2009 жылы «Қазақ медициналық академиясы» АҚ «Астана медициналық университеті» АҚ болып қайта құрылып, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның құрамына кірді.

2010 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына арналған көркем суретті пошта маркасын айналымға шығарды. Төрт бояулы офсеттік баспа әдісімен орындалған марканың номиналы 230 теңге, таралымы 30 мың дана, суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.

2012 жылы Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы «Қайталанбайтын дауыстар» дискілер жинағын шығарды. 28 дисктен құралған бұл жинаққа өңірден шыққан 225 танымал өнер және әдебиет қайраткері, әртістер мен ғалымдардың әндері мен күйлері, сондай-ақ әдеби шығармалары енді. Солардың ішінде Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Асқар Тоқмағамбетов, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұхамеджанов секілді танымал тұлғалар бар.

2012 жылы Екібастұзда Қазақстанның глобусы жасалды. Мүсінші Ғамал Сағиденов осы туындысын Бейбітшілік және Келісім монументі деп атады. Қазақстанның географиялық кескіні глобустың өн бойын түгел алып жатыр әрі онда бейбітшіліктің символы саналатын көгершіндер кескінделген.

2014 жылы Еуропа бизнес ассамблеясы «Астанагорархитектура» ЖШС-не архитектура мен құрылыс саласында жеткен жетістіктері мен сапасы үшін «Best Enterprise» («Үздік мекеме») беделді марапатын тапсырды.

2016 жылы дүниежүзіне танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді белгілі америкалық boxing.com сайты 2015 жылдың үздік боксшысы деп жариялады.

2017 жылы Сирия Араб Республикасының Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Тартус портына Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді. Жүкті тапсыру шарасына Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай қатысты. 33 контейнерге салынған 500 тонна жүктің ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмек болды.

2019 жылы Алматы облысы Талғар ауданында жыл бойы жұмыс істейтін спорттық-отбасылық типтегі «Ойқарағай Лесная сказка» тау-шаӊғы кешені ашылды. Жаз мезгілінде шаӊғы жолдары велосипед тебуге лайықталады. Тау-шаӊғы кешенініӊ жалпы аумағы 85 га. Теӊіз деӊгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдарда сырғанауға арналған 13 километр жолды 40 киломерге жеткізу жоспарланған.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz 

 

Жексенбі, 05 Қаңтар 2020 14:09

Жер Күнге барынша жақындады

Бүгін, 5 қаңтарда Күн мен ғаламшарымыздың ара қашықтығы ең төменгі көрсеткіште, соның нәтижесінде Күннің дискі телескопта шілдеде планеталар бір-бірінен барынша алшақтаған сәттегіден 3% үлкен көрініп тұр. Бұл туралы жексенбі күні Мәскеудегі планетарий қызметкері Людмила Кошман мәлімдеді

«Жексенбі, 5 қаңтарда ғаламшарымыз перигелийде – жылына бір рет қайталанатын Күнге ең жақын нүктесінде болады. Жер ол тұстан қаңтардың басында өтеді, ол 147 млн шақырымды құрайды. Ең алыс нүктесінен – афелийден шілденің басында өтіп, Күннен 152 млн шақырым қашықтықта болады. Күн диаметрі бұрыштық градуспен өлшенеді. Афелий мен перигелийдегі күн дискісінің диаметрі арасындағы айырмашылық көзге көрінбейді, өйткені Күн дискісі жарты жылда біркелкі жүреді. Дегенмен, оларды салыстырар болсақ, күн дискісінің диаметрі қаңтарда 3% үлкен болады», - деп түсіндірді астроном. Сондай-ақ, ол Жердегі жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күннен қашықтығына емес, Жердің өз осін айналуына байланысты екенін еске салады. Планетамыз Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта айналып шығады.



ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram парақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген әлеуметтік саладағы кейбір өзгерістерді түсіндірді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларының лауераттарына, «Батыр ана» атағын алғандарға, І, ІІ-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі табысқа қарамастан 16 973 теңгені құрайды. Мүгедек баланы кәмелет жасына толғанға дейін тәрбиелейтін анаға немесе әкеге, асырап алушыға тағайындалатын және төленетін жәрдемақы көлемі 43 657 теңге болады. Дәл осындай мөлшердегі жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті бағып-қағу үшін төленеді. Сонымен қатар жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандарға, асыраушысынан айырылғандарға және жұмыстан шығып қалғандарға әлеуметтік төлем тағайындау барында қолданылатын параметрлер де өзгеріске ұшырап, төлем орташа есеппен 30 пайызға көбейді. Жұмысынан айрылған, бірақ оған дейін 100 мың теңге көлемінде орташа табысы болған және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан асатын адамдар үшін төлем сомасы 30 мыңнан 41 600 теңгеге дейін ұлғайды. «4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасыға  мемлекеттік жаңа жәрдемақы бөлінеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан сараланған мынадай көлемде беріледі: 4 балаға - 42 496 теңге, 5 балаға - 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан да көп балаға 74 388 теңге.

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсті. Атап айтқанда, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы енді - 26 186 теңге, магистранттардікі - 66 913 теңге, докторанттардікі - 102 498 теңге болды.


Дереккөз:https://www.inform.kz/kz

Тышқан жылы – жыл санағы бойынша жаңа айналымның басы. Осыған сәйкес, 2020 жыл да жаңа бастамалар үшін сәтті болғалы тұр. Өміріңізді жаңа арнаға бұрғыңыз келсе, дамудың жаңа сатысына шығуды қаласаңыз, жаңа кәсіп бастағыңыз келсе – осы жылдың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

 

Дәл 2020 жылы жүзеге асқан бар шаруа алдағы 11 жылға іргетас болмақ. Карьера және кәсіп Болжамшылар сөзіне сенсек, бұл жыл жақсы болғалы тұр. Әсіресе, қызмет, мансап, кәсіп жағынан толағай табысқа, білім алу, тұлғалық даму жағынан мүмкіндіктерге толы. Тышқан жылы барша жаннан белсенді, еңбекқор болуды талап етеді. Бұл жылы өзіңізді баптамай, баққа сеніп отыра беруге болмайды. Жылдың бар тәттісі, жемісі де, жеңісі де тек оған лайық болғандарға, тынбай тірлік еткендерге ғана бұйырады. Бұл жылы мансап баспалдағымен жоғары көтерілгісі келгендерге талмай жұмыс жасауға тура келеді. Қызмет бабындағы негізгі міндеттермен қатар, өзіңізбен, мінез-құлқыңызбен жұмыс жасаңыз. Рухани өсуге талпыныңыз. Қорқынышты жеңіп, тәуекелге бел байлауды, жаңа білім алып, бұрын жасамаған нәрселерді үйренуді қолға алыңыз. Бірақ, алға жылжуым керек деп біреудің жолын кесіп кетуден барынша сақ болыңыз. Оқи отырыңыз: Жұлдызнама бойынша: КҮЙЗЕЛІСпен қалай КҮРЕСУ керек? Қаржы жағы қалай болмақ? Астрологтар осы жылы тез баюдың жолын іздемеуге, дүниеқоңыздыққа салынбауға кеңес береді. Сондай-ақ, қара басының қамын күйттемеу мен біреудің жолын кеспеуді де ерекше атап өтуде. Өйткені, мұндай әрекеттердің жазасы 2020 жылы әдеттегіден әлдеқайда ауыр болмақ екен. Сонымен қатар ақшасын желге шашпай, үнемдеп жұмсай білгендердің несібесі арта түседі. Астрологтар қарыз алмауға, жақсы танымайтын жандарға қарыз бермеуге шақырады. Жеке өмір жайлы не дейді? Бұл жылы көпшілік адамдар мансап пен кәсіпке, қаржылық жағдайға баса мән беріп кеткендіктен, жеке өмір елеусіз қалып кетуі мүмкін. Cалдарынан түсініспеушілік, реніш көп туындайды. Оны болдырмау үшін алдын алу керек. Жақындарыңызға бұрынғыдан да көбірек көңіл мен уақыт бөліңіз. Айналаңыздағы адамның бәріне сый-құрметпен қарап, сынап-мінеуден, тік мінез танытудан, талап қоюдан аулақ болған абзал. Жылдың мезгілдері жайлы ма? Болжамшылар жыл басында біршама қиындықтар болатынын айтуда. Кейбір белгі иелері үшін жылдың бастапқы үш айы нағыз сынақ мерзімі болуы ма ықтимал. Тек төзімді бола білу керек. Сыннан сынбай өткендердің өмірі сәуір-мамыр айларында жақсы жаққа қарай өзгереді. Жаз мезгілі – жылдың ең жайлы, жайбарақат бөлігі болғалы тұр. Жыл басынан бергі төккен тер, атқарылған шаруа, жасалған еңбектің жемісін жаз айларында жейсіз. Жеткен жетістіктің деңгейін айқындап беретін де – осы жаз. Жылдың қалған айларын құрдан-құр өткізгіңіз келмесе, тамыздың соңын ала етек-жеңіңізді жинап, жаңа жоспар құрыңыз да, іске кірісіңіз. Ойға алған тірлікті тындырып тастауға, көздеген мақсаттың межесіне жетуге ең оңтайлы шақ – қыркүйек. Біраздан шешімін таппай тұрған, қордаланып қалған мәселелер болса, оларды қарашаның соңына дейін шешіп тастауға барыңызды салыңыз. 2020 жылы кімдердің жолы болады? Тышқан жылы туғандардың өз белгісі болғандықтан, жайлы да жылы өтеді. Кәсібі өрге домалап, несібесі артып, мансап баспалдағында биіктерге шығады. Отбасылық жағдайы да жаман емес, жақындарының қолдауы мен махаббатына ие. Тек жұлдызшылар ұсақ-түйек үшін күйіп-піспеуге, спортпен айналысуға, өмірге позитивті көзқараспен қарауға шақырады. Осылай еткен жағдайда денсаулыққа төніп тұрған қауіптің алдын аласыз. Сиыр жылы туғандар үшін Тышқан жылы оңайға түспейді. Әйткенмен, басы қатты болса, аяғы тәтті болатынын ұмытпау керек. Жалпы, Сиырлар өзін дамытуды, рухани баюды қолға алса, жыл жемісті болғалы тұр. Барыс жылы дүние есігін ашқандарға да Тышқан жылы қайырымды. Жеке өмір мен қызмет орнында аздаған келіспеушіліктер болуы мүмкін. Қуанышты сәттер де жоқ емес, бар назарды соған салыңыз. Ал кедергілер мен келеңсіздіктерге өмірдің өткінші сынағы деп қараған абзал. Қоян жылы туғандарды бұл жылда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ол жаңа достар, жаңа әуестік, жаңа қызмет не жаңа үй болуы мүмкін. Шекара асуыңыз да ғажап емес. Ойда жүрген жоспарларды жүзеге асыруға оңтайлы жыл. Тек ескі достарды естен шығармай, өзгелердің кеңесіне құлақ түре білсеңіз болғаны. Ұлу жылы туғандар үшін бұл жылы сәттілік пен сәтсіздік кезектесе келгелі тұр. Қандай жағдай болса да салыңызды суға кетірмеңіз. Бәрі де өткінші. Бәрі оңалады. Оған қоса, жаныңыздан қолдау білдіретін жандар қашан да табылады. 2020 жылдан төбеңізді көкке жеткізетін жаңалық күтіңіз. Жылан жылы туғандарға келер жыл қомақты қаржы ағынын ұсынады. Алайда, оңды-солды шашылудан аулақ болыңыз. Тышқан үнемшілдікті ұнатады. Мол табыспен қоса, пайдалы, ықпалды тұлғалармен жаңа таныстықтар да көп болмақ. Жылқы жылы туғандарды 2020 жылы жеке өмірде де, мансап жолында да жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Көптен бергі бір арман – саяхатқа шығудың реті келеді. Қой жылы дүниеге келгендердің қызмет пен кәсіпте тасы өрге домалайды. Алайда, жеке өмірде аздап қиыншылықтар болмай тұрмайды. Бастысы, қандай мәселе болса да өз ішіңізде сақтамай, жанашырлармен бөлісіңіз, көмек сұраңыз. Сонда жеңіл-желпі өтеді де кетеді. Мешін жылы туғандардың жеке өміріне Тышқан жылы біршама есте қаларлықтай жағымды сәттер, жеңіс сыйлағалы тұр. Жаңа таныстықтардың барлығы дерлік жақын достыққа ұласады. Сондай-ақ, қаржылық жағынан да сәттілік күтуде. Тиімді ұсыныстар мен мүмкіндіктерді қалт жібермеңіз. Тауық жылы туғандар да жолы болғыштар мен жеңімпаздар қатарынан табылады. Сәттілік қашанда Тауықтармен бірге. Ұсынылған сыйдан бас тартпаңыз және ойдағы жоспарларды ж.зеге асыруға асығыңыз. Ит жылы туғандарды да өмірдің барлық саласында жағымды жайлар күтіп тұр. Тек өмірді өзгертем деп тыраштанбай, қолда барға қанағат етсе болғаны. Әсіресе, жеке өмірде. Доңыз жылы туғандардың бұл жылы сәттілікке, баққа үміт артуы бекер. Оларға бәрі тек төккен термен келеді. Жетістікке жету үшін жан аямай еңбектену шарт. Дұрыс бағытта батыл да табанды қадамдар жасаса, еңбегі де, үміті де толығымен ақталады.

Дереккөз: http://ernur.kz

1993 жылы «Ұлттық тест орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. ҰТО-ның басты қызметі Қазақстанның білім беру жүйесіне мониторинг жасау және барлық түрдегі сыртқы емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, тест тапсырмаларының базасын құрастыру болып табылады.

1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа бүкіләлемдік мәдени-тарихи құндылықты сақтау туралы бірінші халықаралық келісімнің (Рерих Пакт) ресми түрде бекітілген символы – Әлем байрағы табысталды. «Рерих Пакт» - бүкіләлемдік мәдени-тарихи құндылықты сақтауда орасан зор рөл атқарған маңызды құжат 2006 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасы көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің (1931-1998) «Қазақ киімі» атты кітабын басып шығарды.

2009 жылы республикамызда биометриялық паспорт беру басталды. Жаңа төлқұжаттың соңғы бетінде келесі мәліметтерді қамтитын көзге көрінбейтін электронды чип орнатылған: фамилия, аты, әкесiнiң аты, жынысы, туған жері мен туған күні, азаматтығы, төлқұжаттың нөмiрi, құжаттың берілген күні және пайдалану мерзiмi, жеке идентификациялық нөмiрi, цифрлық фотосуреті және иесінің қолы.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ресми веб-сайттың (www.osce2010.kz) таныстырылымы болды. Сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған.

2012 жылы Алматыда Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына арналған фотоальбом жарық көрді. Алғаш рет оның жанұялық мұрағатынан туыстарымен және демалу кезінде түсірілген фотосуреттері, сонымен қатар Д.А.Қонаев тұрған пәтердің фотосуреттері көрсетілген. Фотоальбом беттерінде көрсетілген ордендер мен марапаттар, шетелдік мемлекет басшыларының сыйлықтары, Д.А.Қонаевтың атыс және суық қару жинағы мен оның бірегей оттық коллекциясы үлкен қызығушылық тудырды.

2017 жылы қазақстандық кинотеатрларда жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша түсірілген «Қазақ елі» жобасының алғашқы бөлімі - «Алмас қылыш» фильмі көрсетіле бастады. Фильм сценарийін жазған - Смағұл Елубай. Режиссері - Рүстем Әбдіраш. Тарихи жобаның авторы - ҚР Президенті Н. Назарбаев. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-ның қатысуымен түсірілген.

2017 жылы The New York Times басылымы 2017 жылы әлемде адамдар баруы тиіс 52 орынды жариялады. Америкалық газеттің нұсқасы бойынша, Қазақстан бұл тізімде 26-шы орында.

2019 жылы Астанада кардиохирургтар жүрекке бірегей ота жасады. Науқас – жүрегінде ақауы бар 74 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Дәрігерлер аортальды клапанды транскатетерлік имплантациялауды және шағын инвазивті аортокоронарлық шунттауды жүргізуді шешкен. Жүрекке жасалатын гибридті отаның бұл түрі медициналық тілде дәл осылай айтылады. Мұндай отаның бар болғаны 7-еуі өткізілген. Қазақстандық кардиохирургтар сегізіншісін жасады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет