Жұма, 24 Мамыр 2019 15:42

Ата өнері – балаға мұра

Қолөнер – сырлы өнер. Онда сан ұрпақтың тыныс-тіршілігі мен қолының табы бар. Байқап қарайтын болсақ, әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік-қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрдің нақтылы көрінісі дерсің. Атадан мұра болған сол өнердің көрнекті өкілі Дәулет Шоқпаровпен кездесу болды жақында аудандық кітапхананың оқу залында. «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбымен өткен шараға мектеп оқушылары қатысып, кішігірім көрмемен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарды қойды.

Сонымен қатар, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғалым-хатшысы Досым Зікірия, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудан әкімі аппаратының рухани жаңғыру жұмысы бойынша мамандары келелі кез-десудің куәсі болды. Темірден түйін түйген қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы жайлы естеліктерімен бөліскен Х.Ахметжанов қазіргі қолөнерге қатысты пікірін де ортаға салды. Кезекті сөз алған кештің құрметті қонағы Дәулет Дәркембайұлы халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылған шара үшін кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, әкесінің өмірбаянына тоқталды. Дәркембай ұстаның бір ғана торсықты біршама уақыт зерттеп, дүние жүзіне паш еткенін жеткізіп, әкесінің әкесі де өз уақытында танымал ұста болғанын тілге тиек етті. Ақши ауылындағы ұста Д.Шоқпарұлы атындағы қолөнер музейінен арнайы көрме үшін әкелген қолөнер бұйымдарын балаларға таныстырып, олардың жасалу ретін түсіндірді Д.Шоқпаров сөз барысында. Сондай-ақ, осы өнерге қызығушылығы бар өрендерге әрдайым есігі ашық екенін, халықтың қазынасы саналатын өнер арқылы елін, жерін, салт-дәстүрін сүюді бойға сіңіретіндерін жеткізді жеткіншектерге. Келген қонақтардың бәрі ойларын ортаға салып, оқушылар әннен шашу шашты. Шара соңында барша қатысқандарға кітаптар сыйға тарту етілді.

 

Алмагүл НҰҒМАН

Кезінде Мұстафа Ататүрік айтқан екен: «Біз бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз» деп. Әлбетте, Жаратқаннан берілген риясыз құдірет тек өнер иесіне тән. Сондықтан талант тарландарын алақанға сап аялау – ел еркелеріне жасалған зор қошемет болмақ. Осы орайда жуырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Амандық Баталов өнер саласы майталмандарының еңбектерін еледі. Ел алдында құрмет-қошеметке бөледі. Арасында біздің де мақтаныштарымыз бар.

Ашылғанына он жылға жуықтаған Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы бүгінде қазақ руханиятының қолтаңбасына айналып келеді. Бабалар өнерін балаға мұра еткен, бар ғұмырын қолөнерге арнаған Дәркембай Шоқпарұлының өмірі мен туындыларын паш ету арқылы әлемге қазақ атын шығарып жүрген мекеме облыс бойынша «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясын жеңіп алды. Облыс әкімі Амандық Баталов мекеме басшысы Дәулет Шоқпаровқа Лада автокөлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыстады. Кейіннен мінберге көтеріліп, ойын білдірген Дәулет Дәркембайұлы:

– Мен атадан балаға мирас болған ұста Дәркембай атындағы мұражайда ашылған күннен істеп келемін. Бүгін сол еңбегіміз еленіп, марапатталудамын. Толқу үстінде тұрғанымды жасырмаймын. Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық сананы жаңғыртуды міндет етті. Осы орайда ұлттық мұрамызды зерделеу, насихаттау, оны ұрпаққа мұра ету жолында тынбай еңбек етіп келемін. Себебі, менің атам да, әкем де, өзім де, ендігі толқын балаларым да ұсталық, зергерлік өнерді меңгерді.

Құрметті, Амандық Ғаббасұлы, шебер де, өнер де қолдаусыз қанат жаймайды. Бүгін біз осынау риясыз қолдауды сезініп отырмыз. Осы орайда әріптестерімнің атынан сіздің қамқорлығыңыз үшін шынайы алғысымызды айтамын, – деді.

Сол  секілді  Есік археологиялық-өлкетану мұражайы «Үздік музей» номинациясын жеңіп алды. Марапатты облыс басшысы аталмыш мекеме директоры Нарима Тойжановаға табыстады. Ал Ават мәдениет үйінің қызметкері Долкунжан Розахунов «Үздік мәдениет қызметкері» деп танылды. Номинанттарға арнайы дипломмен қоса 100 мың теңге сертификаттар тапсырылды. Ал кітапханашы Галина Свининникова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрінің Алғыс хатын алды.

Қазақ өнерінің абыройын асқақтатып, мәдени құндылықтарына қолтаңбасын қалдырып жүрген жеңімпаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Еңбекшіқазақ».

Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, олардың  өмір жолымен  жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру  және  ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында маңызы зор кездесу кеші өтті.

Ардагер ұстаздар ең алдымен мектепте орналасқан Кеңес одағының батыры Ж.Қайыповқа арналған мұражайды араласа, келесі кезекте өз пәндері бойынша жеткіншектерге ашық сабақтар өткізді, одан әрі кеш оқушылардың көңілді концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ансамбль жетекшісі Азат Бақасов бастаған өнерлі оқушылар халық күйімен кеш шымылдығын түрді. Мектеп директоры Шарапат Орынбаева: «Бүгінгі күніме мен осы ұстаздарымның арқасында жеттім. Өзімді ұстаз алдында әрдайым шәкірт сезінемін. Осы мектепті 1981 жылы бітіріп шыққан едік. Енді өзім ұшқан ұямда білім берудемін. Бүгінгі бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ұстаздар сіздерге зор денсаулық, ата мен әже болып аман сау жүре берулеріңізге тілестеспін», – деген шәкірттік алғысын жеткізсе,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Тәліпжан  Естемесов: «Құрметті ардагерлер, алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде Қаныша апайымыз қарсы алып еді. Ол кезде бала шәкірт болсақ, қазіргі күні әріптеспіз. Осы елу жылдан астам уақытта  қызмет еткен  ұстаздар аттарын атай кетейін. Олар мектебіміздің тұңғыш директоры Ахметжан Кегенбаев, Леонид Борецкий, Хайролла Ғизатов, Раиса Попова, Құсайын Тюпеев, Людмила Фомина және  тағы басқа да көптеген адамдар қызмет еткен екен. Бұл есімдерді атаудағы мақсатымыз бүгінгі жастарға, жас мұғалімдер біле жүрсін деген ойымыз. Келешекте осы дәстүр жалғасын тауып үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді. Осы кездесуге келгендеріңізге рақмет айтамыз, біз сіздермен мақтанамыз!», – деп ардагер ұстаздарға сыйлықтарын табыс етті. Сонымен бірге, келместің кемесіне мініп, арадан  мәңгілікке аттанған аяулы ұстаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды мектеп ұжымы. Ғалым да, шахтер да бас иген аяулы ұстаздар қандай қошемет, құрметке лайық. Бүгін білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі жас маман – болашақ ұлттың ұстазы болары даусыз. Ертең олар да осы аға-апаларындай ұрпаққа саналы тәрбие мен мағыналы білім беретін ұстаз болары сөзсіз. Сонау 1965 жылдан бері осы мектепте қызмет еткен ұстаздар өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, жастық шақтарын еске алып бір марқайып қалды. Мектепте қырық жылға жуық еңбек етіп құрметті зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаз Раиса Соколова өз сөзінде: «Мұндай кеш бұл мектептің тарихында, тіпті ауданда болмаған. Сондықтан да барша ұстаздар мен ұйымдастырушыларға зор алғысымды жеткіземін.  Бүгін өзіміз қызмет еткен білім ордасына келіп, сонау жылдардағы жүріп өткен жолдарымыз көзден кино ленталарындай сырғып өтіп жатыр. Біз қанша жасадық дегенмен, біздің де білмейтініміз бар. Қазіргі заманда жаңа жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан жеткіншектерге болашақта зор табыс тілеймін. Сендердің замандарың цифрлы заман. Көптеген мүмкіндіктерге жол ашылуда. Сондықтан да, тек  шабыт, жас ұстаздарға толайым табыс тілеймін», – деді. Гүлзи Садырова мен Қаныша Молдахметова тағы басқа да ұстаздар қауымы өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Сырға толы мағыналы кештен алар үлгі, мағына жетерлік. «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым», – деп Александар Македонский айтпақшы, ұлағат иелерінің кездесуі пікір алмасумен жалғасты.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА,

Қазақстан ауылы.

Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:52

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі  жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар.

«Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған көрмеден анық байқадық. Іскерлік, икемділік қабілеттерінің арқасында өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынған өнерлі өрендер ұстаздарының еңбегін ақтады. Шебер сыныптарда тігін бұйымдарымен киім тігу, терме бау тоқу, трикотажды жіптен дорба тоқу көрсетілсе, көркем жобалар осы семинарда көздің жауын алды.

 Алмагүл НҰҒМАН.

Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:04

«Әдемі-айдың» әдемі жеңісі

Елдіктің ерен жеңісі, Тәуелсіздіктің жемісі болған Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында «Street dance battle» жастар арасында би байқауы өтті жақында. Аудан орталығындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында жалауы желбіреген шараға 9 команда қатысты. Арасында Талғар ауданынан да үміткерлер бар.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Есік қаласы әкімі аппараты, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді:

– Астана – ұлтымызды ұлы істерге ұйыстырар саяси сахнамыз. Шындығында, Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Көрмені қойып, әлемнің назарын өзімізге бұрғыздық. Бүгінге бас қаламызда өтіп жатқан көрмеге құрлық көз тігіп, қызыға да қызғана қарап жатқаны ақиқат. Осындай ғасырға бергісіз Егемендігіміздің 26 жылдығындағы ерен еңбек ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады, – деді.

Әр топ заманауи би байқауын барынша көрсеткісі келді сахнада. Алайда, хореографтар Ақбота Нұрақын мен Аида Ибрагимова және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, «Улыбка» би тобының түлегі Гаухар Абиырқызы кеткен кемшіліктерді ашып айтты.

Екі сағатқа созылған би жарысының қорытынды-сында орталық жетекшісі Айбек Ілебай және Жаңаберген Мұхамедов жеңімпаздарды салтанатты жағдайда марапаттады. Нәтижесінде есіктік «Көркем-ай» би тобы үшінші орынға табан тіреп, арнайы диплом мен музыкалық аппарат табыс етілді. Ал екінші орынға қаракемерлік «Гучи-лучший» би тобы, үздік бірінші орынға бәйдібекбилік «Әдемі-ай» тобы ие болды. Жеңімпаздар диплом мен түрлі-түсті теледидарға ие болды.

Байқау жастар би кешіне ұласты.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 15:43

Театр – өмір айнасы

    Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылы өзіндік тарихы бар киелі мекен. Бүгінде Қаракемер ауылында Мәдениет үйінің ішінен ашылған «Қаракемер балалар театры» жұмыс істеуде. Ашылғанына азғана уақыт болса да көрнекті ойындарымен, мағыналы көріністерімен көрерменнің көзайымына айналып отыр.

Театрымыздың негізін қалаушы ақыл-кеңесімен де, балаларға шынайы ниетімен де, актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретіп, балаларды өнер әлеміне қызықтыра жетелеген белгілі режиссер әрі актер Асқар Наймантаев ағамыз. Бүгінде театрымыз арнайы мамандармен толықтырылған.

Театр директоры өнер академиясының түлегі Жарқын Барақбаев болса, режиссері осы өнер ордасынан шыққан жас сценарист Әлішер Кубенкулов. Сондай-ақ, театрымыздың суретшісі Сымбат академиясының дизайнерлік бөлімін тәмамдаған Әйгерім Сүндетбаева. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, театрымыз 2017 жылдың желтоқсан айында тағы да бір жаңа туындымен толықты. Мейіржан Әлібектің «Алдар Көсенің сиқырлы дүрбісі» атты қызықты ертегі балалар әлеміне жол тартты.

Қоюшы режиссер Жарқын Барақбаев театр қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлерін бірлестіре отырып, әдемі спектакльдің өмірге келуіне себепші болды. Спектакль заманауи үлгіде жаңашаландырылды. Өзіміздің санамызға сіңген Алдар Көсе, бай мен кедей кейіпкерлерімен қоса, Өрмекші адам мен Макуйннің образдары балаларды қызықтыра түсті десек артық айтқандық емес. Әр қойылым сайын балалардың кейіпкерлермен бірге өмір сүріп отырғанын байқауға болады. Актерлермен бірге күліп, әрекетке қосыла жандары ашып айқайлап, неше түрлі құбылысқа еніп отырған балаларды көргенде әртістердің шабытына шабыт қосылары хақ.

Бүгінде Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және де Астанамыздың жиырма жылдық мерей тойына орай, Каракемер балалар театры мен мәдениет үйінің қызметкерлері аудан мен ауылдарымызды аралап, жиырма мәдениет ошағымыздың сахнасында өз өнерлерін көрсетпекші. Ондағы мақсатымыз балаларға рухани шығармашылық көңіл-күй сыйлап, саф өнердің құндылығын дәріптеу. Тағы бір айта кетерлік жайт – театрымыз Қырбалтабай ауылы мен Бәйдібек би ауылының мәдениет үйінде өнер корсетіп халықтың сүйіспеншілігіне боленіп қайтты. Олай болса өнерпаздарымызға ақ жол тілейік!

 

                                                                  Әсел Салық,

                                 Қаракемер мәдениет үйінің қызметкері.

Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:08

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді.

Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді дамыту мақсатына кеңейтілген дөңгелек үстел де өткізген-тін. Енді міне, ауданымызда алғаш рет көнерген ұлт аспаптарын насихаттау мақсатында «Үні кетпес құлақтан» атты ұранмен байқаудың бастамашысы боп отыр. Сонымен аудан бойынша көнерген аспаптарда ойнау номинациясына 10-ға жуық үміткер қатысты. Сазсырнай, тастұяқ, асатаяқ, домбыра, шертер аспаптарының дау-сын естіген көпшілік қошеметін де аяған жоқ. Шертер аспабында ойнаған қайназарлық Арайлым Макетаева Раздықтың күйі «Аңшының зары» арқылы талайды тәнті етті. Ал  екі бірдей аспапта өнер көрсеткен Қарақат Әсет тайтұяқтың сүйемелдеуімен ән де орындап берді. Әрі ойнап жатқан аспаптарының тарихымен де таныстырды. Нәтижесінде, әділ-қазылар алқасының шешімімен кіші топ яғни 15 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында бірінші орынды түргендік М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушысы Дана Алтынбек, екінші орынды Қарақат Әсет иеленсе, космостық Фуат пен Карина (І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 2 сынып оқушылары) үштікті қорытты. Ал үлкен топта (15-25 жас аралығы) қаракемерлік «Кемер сазы» үшінші, Космос ауылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушылары Мирас пен Ілияс екінші, қайназарлық Арайлым Макетаева бірінші орынды жеңіп алды.

Ал би байқауына үлкен және кіші топтан 26 үміткер қатысты. Алайда, арнайы үйрететін мамандардың (хореограф) болмауынан көптеген кемшіліктер орын алды. Дегенмен Рахат округіне қарасты «Бахар»,  түргендік «Әдемі-ай» би топтары кәсіби шеберліктерін көрсете алды. Нәтижесінде жүзден жүйрік шыққан кіші топта Жаңашар оркугінің бүлдіршіндері үшінші, қайназарлық «Бахар» би тобы екінші, түргендік «Әдемі-ай» тобы бірінші орынды қанжығалады. Ал, сәйкесінше  «Бахардың» үлкен тобы 15 жас-тан жоғары жасөспірімдер арасында біріншілікті иеленсе, «Қаражорға» биімен талайды тәнті еткен Нүрия Сәрсенәлі екінші орынға табан тіреді. «Бүркіт» образын би арқылы жоғары дәрежеде сомдаған жаңашарлық «Іңкәр» тобы үздік үшіншілікті қорытты.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 22:10

Көрме өтті

Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

 

Легендарный оперный певец и дирижер Пласидо Доминго посетил ЭКСПО-2017. Короля оперы и его семью поприветствовал сам глава национальной компании Ахметжан Есимов, после чего мегазвезда направилась на гольфкаре к главному павильону ЭКСПО – «Нур-Алем». Первым делом звезда мировой величины расписалась в книге почетных гостей и написала свои пожелания.

«Какой впечатляющий, изумительный и волшебный павильон! Выставка запомнится, как одна из величайших в истории ЭКСПО! Поздравляю!», – написал маэстро.

Сразу же после этого золотой голос Испании зашел в юрту, где ему показали энергию четырех стихий. Там же ему продемонстрировали волшебное звучание кобыза. Напомним, что в столицу Казахстана Пласидо Доминго прибыл со всей своей семьей. Под впечатлением остались не только маэстро, но и его внуки.

«Я потрясен у меня нет никаких слов. Я хочу поздравить вас с такой великолепной выставкой ЭКСПО. В течение все моей жизни я посещал много разных выставок, в том числе и ЭКСПО. Выступал, как артист, певец, организовывал культурные мероприятия. Все они были большими событиями в культурной жизни человечества, но эта выставка она больше чем просто выставка. Такое ощущение, что мы попали на другую, более совершенную планету. Это торжество науки будущего», – отметил мегазвезда.

Король оперы также отметил масштабное развитие столицы. Отметим, что это не первый визит маэстро. В Астану Пласидо Доминго приезжал еще в 2009 году.

«То, насколько развился город за это время, просто не поддается никакому описанию. То, каким стал город сейчас и то, каким он был тогда, это просто великолепно. Я уверен, что у Астаны будет прекрасное будущее», – заключил Пласидо Доминго.

Выходя из казахстанского павильона, маэстро и его внук загадали желание и кинули монету в воду. Следующим пунктом остановки по маршруту «ЭКСПО-2017» стали павильоны Австрии, Испании, а также Германии. Напомним, что король оперы прибыл в столицу Казахстана 23 июля для проведения самого престижного в мире конкурса вокалистов. Путешествие Пласидо Доминго в Астану продлится до 4-го августа.

 

Департамент по связям с общественностью.

Сенбі, 29 Шілде 2017 01:14

Талант тас жарады...

Адамның рухани байлығы мәдениет болса, мәдениет үйі сол байлықтың кені. Нұра ауылының мәдениет үйінде өнердің өзегі саналатын өлең сайысына жан-жақты дайындық жасап, қонақтарын қошеметпен қарсы алды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бо-йынша «Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер одағы» қоғамдық қорының қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Сөгеті ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Елбасы және Астана» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
31 жыл мәдениет үйін басқарып жүрген тәжірибелі директор Дәулет Тұрғанбаев бастап, осы өнер ошағында біте қайнасқан кітапхана, музей қызметкерлері қостап, бұл шараға тыңғылықты дайындалыпты. Қазақы нақыштағы ою-өрнекпен әшекейленген сахна төріне жыр сайысының тақырыбы ілініп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» және «Өнегелі өнер» деген тақырыпқа сай кітаптар көрмесі қойылды. Келген қонақтар мен жас ақындар осы кеңшардың алғашқы қазығын қағып, 30 жыл басқарған директор Сағыныш Еспергеновтың музейін аралап, көрмедегі кітаптармен танысты.
Ауылдық кітапхана қызметкері Клара Есімова жас ақындарды таныстырып, шараны жүргізді. Өзін таныстыру, төл туындысын жатқа оқу кезең-дерінен тұратын мүшәйраға 6 округтен – Тес-кенсудан Еркежан Әбілтай мен Дінмұхаммед Бекболатұлы, Қаракемерден Жадыра Конгирбаева, Қырбалтабайдан Гүлзира Бақыт, Қаратұрықтан Нұрлан Әбдінұр, Сөгетіден Бағжан Әлпия мен Мұхит Жомартов, Шелектен Думан Иманбаев, барлығы 8 қатысушы қатысып, бақ сынасты. Та-қырыпты жан-жақты ашатын жыр мазмұнына ерекше көңіл бөлінді. Әрі сахнада өзін ұстауы, талапқа сай киімі, мәнерлеп оқуы – бәрін әділ-қазылар мүшелері: қоғамдық қор төрайымы Роза Омарқызы, аудандық жастар ресурстық орталығы-ның бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай мен аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің өңірлік тілшісі назарда ұстады. Жарыс кезеңдерінің арасында мәдениет үйінің қызметкерлері – көркемдік жетекші Жайырбек Құрамаев, директор Дәулет Тұрғанбаев патриоттық рухтағы әндерді асқақтата орындады.
Нәтижесінде, тескенсулық ең жас талант иесі Дінмұхаммед Бекболатұлы оза шауып, көш бастаса, сөгетілік Мұхит Жомартов пен қаракемерлік Жадыра Конгирбаеваның жиған балы тең түсіп, қосымша «Ауылым» деген тақырыпта бір-екі шумақ өлең құрап оқу тапсырылды. Жадыра біраз дайындалуға рұқсат сұраса, Мұхит бірден шумақ құрап:
Алтын бесік – ауылым сені еледім,
Кіндік қаным тамған жерім сен едің.
Ес білгелі өзіңде өсіп, еркелеп,
Ер жеткіздің, бақытқа мені бөледің.
Сөгетімді құрметке бөлеп келемін,
Шабытыма арқау болған өлеңім, – деп өлең өнеріне төселген талант иесі екенін танытты. Жадыра да Қаракемер туралы бір шумақ өлең құрастырып, үшінші орынды иеленді. Оза шапқан үш талапкерге диплом, бағалы сыйлық, қалғандарына алғыс хат табыс етіліп, естелікке суретке түсті. Талант таудың басында тасты жарып шығатын еңлік гүл сияқты, бәлкім келешекте музаның аламанында топ жарып шығатындар да бар шығар осы таланттардың ішінде. Лайым, солай болғай!

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет