Дүйсенбі, 29 Шілде 2019 17:11

Ескерткіштер ескерусіз қалмайды

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданында жалпы саны 386 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде 284 ескерткіш археологиялық, 102 ескерткіш архитектуралық ескерткіштер бар.

Биылғы жылы ескерткіштерді қорғау мен сақтаудың тиімділігін артыру мақсатында  Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығымен бірлесе отырып аудан бойынша барлық ескерткіштерге бақылау-барлау жұмыстары жүргізілуде. Яғни, ауданымызда орналасқан ең көне ескерткіштерден бастап соңғы жылдары жаңа салынып мәдени мұраларымыздың қатарына енген барлық қала және сәулет ескерткіштері, археологиялық ескерткіштердің орналасу орындары мен бүлінбей сақталуы барлығы дерлік қайта сүзгіден өткізіліп, мемлекеттік тізімге ілікпей қалған мәдени мұраларымыз комиссия шешімімен арнайы мемлекеттік тізімге алынатын болады. Қазіргі кезде 34 архитектуралық ескерткіш, Шелек ауылындағы тарихи-өлкетану музейі, 200 археологиялық ескерткіш мемлекеттік тізіміне алынған болса, қалған 84 археологиялық ескерткіш алдын-ала тізімде тұр. Былтырғы жылы мемлекеттік тізімге ұсынылмай қалған 68 архитектуралық ескерткішке жергілікті қала және ауылдық округ әкімдерімен төлқұжаттары жасалынып, облыстық комиссияға ұсынылған болатын. Алдағы уақытта барлау нәтижесі негізінде ұсынылған ескерткіштердің жай-күйі нақтыланып, мемлекет қорғауына алынуы тиіс ескерткіштер қайта іріктелінетін болады. Қазіргі уақытта Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қала құрылысы ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Серік Оңғарбаев мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау бөлімінің меңгерушісі Жандос Адамжанов бастаған топ ауданымыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарымен бірлесе отырып, ескерткіштер орналасқан барлық елді-мекендерді қала және ауылдық округтің ескерткіштерге жауапты мамандарымен аралап, сараптама жүргізу үстінде. Барлау барысында анықталған жаңадан табылған археологиялық мұралар есепке алынып, оларды жоюдан, бүлінуден қорғау мақсатында кешенді түрде іс-шараларды жүргізу қолға алынатын болады. 

Балауса Шарғынова,

                                                                  мәдениет және тілдерді дамыту

                                                                  бөлімінің бас маманы.

Жұма, 26 Шілде 2019 10:06

Тас мүсіндер тәлімі

«Қыран бүркіт не алмайды күтсе баптап..» Абайдың осы жолдары еске түседі мына суреттегі бір қанаты жартысына дейін сынған, «бүркіт тұмсық» деп қыр мұрынды азаматтардың теңейтін қазақтың жүйрік ат, алғыр тазыдан кейінгі қолқанаты бүркіттің бүгінгі тас мүсіндегі болса да мүсәпірлік кейпі. Көп жылдардан бері тұр Алматы – Талдықорған автобанының Қапшағай су қоймасының гидроэлектростансаға түсер жеріндегі жарқабақта. «Жаралы» бүркіттің мүсіні. Жалпы жол бойындағы тас мүсіндер өнер туындылығы жағынан жолаушыларға эстетикалық әсер етумен қатар аумақтың жануарлар әлемінен де ақпарат беріп отырады. Бұл тұрғыда оңтүстік мегаполисті Талдықорғанмен жалғастыратын автобан бойында ілбіс, арқар дегендей Жетісу жануарларының мүсіндері көз тартады.

Мына екінші суреттегі еліктің құлағы мен мүйізін ғана алып қоймай түз тағысы қасқыр ішін жарып, ішек қарнын да жерге түсіргенге ұқсайды. Бұл мүсін енді солтүстік өңірдегі Көкшетау – Қостанай тас жолының бойында «мүсәпірлік» күй кешуде.

Ал Көкшетау – Нұр-Сұлтан тас жолының бойындағы мүсіндер әдебиет-өнер саласындағы тарихи тұлғаларға көп назар аударылғанын айғайлап айтып тұр десе де болады.

Көкшеден шыға берісте аты аңызға айналған Ақан серінің әйгілі Құлагері тұр аспанға қарап арқырай кісінеп...

Ат үстіндегі Ақан сері бейнесі, Үкілі Ыбырай мен батыр тұлғалы балуан бабамыз Балуан Шолақ тұлғасы да еріксізден өзіне назар аударады. Ал белгілі жазушы атбегі Сәдібек Түгелдің Елорда шекарасына орнатқан қанатты тұлпар Құлагер кешені кәдімгідей ат басын тіреп, көп мағлұмат алатын ат айдаушылардың да (автожолаушыларды айтам) бір мезет дамылдап тыныстайтын тірегіне айналған.

 

Тас мүсіндер, скульптура, бюсттер, ескерткіштер туралы толғау тақырыптар жалғасады. Дей тұра оқырман-көрермендерге өз ұсыныстарын, фото, сурет туындыларын жіберіп тұруды ұсынамыз mezet.kz мекен-жайларына.

Х.АХМЕТЖАНОВ

Есік – Қапшағай – Балқаш – Қарағанды – Нұр-Сұлтан – Көкшетау

Бейсенбі, 06 Маусым 2019 10:16

Қайта жаңғырған ескерткіш

«Өлі разы болмай, тірі байымайды». Осынау бағзы заманнан бойымызға сіңген өсиет өткеніміз бен бүгініміздің арасын байланыстырып, адами бітім-болмысымыздың іргетасына айналды. Себебі, бабаларының есімін ұлықтаған, өнегесін ұмытпаған елміз. Бұған тағы да дәлелді жақында көрдік. Қаратұрықтықтар жиылып, ырыс-ынтымағы бір арнаға құйылып, 25 млн теңгеге соқыр саясаттың құрбандарына арналған ескерткішті абаттандырды.

Аталмыш ескерткіш 1993 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналып бой көтерген. Содан бері іргесі сөгіліп, ұсқыны кеткен-тін. Ауыл тұрғыны Айнисам Вайденова бас болып, аудан әкімдігі қолдаған ескерткіш жуырда ашылды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов арнайы қатысып, салтанатты сөз сөйледі. «Ынтымақ жүрген жерде іс бітеді. Бүгін міне, осынау игіліктің куәгері болып отырғанымыздың өзі берекенің жемісі. Біз – бір елміз. Мақсатымыз ортақ, мүддеміз бір. Кеше ғана қуғын-сүргінге ұшыраған бабаларымыздың да арманы осы болды: еркін күнде тыныстау. Ендеше, осынау қасиетімізді бағалайық» – деді. Ізгі ойларымен ауыл ақсақалдары И.Насыров, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Ә.Нұрманов, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Е.Сұлтанғазиев, Қазақстан ұйғырлары ұлттық ассоциациясының төрағасы Х.Маметов бөлісті. Кейіннен жиылған көпшілік ескерткіш-мемориалдың лентасын бірге қиды. Естелік суретке түсіп, боздақтарға арнайы құран бағыштады.

Айта кетейік, 0,8 гектар аумақты алып жатқан ескерткіштің айналасы да толық абаттандырылып, қоршалған. Ағаштар отырғызылып, құран бағыштаймын деген азаматтарға толық жағдай жасалған. Сәулетшісі – Бахрам Глаудинов, мүсінші – Рустам Шамахунов.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Бейсенбі, 06 Маусым 2019 10:11

Арыстар аты ұмытылмайды

Жазықсыз жаны қиылған жандарды еске алу мақсатында Талғар ауданының Жаңалық ауылына елі мен жері үшін, ұлт үшін құрбан болған Алаш арыстарының арман-мақсатынан сыр шертер қаралы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Ләззат Тұрлашов пен Ақан Әбдуәлиев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сатбаев,  саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты.

Жиырмасыншы ғасыр Қазақ елі үшін қиын-қыстау кезең болды. 1929 жылдан 1953 жылға дейін Қазақ елінде мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшыраған.  Оның арасында алаш арыстары Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды халқымыздың қамын ойлаған, зиялы қауым өкілдері де бар. Халқымызды қырғынға ұшыратқан қаралы жылдары 25 мың қазақ зардап шексе, оның 4 жарым мыңы осы Жаңалық ауылында жерленгені жайлы деректер бар.

Жиынды ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов:

- Қазақ халқы түрлі «тар жол, тайғақ кешуден» өтіп, қасіретті жылдарды артқа тастаған тарихы тереңге бойлаған қасиетті халық. Өткеннің өкініштерін еске алсақ, Бірінші дүниежүзілік соғыс зардабы, 1917 жылы болған Қазан революциясы, азамат соғысы, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы салдарынан алапат демографиялық шығынға ұшырады. Бүгін еске алып отырған саясат, мәдениет қайраткерлері, ғалым, жазушылар, қазақ зиялылары сол зұлмат заманда жазықсыз өлім құшқаны Қазақстан болашағына көп зиянын тигізді. Өткен жылы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында саяси қуғын сүргін құрбаны болған осы жерде жерленген 4 мыңнан аса боздақтарға арналған музей ашылды. Тарихи ошақта ұлт қайраткерлері туралы материалдар қойылып, есімдері тасқа ойылып жазылды. Біздің халқымыз жазықсыз жапа шеккен қайраткерлерді, олардың рухтарын құрметтеуді ешқашан естен шығармайды, мәңгілік есінде сақтайды, – деді өз сөзінде.

Келесі сөз кезегін алған республикалық «Әділет» қоғамы бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов:

- Біз бүгін ұлттық тарихымыздағы ең бір қасіретті оқиғалардың тағдырын, бүгіні мен ертеңін айтуға жиналып отырмыз. Қазақ қазақ болғалы екі ұлы апатты басынан өткерді. Бірі – Ақтабан шұбырынды, екіншісі – ХХ ғасырда 70 жылға созылған қыспақ, зорлық-зомбылық, әділетсіздік. Соның ішінде қиянаты ешқашан ұмытылмайтын ашаршылық пен халқымыздың қаймағының атылып, асылып, жойылғаны, - деп бұл тарихи кезеңдердің ел есінен ешқашан кетпейтіндігін, тарихтан өшпейтіндігін айтты.

Алашорда үкіметінің мүшесі Садық Аманжоловтың немересі Шолпан Аманжолова, Ұзақбай Құлымбетовтің қызы Орынша Құлымбетова, Мұхаметжан Тынышпаевтың баласы Дәулет Тынышпаев әкелерінің асыл қасиеттерін, қанды қырғында көрген қасіреттерін баяндап берді жұртшылыққа. Осы әулеттің немересі Нұрсәлім қажы облыс әкімшілігіне алғыс білдіріп, М.Тынышпаевтың 140 жылдығына арналған медальдарды табыс етті.

Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа жеккен құрбандар рухына Талғар ауданының бас имамы Мұсабек Тағанұлы құран бағыштады. Жиын соңынан жиналған қауымға арнайы ас берілді.

Жансая ЫСҚАҚ

Сұрапыл соғыс жолдарында ерліктің отын маздатып, қайтпас қайсарлықпен бүгінгі ұрпақтарына Жеңіс сыйлаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне Қаракемер кәсіптік колледжінде «Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы» тақырыбында мерекелік концерт өтті.

Шара барысында колледж басшылығы мен округ әкімдігінің өкілдері жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Соғыстың ащы дәмін татып, майдан үшін еңбек еткен тыл ардагерлері сөз сөйлеп, жастарды бейбіт күнді қадірлеуге шақырды. Бір минут үнсіздікпен батырларды еске алып, сахнада орналасқан мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік концертте ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Ерқуат Оңашхан қазақтың қара домбырасымен Қаракемерден шыққан қос батыр Қашаған Жаманқараев пен Рақымжан Тоқатаевқа арналған «Қос батыр» әнін орындады. Ұлан Қали Есенқұл Жақыпбектің сөзіне жазылған «Біздің елдің жігіттері» әнімен жастарды жігерлендірді. Колледж студенттері де ән салып, би биледі. Ерлік тақырыбында өлеңдер оқып, көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

 

С.НҰРАДИН.

***        ***        ***

Жеңіс күніне орай Ақши ауылында мерекелік іс-шара өтті. Соғыс ардагерлерінің  есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, Бөлек батыр атындағы орта мектебінің оқушылары әскери саптық шеру өткізді.

Мектеп ұтаздары мен оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдстырып, патриоттық әндер шырқалды. «Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін сіздерге мың тағзым!» – деп округ әкімі С.Айтбаев жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагер аталарымызды ел есінде болсын деп ІІМ ұсынысымен арнайы есімдері жазылған тақтайшалармен және медальдармен марапаттады.

А.Асқарова,

Жастар ісі-жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.

***        ***        ***

Тескенсу ауылдық округінде «Қан кешкен майдангер» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталмыш жиынға 200-ден аса адам қатысты. Қазақстан Республикасының Гимнімен басталған шарада Тес-кенсу ауылдық округінің әкімі Бауыржан Доғаловқа және соғыс ардагерлерінің ұрпақтарына сөз берілді. Жамбыл атындағы, Толқын, Көлді мектептерінің оқушыларының арнайы дайындаған соғыс жылдарындағы патриоттық әндері айтылып, 10-11-ші сынып оқушыларының әскери шеруле-рі көрсетіліп, рейхстагқа ту тіккен батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаевтың соғыс кезеңінен қысқаша көрініс көрсетіліп, ардагерлерді еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды. Округтің бас имамы Серік Сатов соғыста және соғыстан аман оралып елімізде көз жұмған ардагерлерімізге құран бағыштап, ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды. Батыр бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмыт болған емес және жас ұрпаққа үлгі мен рух беретіні мәлім.

Жәнібек Болғамбай,

 Тескенсу ауылдық округінің

 жастар ісі жөніндегі 

әдіскер-нұсқаушысы.

Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 11:48

Жеңіске бір ай қалған еді

 

«Өмірдің әрбір сәті таңғажайып» деп аударып едім еркіндеу түрде неміс классигі Гетенің «Остановись мгновенье – ты прекрасно» деген орысшаланған жолдарын. Мына суреттегі 20-25-тегі жас жігіттердің көңілді күйінен бірден ажыратуға болады соғыстың қай кезінде түсірілген фотосурет екенін. «Восточная Пруссия, г.Кёнигсберг, март 1945 г.» деген жазудан-ақ сұрапыл соғыстың аяқталуы да жақын екенін, қан майданнан аман өтіп, елдеріне оралғалы тұрған жауынгерлердің көңіл-күйін қалай ғана әдемі кадрмен жеткізген десеңші фотосуретші. Гимнастеркаларына гвардиялық белгі, медаль таққан алты жауынгердің алдыңғы қатардағы сол жағындағы жас қазақ ауданымыздың Талдыбұлақ ауылының азаматы Шоман Иманбаев соғыстан аман оралып, еңбек етті, отбасын құрып, балалы-шағалы болды. Немере сүю бақытына кенелді. Ұрпақтарының алдында бақилыққа аттанды. Ал ұлы Төлеген Шоманұлы осыдан бірнеше жыл бұрын Талдыбұлақ ауы-лына соғыс ардагерлеріне, оралмаған боздақтарға арнап ескерткіш қойды.

Осы суреттегі Шоман Иманбаев «Біз де жас болғанбыз. Қолға қару алып, елімізді жарақты жау-дан қорғап қалғанбыз. Бейбіт өмірді сақтаңдар!» деп тұрғандай ұрпақтарына.

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 11:37

Ерлікке тағзым

Ананы баласынан, баланы әкесінен, ер азаматты ет жақынынан айырған сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске 74 жыл толды. Бұл Жеңіс – қан майданда Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлердің, майдан үшін аянбай тер төгіп, жеңісті бір қадам жақындату үшін тылда еңбек еткен аналарымыз бен соғыс балаларының жеңісі. Бұл – фашизмге қарсы тұрған қазақ халқының жеңісі. Арада 74 жыл өтсе де, алапат соғыстың зардабы мен ұрыс алаңындағы аталарымыздың қайсарлығы еш ұмытылған емес. Осы ерлікті ұрпаққа үлгі ету мақсатында, 9 мамыр – Жеңіс күнінде Есік қаласындағы ҰОС боздақтары мен ардагерелеріне  арналған ескерткіш маңында мерекелік шара өтті.

Жылдағы дәстүр бойын-ша соғыста қаза болған боздақтардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батырлардың портретін ұстаған жақындары ескерткішке тағзым жасады, бір сәттік үнсіздікпен еске алды.

Мереке басында ортаға салтанатты түрде ҚР Туы енгізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды. Ауданымыздың өнерпазы Алмас Мухаметәлиев жарты ғасыр бойы Ұлы Жеңістің әнұранына айналған «День Победы» әнін шырқап, жиылған көпшіліктің көзіне жас үйірді.

Мерекелік жиында сөз алып, қала тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығын жеткізді:

– «Арыстанның белгісі – артына қарап ақырмайды. Нар түйенің белгісі – қабырғасын сөксе де бақырмайды. Нағыз туған асыл ер, қанша қасірет көрсе де, қайғыланып аһ ұрмайды» – деген Қанжығалы Бөгенбай батырдың сөзі соғыс даласында иығына ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанған, оқ болып атылған, ұрыс даласынан қайтпаған боздақтарды, арын – байрақ, намысын – найза еткен, сіз бен бізге бейбіт аспан астында бірлігі бекем елде өмір сүруге мүмкіндік берген қаһармандарымызды бейнелейді. «Елің үшін жаныңды беру қиын емес. Өйткені, «Елсіз күн қызықсыз» деп жауынгер ақын Баубек Бұлқышев айтпақшы, бүгін даңқты әкелеріміз аналарымыздың қайтпас қайсарлығының шынайы үлгісін көр-сеткен биік рухы мен жалынды жігерлерінің, еселі еңбектерінің салтанат құрған күні. Бүгін – Жеңіс мерекесі. Бүгін – Ұлы күн! – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы ардагерлерге ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Кейіннен, «Улыбка», «Бахар» би топтары мың бұрала би билеп, ауданымыздың әншілері әуелете ән салды. Мереке қонақтары от-шашуды тамашалады.

Мерекелік концерттен соң аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы бастаған әкімдік қызметкерлері, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан прокуроры Азамат Күренкей, полиция басқармасының басшысы Бағдат Әшімов аудандағы ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып құттықтады. Мерекелік сый-лықтарын табыстап, ақ тілегін жеткізген қонақтарға ризашы-лығын білдірген ардагерлер майдандағы күндерін еске алып, бейбіт күнге шүкіршілік етті.

Айта кетейік, осыдан 74 жыл бұрын қан майданға ауданымыздан 5000-нан астам азамат аттанса, бүгінде олардың 7-еуі ғана арамызда қалды. 1413 тыл еңбеккерлері бар. Әрдайым аудан басшыларының назарында жүретін әрбір ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 500 мың теңгеден табысталды.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Дүйсенбі, 13 Мамыр 2019 15:11

Мақтанышым – майдангер

Солтанбай Жарықбасов

 

Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға       ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының, пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.

1951 жылы Түрген педагоги-калық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институты-ның тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыр-күйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқа-сының төрағасы болып, еліне еңбегін арнаудан жалыққан емес. Солтанбай атамыз бұл күнде аудан халқының алдында беделі жоғары,  Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған ақсақал – сегіз баласынан 26 немере, немерелерінен 23 шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы  болып ғұмыр кешуде.

Кузьма Коноваленко

 

Коноваленко Кузьма Кондратьевич родился 14 сентября 1927 года в Кемеровской области.

До войны работал плотником стройцеха на Сахалине. В 1945 году был призван в ряды Советской Армии. В составе Дальневосточного фронта принимал участие в боевых действиях против японских милитаристов на Курильских островах. Был в составе морской пехоты. После демобилизации в 1951 году работал строителем на Сахалине, здесь же окончил курсы шоферов. По призыву на целину переехал в село Первомайское Павловского района Алтайского края, где работал шофером совхоза «1-мая».В 1964 году, прибыв в Алматинскую область, работал шофером в совхозе «Талгарский" Енбекшиказахского района, с 1965 года водитель 4-й Алматинской автобазы, до выхода на пенсию – в 1969-1977 годах шофер Алексеевской ППС. Награжден орденом Отечественной войны второй степени, медалями «За победу над Японией», «Маршал Жуков» и юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Байтерек Байтерекского сельского округа.

Максим Утлов

Утлов Максим Тимофеевич родился 15 августа 1918 года в селе Медведка Тюменского района Алтайского края.

Призван в ряды Советской Армии в 1941 году. В 1942 году окончил школу радиотелеграфистов и был направлен на Северо-Западный фронт. В 1943 году направляется радиотелеграфистом в Иран в связи с Тегеранской встречей глав государств СССР, США и Англии. Демобилизован в 1946 году. С 1947 года работал электриком, управляющим, директором магазина, заведующим общепита колхоза «Дегерес» Жамбылского района Алматинской области, с 1966 года до выхода на пенсию – экспедитор, заведующий складом совхоза «Талгарский» Енбекшиказахского района. Награжден орденом Отечественной войны второй степени, медалью ««За победу над Германией» и юбилейными медалями. Проживает в селе Байтерек.

 

Жылқыбай Тәжіқұлов

Тәжіқұлов Жылқыбай 1923 жылғы 10 қарашада Өзбекстанның Бұхара облысының Тамды ауданында дүниеге келген. Жастай жетім қалғандықтан 1933 жылдан Беруни ауданындағы «Естемес» балалар үйінде тәрбиеленген.

Беруни ауданында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргенінде 1941 жылы әскерге шақырылады. Сол мезгілде Саратов облысының Пугачев қаласында кіші командир курсын бітіріп, соғысқа аттанады. Ерлігімен көзге түскен Ж.Тәжіқұлов 100-ші жеке атқыштар бригадасында батальон командирі болып, қол бастаған. Калинин қаласы мен Украина жерін азат етуге қатысқан атамыз, Қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметовамен бір полкте болып, жаумен шайқасқан. 1944 жылы оқ ұшқындары тигендіктен екі көзі көрмей, оң қолы тартылып жаралануына байланысты еліне оралып, ауыл шаруашылығында мал дәрігері болып 1967 жылға дейін қызмет атқарады. 1967-1989 жылдары аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін май заводында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Красная звезда», 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен,  «За отвагу», «За боевые заслуги» және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған  мерекелік медальдармен марапатталған.       7 баласы, 19 немересі, 22 шөбересі бар қариямыз 2011 жылдың қараша айында отбасымен, тарихи отаны Қазақстанға көшіп келіп, Есік қаласында тұрып жатыр.Савраев Николай Григорьевич родился 6 сентября 1925 года в селе Сарыкамыш Ужанихинского района Новосибирской области.

До призыва в армию работал бригадиром поливной бригады колхоза «Коминтерн» Каргатского района Новосибирской области.  В 1943 году был призван в армию. Обучался в школе младших командиров (по охране особо важных объектов промышленности), в составе 22-го полка и 32-й дивизии воевал на Западной Украине, в Белоруссии, в 1944-1949 годах участвовал в борьбе с бандеровцами. Младший сержант. В 1944 году был контужен. В 1949 году демобилизован. С 1949 года по 1957 год работал заведующим МТФ, учетчиком полеводческой бригады колхоза «Ярославский», с  1957 до 1985 года, то есть до выхода на пенсию, работал водителем-механиком совхоза «Иссык» Енбекшиказахского района. Был членом КПСС.

Награжден орденом Отечественной войны, медалями «За Отвагу», «Маршал Жуков», «Ветеран труда» и  юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Болек Болекского сельского округа.

Николай Савраев

 

Савраев Николай Григорьевич родился 6 сентября 1925 года в селе Сарыкамыш Ужанихинского района Новосибирской области.

До призыва в армию работал бригадиром поливной бригады колхоза «Коминтерн» Каргатского района Новосибирской области.  В 1943 году был призван в армию. Обучался в школе младших командиров (по охране особо важных объектов промышленности), в составе 22-го полка и 32-й дивизии воевал на Западной Украине, в Белоруссии, в 1944-1949 годах участвовал в борьбе с бандеровцами. Младший сержант. В 1944 году был контужен. В 1949 году демобилизован. С 1949 года по 1957 год работал заведующим МТФ, учетчиком полеводческой бригады колхоза «Ярославский», с  1957 до 1985 года, то есть до выхода на пенсию, работал водителем-механиком совхоза «Иссык» Енбекшиказахского района. Был членом КПСС.

Награжден орденом Отечественной войны, медалями «За Отвагу», «Маршал Жуков», «Ветеран труда» и  юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Болек Болекского сельского округа.

 

Мұзапар Шәріпов

Мұзапар атамыз Ұлы Отан соғысына дейін Ташкенсаз ауылындағы «Қызыл-Шарық» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылғы сәуір айында әскер қатарына шақырылып Украина аумағында 365-ші жеке атқыштар дивизиясында, 1943-1944 жылдар аралығында 191-ші атқыштар дивизиясында автоматшы, пулеметші, нысанашы болып шайқастарға қатысқан. 1945 жылдың маусым айында Манчжурияға аттанады.

Армия қатарынан 1949 жылы елге оралып, 1952 жылға дейін аудандық жол құрылысында, 1954 жылға дейін аудандық құрылыс мекемесінде құрылысшы болады. 1954 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Социализм» совхозында ауыл шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етеді. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Маршал Жуков» медалімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерейтойлардың мерекелік медальдарымен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округінің Ташкенсаз ауылында тұратын қартымыздың 8 баласы, 19 немересі, 33 шөбересі бар.

 

Михаил Митроган

 

Митроган Михаил Иванович родился 23 ноября 1925 года в деревне Шмакова Машковского района Новосибирской области.

Его семья в 1938 году переезжает в село Новоалексеевка Енбекшиказахского района Алматинской области. Он после окончания 6 класса в хозяйстве пас лошадей, участвовал на уборке хлеба. В 1942 году в сентябре был призван в ряды Красной Армии. Обучался в Ашхабадском училище снайперов. В звании младшего сержанта был направлен на Волховский фронт. Воевал на первом Прибалтийском фронте. Был ранен, лечение получил в Московской клинике им.Вишневского, после чего был направлен на реабилитацию в поселок Хоста Краснодарского края, где находился в течение 8-ми месяцев. Демобилизован в 1944 году. После демобилизации с 1944 года по 1985 год, то есть до выхода на пенсию, работал животноводом в совхозе «Талгарский» Енбекшиказахского района. Награжден орденами Красной звезды, Отечественной войны 1 степени и юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Байтерек Байтерекского сельского округа.

 

 

 

Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны сателлитерімен қоса жеңу жолындағы қазақстандықтардың жауынгерлік те еңбек ерліктері ерен. Бір ғана Еңбекшіқазақ, Шелек өңірлерінен тұратын ауданымыздан шыққан Батырларымыздың соңғы дереккөздерінен алынып, анықталған саны бүгінгі таңда он беске жетіп отыр. Соғыста ерлік көрсетіп, Кеңестік Батыр атағын алмаған ерлер қанша десеңізші?!

Бауыржан Момышұлы, Рақымжан  Қошқарбаев сынды қолбасшы, командирлер, қатардағы жауынгерлер Ұлы Жеңіске қанын, терін төге жүріп жеткізген!

Василий Ильич

Харламов

1921 жылы 14 қаңтарда Есік қаласында өмірге келген. Жамбыл қаласындағы теміржол училищесін бітіріп, теміржол бекетінде электротех-ник мамандығы бойынша жұмыс істеген. Жұмысшы-шаруа қызыл армия қатарына шақырылып қызмет атқарып жүргенде 1942 жылы желтоқсан айынан  бастап Ұлы Отан соғысы майдандарындағы шайқастарға қатысқан. 1944 жылы кіші командирлер курсын аяқтап, Белорусь майданы құрамындағы 4-і атқыштар дивизиясының 220-атқыштар полкінде пулемет взводының командирі болды. Украинаның Волын облысын фашистерден азат етуде ерекше көзге түседі.

1944 жылғы   маусымында Ковель ауданының Властник деревнясы маңында жаудың он шабуылына тойтарыс беріп, ондаған фашистердің солдаттары мен офицерлерін жойған. Осы ерліктері үшін кіші лейтенант Василий Харламовқа Батыр атағы берілген. 1947 жылы капитан шенінде запасқа жіберіліп, Алматы қаласында еңбек етіп, 1998 жылы өмірден озған.

Рақымжан Тоқатаев

Еңбек жолын Есiк қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерiнiң қатарына алынып, Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қа-тысып, Чехословакияны жаудан азат етуге қатысты. Старшина дәрежесiнде танкке қарсы зеңбiректiң көздеушісi болды.

1945 жылдың көктемiнде Карпат жотасында болған ұрыста 13 немiс бронды техникасын жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлiгi үшiн «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелi «Даңқ орденiмен» марапатталды.

«Сталинское знамя» атты майдан газетi бұл оқиға туралы 1945 жылы былай жазған: «Н… елдiмекенi маңайында болған оқиға бiздiң бөлiмге, тiптi, бүкiл әскери құрамға танымал болды. Сержант, 76 мм. зеңбiректiң көздеушісi, Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы жауынгерлiк ерлiк көрсетiп, бiр ұрыста 13 немiс танкiсi мен броньды техникасын жойды.

Түн. Кеңес жауынгерлерi автомат, мылтық, пулемет арқылы немiстерге қарсы атыс жүргiздi. Артиллерия атысқа қосылмады – оқты бұдан маңызды шайқасқа сақтады. Тез арада танк ша-буылы басталуы мүмкiн. Қарымта шабуыл сағат 14:00-де басталды. Жау, түтiн бүркеуiн пайдалана отырып, 18 бронебiрлiгiн шайқасқа шығарды. Сол кезде сақтаған артиллерия оқтары iске жарады. Зеңбiректiң көздеушісi Тоқатаев Рақымжан бұл ұрыста 13 немiс танкiсiн жойды. Әдiсшiл және ержүрек жауынгер бұл күшi тең емес ұрыста жеңiп шықты».

Соғыстан кейiн Рақымжан Абай атындағы пединститутының физика-математикалық факуль-тетiн бiтiрiп, бiлiм беру жүйесiнде дәрiс берiп, еңбек жолымен ұстаздықтан мектеп директорына дейiн өттi. Есiк қаласында Рақымжан аға директор болып қызмет жасаған мектепке және осы мектеп орналасқан көшеге Р. Тоқатаев аты берiлдi.

 

Төле Кенжебаев

 

Төле Кенжеба-ев 1942 жылдан Ұлы Отан соғысы-на қатысқан. 60- гвардиялық атты әскер полкінің жауынгері. Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревнясы жанында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізді. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алды. 30 қыркүйекте Галки селосы үшін болған ұрыста ол жаудың 2 әскерін жойды. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарда шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.9. 1944).

 

Петр Вихрев

 

Мәскеу шайқасында генерал-майор                                 И.В.Панфилов қол-басшылығындағы 316 ат-қыштар дивизиясы жауға қарсы тұрды. Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолы бойындағы қанды қырғында панфи-ловшылардың, әсіресе Бауыржан Момышұлы басқарған құрамалардың ерлігі жауды қайран қалдырды. Сол жылдың 16 қарашасында 1075 атқыштар полкінің 28 танк жоюшылар тобы Дубосеково разьезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Осы полктің 8 гвардия ротасының саяси жетекшісі, Шелектің тумасы П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгері 5 танкі мен 2 взвод жау әскерін жойды. Қиян-кескі ұрыста Петр Борисович Вихрев жалғыз қоршауда қалып, гранатамен жаудың екі танкісінің күлін көкке ұшырды, өзі де ерлікпен қаза тапты. 1943 жылдың 31 наурызында ерлік жасап мерт болған Петр Вихревке бір жарым жылдан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Масим Разухунович Якубов

Масим Якубов 1914 жылы 25 ақ-панда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Амангелді ауылында өмір-ге келген. 1942 жылы 836-атқыштар полкында қа-тардағы жауынгер болып со-ғысқа кірген. 1943 жылдың қыркүйегінде Кеңес одағының қарулы күштері Днепр өзенінің жағасына шығып, арғы бетке батыс жағалауға шығуға дайындалды. Жау әскері өзеннің оң жағалауына мықты бекіністер салып, өзеннен өту-ге мүмкіндік бермей үздіксіз артиллерия, миномет снарядтарын жаудырумен болды. Осы жағдайда старшина Якубов құрамында болған дивизияға арғы бетке өтіп, плацдарм, яғни әскерлер шабуылын дайындайтын алаңды алып, кеңейту бұйрығы берілген болатын. 27 қарашаның түнгі мезгілінде полк бөлімшелері балықшы қайықтарымен, салмен қарша борап тұрған оқ астында 25 жауынгер өзеннен өтіп, шағын алаңға бекініп алды. Бұл топтың құрамында старшина М.Якубов та бар еді.Ержүрек жауынгерлер тәулік бойы плацдармды ұстап батальонның Днепрден өтуін қамтамасыз етті. 4 қазанда дивизия жау қорғанысының тас-талқанын шығарып, плацдармды сенімді бекініске айналдырды. Бұл операцияға ержүректікпен қатысып, жауынгерлік ерліктің үлгісін көрсеткен дивизия сарбаздарының қатарында жерлесіміз Масим Якубов та бар еді. 1943 жылы 13 қарашада қабылданған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен старшина Масим Якубовқа Батыр атағы берілген.

 

Николай Иванович Терехин

Николай Иванович Терехин родился 25 декабря 1901 года в с.Михайловское, ныне с.Тургень Енбекшиказахского района в крестьянской семье. В 1920 году вступил в Красную Армию, участвовал в Гражданской войне. В 1924 году окончил Оренбургскую кавалерийскую школу, стал кадровым военным. С первых дней войны в действующей армии. Сражался на Южном, Западном, Юго-Западном и Воронежском фронтах, оборонял Молдавию и Украину, участвовал в битве за Москву, Ржевско-Вяземской, Киевской и других наступательных операциях. Служил  заместителем командира 5 гвардейского кавалерийского полка 1 гвардейской кавалерийской дивизии, в звании гвардии подполковника командовал 4 гвардейским Катовицким Краснознаменным полком 2-й Крымской дивизии.

Полк под командованием Н.И.Терехина особо отличился в ходе Сандомирско-Силезской и Берлинской операций. В ходе наступления на Берлин    кавалеристы Н.И.Терехина захватили плацдарм на западном берегу р.Эльба близ г.Майсена и стойко удерживали его, отражая контратаки противника. Н.И.Терехин награжден двумя орденами Ленина, тремя орденами Красного Знамени, орденами Александра Невского, Отечественной войны второй степени, боевыми медалями. За личное мужество и умелое руководство полком при форсировании рек Одер, Нейссе, Шпрее и Эльба подполковнику Терехину Николаю Ивановичу было присвоено звание Героя Советского Союза.

 

Әлікбай Қосаев

 

 

Москва  түбіндегі  Дубосеково  разъезінде  жиырма  сегіз  панфиловшылар күші басым  фашистермен теңдесі  жоқ  шайқаста жаудың 18  танкісін жойып, бір  адым кейін шегінбеген ерлігі  елге аян. Сол      жиырма  сегіздің ішінде жерлесіміз  Есік  ауылында 1905 жылы 11  мамырда  өмірге  келген  Әлікбай Қосаевқа алғашқы болып  батыр  атағы  берілген. Туып өскен елді  мекенінің  іргесінде  тиіп тұрған Алматы қаласында  еңбек  етіп, өмір  кешіп жүрген  Әлікбай алғашқылардың бірі  болып әскер қатарына әйгілі 316 атқыштар  дивизиясының  1075 атқыштар  полкінің 2-батальоны 4-ротаның  құрамында соғысқа кірген.

 Дубосеково шайқасында танктер шабуылына  тойтарыс беру  үстінде Әлікбай Қосаев ауыр жарақат алады. Соған  қарамастан қолына бумалап  байлаған  гранатасымен  қарсы  келген  танкті жарып өзі де ерлікпен қаза  табады.

 

Сушков

Николай

 Семенович

 

(полный кавалер

 ордена Славы)

 

Николай Семёнович Сушков родился в 1922 году в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района. После семилетки с 1939 года трудился в колхозе. В октябре 1941 года призван в действующую армию. Служил наводчиком ПТР 1339 горно-стрелкового полка 318 горно-стрелковой дивизии в звании рядового. Отличился в осеннем наступлении 1944 года в бою в районе Новый Мизунь Ивано-Франковской области (Украина). Был награжден орденом Славы 3 степени. В 1945 г. Н.С.Сушков  за участие в    боях под г.Кошице (Словакия), где был тяжело ранен, удостоен ордена Славы  2 степени. В марте-апреле 1945 г. рядовой Н.С.Сушков под огнем противника первым ворвался в населенный пункт Охабы (Польша), поразил пулеметную точку противника, поджег самоходное арторудие и истребил его экипаж, вновь получил ранение. В 1946 г. за этот бой награжден орденом Славы 1 степени.

В 1946 году Николай Семенович демобилизовался из армии в звании старшины, вернулся на родину, в Енбекшиказахский район. Жил в с. Тургень, работал на Тургенском  ремонтно-механическом заводе.

 

 

Төлен Қабылов

 

Асысаға ауылының тумасы Төлен Қабылов 1942 жылы майданға аттанды. Ол Сталинградты, Қырымды, Донды, Украинаны, Белорусьті, Литваны азат ету үшін болған ұрыстарға қатысты. Әсіресе, кешегі Кенигсберг қазіргі Калининград қаласы үшін болған шайқаста батылдығымен ерекшеленді. 1945 жылы 10 сәуірде жау басым күшпен Кенигсбергтің шығыс жағындағы Модиттен ауданы жағынан қарсы шабуылға шықты.

«Фердинанд» танктері қорға-ған жау жендеттеріне қарсы сержант Төлен Қабыловтың бөлім-шесі қарсы тұрды. Бір адым да артқа шегінбей, ерлікпен соғысуға тура келді. Төніп келе жатқан танкке Төле граната атып қиратып, өзі де мерт болды.

1945 жылдың 19 сәуірінде Төлен Қабыловқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ол бұдан бұрынғы шайқастарда ерлігімен еленіп, «Қызыл Жұлдыз», ІІІ Дәрежелі «Даңқ» орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Қашаған Жаманқараев

 

Курск облысының  Романова деревнясында болған шайқаста жаудың екі  танкісін  өртеп,  қалғандарын  тым-тырақай қашуға мәжбүрлеген  Қа-шаған  Жаманқа-раевтің  1943-тің тамызындағы ерлігі  дәл сол жылғы қазан айында Украинаның  Киев  облысындағы Днепрдің оң  жағалауындағы алынған  плацдармды алып, жаудан қорғау барысында тағы екі танкті отқа орап, бір взвод  фашистерді жаһаннамға жіберген батырлығы үшін гвардия аға сержанты Қ.Жаманқараевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріл-ген еді. Міне, қаракемерлік қос   батырымыздың бірі қазақтың  хас батыры Қашаған  ағамыздың  сырттан  келген жаудың  бетін  қай-тарған  ерлігі.

 

Жүнісбай Қайыпов

 

Неміс фашистері 1942 жылы Ленинград қорғанысын бұзып өтуге соңғы әрекет жасағанда, танкке қарсы қолданатын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов әскери шеберлік пен асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Жаудың он танкісін Жүнісбай Қайыповтың зеңбірекшілері бірінен соң бірін қиратты. Жау қарсы шабуылға төтеп бере алмай кейін шегінді. Осындай жанқиярлық ерлігі үшін Ж.Қайыпов ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Қаланы  қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылдың қаңтарында 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 жылдың қаңтарында Ленинград облысының Колцы, Мотырово елді мекендерін азат ету ұрысында старшина Жүнісбай Қайыпов басқа жауынгерлермен бірге миномет батереясын, 4 дзот пен танкке қарсы қолданатын зеңбіректің үнін өшірді. Сөйтіп, жаудың алғы шебін басып алуға мүмкіндік жасады. Ал, 20 қаңтарда оның басқарған жауынгерлік тобы Новогород қаласына бірінші болып кіріп, жау қолын көп шығынға ұшыратты. Ақпан айында осындай бір кескілескен ұрыста ол ерлікпен қаза болды. Ж.Қайыповқа ерлігі үшін 1944 жылдың шілдесінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Батырдың атында Қазақстан ауылында мектеп, көше бар. Өзі туған Жаңатұрмыс ауылы Жүнісбай Қайыпов деп аталады.

 

Иван Федорович

Беляков

 

1926 жылы 30 тамызда Есік қаласында шаруа отбасында өмірге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Бірінші Белорусь майданының 61-армиясындағы 12-атқыштар дивизиясының құрамындағы гвардиялық атқыштар полкында пулемет көздеушісі болды. Германия жеріндегі Одер өзенінен шайқаса отырып, өту операциясында ерекше көзге түседі. Осы шабуыл барысында Иван Беляков Одерден алғашқылардың бірі болып өтіп, бірнеше жау пулеметтерінің үнін өшірген. Өз пулеметі істен шығып қалғанда Иван Беляков автоматпен оқ жаудырып, граната лақтырып, өз бөлімшесімен плацдармды күні бойы жауға бермей ұстап тұрған. Осы ерлігі үшін Есік қаласының тұрғыны болған жерлесіміз Иван Федорович Беляковқа Кеңес одағының батыры  атағы берілген.

Соғыстан кейін Иван Беляков көп жылдар бойы Алматы қаласындағы Ішкі істер органдарының қатарында қызмет атқарған.

Шахворостов Сергей Михайлович

Сергей Михайлович Шахворостов родился 29 августа  1924 года в с.Евгеньевка (ныне с.Байдибек би) Енбекшиказахского района в семье рабочего, окончил 7 классов школы, фабрично-заводское училище. В 1942 году был призван в действующую армию. Участник Сталинградской битвы, в боях за Сталинград удостоен медали «За отвагу». В должности командира отделения саперного взвода 273 гвардейского стрелкового полка 89 гвардейской стрелковой дивизии во время форсирования Днепра обеспечивал переправу передового отряда. В ночь на 30 сентября 1943 года под огнем противника С.М.Шахворостов сделал 8 рейсов через Днепр, доставив на правый берег 50 бойцов и 30 ящиков с боеприпасами. В декабре 1943 года был тяжело ранен, демобилизован в 1944 году. Указом  Президиума Верховного Совета СССР от 22 февраля 1944 года за мужество, отвагу и героизм гвардии младшему сержанту С.И.Шахворостову присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда».

В 1948 году Сергей Михайлович окончил Казахский государственный институт физкультуры. Жил в г.Алматы, работал в спортобществе «Трудовые резервы». На месте форсирования Днепра установлен бюст Героя.

 

Ыбырайым Қалдыбаев  

(Даңқ (Слава) орденінің толық кавалері)

Ыбырайым Қалдыбаев 1942 жылы майданға аттанып, туған жерге жеңіс  туын желбіретіп оралды. Душанбе қаласында әскери-оқу дайындығынан өткен соң, ол 4-ші кавалериялық корпустың 61-ші кавалерлік диви-зиясындағы 13-ші жекелей атты-артиллериялық дивизонының құра-мында артиллерист-барлаушы болып, сол жылдың 19 қарашасында алғаш Сталинград түбінде ұрысқа қатысты. Бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.

Жеңіс жолындағы шайқасты Ы.Қалдыбаев Орлов-Курск иінін-дегі, Днепр өзенінен өтердегі, Лоева қаласындағы қырғындарда жалғастырды. Сондай-ақ, батыр жерлесіміз І-ші Белорусь майданының құрамында Мозырь, Варшава қалаларын азат ету ұрыстарының бел ортасында жүріп, ерлігімен ерекшеленді. Эльба өзені жағасында соңғы шайқасқа қатысып, ауылға аман-есен оралды. Отан қорғау барысында ерліктері ескеріліп, «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Бұл деген Кеңес Одағының Батыры атағымен тең еді. Бірнеше медальдармен, сондай-ақ жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің 10 рет алғысына ие болды.

Соғыстан кейін Ы.Қалдыбаев Нарынқол және Шелек аудандарының ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында еңбек етіп, 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шықты

 

Жүнісбай Қайыпов

 

Неміс фашистері 1942 жылы Ленинград қорғанысын бұзып өтуге соңғы әрекет жасағанда, танкке қарсы қолданатын зеңбірек командирі Жүнісбай Қайыпов әскери шеберлік пен асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Жаудың он танкісін Жүнісбай Қайыповтың зеңбірекшілері бірінен соң бірін қиратты. Жау қарсы шабуылға төтеп бере алмай кейін шегінді. Осындай жанқиярлық ерлігі үшін Ж.Қайыпов ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Қаланы  қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылдың қаңтарында 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 жылдың қаңтарында Ленинград облысының Колцы, Мотырово елді мекендерін азат ету ұрысында старшина Жүнісбай Қайыпов басқа жауынгерлермен бірге миномет батереясын, 4 дзот пен танкке қарсы қолданатын зеңбіректің үнін өшірді. Сөйтіп, жаудың алғы шебін басып алуға мүмкіндік жасады. Ал, 20 қаңтарда оның басқарған жауынгерлік тобы Новогород қаласына бірінші болып кіріп, жау қолын көп шығынға ұшыратты. Ақпан айында осындай бір кескілескен ұрыста ол ерлікпен қаза болды. Ж.Қайыповқа ерлігі үшін 1944 жылдың шілдесінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Батырдың атында Қазақстан ауылында мектеп, көше бар. Өзі туған Жаңатұрмыс ауылы Жүнісбай Қайыпов деп аталады.

 

Александр Фёдорович Петров

 

Участник Великой Отечественной войны, командир отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии 30-го стрелкового корпуса 60-й армии Центрального фронта, Герой Советского Союза (1943).

Родился 14 августа 1920 года в селе Тургень ныне Енбекшиказахского района Алматинской области. Окончил 6 классов школы в городе Алма-Ата, работал электромонтёром.

В Красную Армию призван в 1940 году. Служил на Дальнем Востоке, в городе Комсомольск-на-Амуре. Во время Великой Отечественной войны был командиром расчёта, затем отделения миномётной роты 231-го гвардейского стрелкового полка 75-й гвардейской стрелковой дивизии.

Участвовал в битве на Курской дуге.

Особым героизмом гвардии ефрейтор Петров А. Ф. отличился при форсировании реки Днепр.

Указом Президиума Верховного Совета СССР от 17 октября 1943 года за успешное форсирование реки Днепр севернее Киева, прочное закрепление плацдарма на западном берегу реки Днепр и проявленные при этом мужество и героизм гвардии ефрейтору Петрову Александру Фёдоровичу присвоено звание Героя Советского Союза с вручением ордена Ленина и медали «Золотая Звезда»

Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 16:30

Ардагерлер

Ардагерлер – батыр жандар, асыл жандар, ақ жандар,

Оққа қарсы, отқа қарсы кеуде тосып барғандар.

Болашақтың қамы үшін тозақ отқа жанғандар,

 Атойлатып, ат ойнатып жауға ойран салғандар.

Армысыңдар, бармысыңдар, өңшең ерлер, тарландар!

 

                         Ардагерлер – жауды жеңіп, елге аман келгендер,

                         Ардагерлер – тылдағы ел, жеңеріне сенгендер,

                         Жеңіс үшін қиындықтың барлығына көнгендер.

                         Жеңіс үшін бойындағы барын сығып бергендер!

 

Ардагерлер – жиырмасында жесір қалған жеңгелер,

Олар қылған ерліктерге қандай ерлік тең келер?!

Жалғыз жатқан түндерінің өтеулерін кім берер?!

Өксіп өткен өмірінің қайырымын кім төлер?!

 

                          Ардагерлер – соғыс жылғы соқа тартқан балалар,

                          Әке орнын, аға орнын жоқтатпаған «даналар».

                          Ардагерлер – азаматын аттандырып майданға,

                          Белін буып, қолдарына күрек алған аналар.

 

Ардагерлер – батыр жандар, асыл жандар, ақ жандар,

Адамзатты алапаттан аман алып қалғандар.

Ардагерлер, қажымаңдар! Тыныштықты қорғаңдар!

Бейбіт күнді бейбіт күнге қалғымаңдар, жалғаңдар.

Ардагерлер – ақ жандар!

 

Кенжеғали ҮСЕНБАЕВ,

 Есік қаласы.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет