Жұма, 20 Сәуір 2018 11:19

ҚАЛЫБЕК батыр

Аллаға шүкір, егемендігіміздің бір жемісі батыр бабаларымыздың ерлігін мәңгілікке қалдыру мақсатында мерзімдік басылымдар арқылы тарих парақтарына біртіндеп енгізілуде. Ержүректігін паш етер ерліктеріне сай аттарын асқақтатқан хас батырлар қатарында белгілі бір аймақтарды жаудан азат етуде ерен ерлік көрсетіп, рулардың ұранына айналған батыр бабаларымыздың атын өшірмей, құрмет көрсетіп, ескерткіш орнату бүгінгі ұрпақ парызы болып саналады. Бұл игі қадам біздің бабалар аруағына тәу етуіміз әрі өскелең ұрпаққа көрсетер үлгіміз екені тағы бар. Десек,Ұлы жүз Үйсін ішіндегі Албан руында ХVII- ХVIII ғасырларда елі мен жерін жоңғар басқыншылары мен Енесейден ауған қырғыздан, Қоқан хандығынан қорғаған алты батырдың бірі – Айт Қалыбек батыр Мамадайырұлы екенін тарихи деректер растайды.

Қалыбек батырдың жастық шағы Әз-Тәукенің уақытына, ал ержетіп, ел қорғанына айналған кезі Абылай хан дәуіріне сай келеді. Шежірешілердің айтуынша Қалыбек көп жасаған адам. Ол кесек денелі, айбарлы да алып тұлғалы, ақсары адам болған екен. Жоңғар басқыншыларына қарсы ел бостандығы үшін күресіп, Албанның ата-жұртына қайта қоныстануына үлкен үлес қосып, Айт руының ұранына айналған батыр. Шежірешілердің бірі Қытай Халық Республикасындағы Шапшал ауданында тұратын Әбдіманап Мамырдың қолындағы көне араб қарпімен тері парақтарға жазылған шежіреде Қалыбек атамыздың 1772 жылы Жетісу жерінде қайтыс болғаны жайлы және Шапырашты Наурызбай батырмен тізе қоса қалмақтарды өкшелей қуып Шапшал (ҚХР) деген жерге дейін жеткені жайлы айтылады. Бұл Қалыбек батырдың қартайған шағы екен. Ары қарай жорықты жалғастырмай, сол арадан қоштасып кері қайтады. Бұл дерек 1771 жылғы атақты «Шаңды жорыққа» сәйкес келеді. Жоңғар хандығы құлағаннан кейін (1756-1757) Убашы мен Церен тайшылары тайпаластарын (Еділ қалмақтарын) атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін Қазақ жерін қиып өтіп, ұлы көш жасауға үгіт жүргізеді. Батыстан шығысқа қарай бет алған, шамамен 170-180 мың адамнан (оның 40 мыңы қарулы жауынгер) құралған көш қазақ қолдарының шабуылдарына тойтарыс бере отырып Балқашқа жақындап Мойынты өзенінің жағасында Абылай хан бастаған қазақ әскерінің қоршауына түседі. Өлім қатерін сезген қалмақтар Абылай ханға өздерін бодандыққа алу туралы ұсыныстарын айтуға елші жібереді. Көреген Абылай олардың ұсынысын қабылдап, шығыстан төнген қытайлардың қаупіне қарсы қалқан ретінде пайдалануды ойластырса керек. Сөйтіп Абылай әскери кеңес құрады. Қалмақтарға өшіккен, ата-бабасының кегі кеткен халық оларды біржолата жойып жіберетіндіктерін мәлімдейді. Осылайша кеңес созылғандығын ұтымды пайдаланған жау үшінші тәулікте аса күшті соққы жасап қоршауды бұзып екіге бөліне Жоңғарияға қарай бет алады. Қазақ жасақтары жауды күндіз-түні өкшелей қуып біртіндеп жоя береді. Бір бөлігінің Қаскелең, Кеген және Нарынқол арқылы өткені ресми тарихи деректерде көрсетілген. (Қазақстан тарихы, Энциклопедиялық анықтама. – Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2006). Қалмақтардың жақсы қаруланған осы бөлігін Наурызбай бастаған Ұлы жүз қолы түре қуады. Жоңғарлармен болған осы шайқаста Қалыбек батырдың көрсеткен жеке ерліктері және Райымбек ауданының орталығы Кегеннің іргесіндегі Жалаулы ауылының Жалаулы атануы туралы ел аузында неше түрлі әңгімелер бар. Сол әңгімелер Қалыбек батыр тарихи-танымдық шежіре кітабында берілген(20-23 беттер). Осы тарихи жеңістен кейін Қалыбек батыр Қулық тауының етегінде салтанатты Жеңіс тойын жасаған. Осы басқосудан ескерткіш болсын деп Қалыбектің жалауын Қулық тауының ең биік шоқысына тіккен екен дейді. Түбі ақиқатқа тірелетін сол аңыздардың түйіні Жалаулы ауылы-ның Жалаулы атануымен онда ХVIIІ ғасырдың екінші жартысынан бері Қалыбек батырдың ұрпақтарының мекендеп келе жатқандығына тіреледі. Есімі ел ұранына айналған Қалыбек бабамыздың да батырлығы (Бәйдібек-баба-Алып Бәйтерек, Албан ата энциклопедиялық шежіре. — Алматы, 2003ж. -890-бет, Желдікбаев Дәулет, Сүйіндік: Шежіре-тарих. — Алматы, 2008ж. — 40-бет, ҚХР. Шыңжан қазақтарының Албан шежіресі). Жазылған. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша Қалыбек батыр қазіргі Ұйғыр ауданына қарасты Сарытоғай елді мекенінде дүниеге келген екен. Батыр бабаны ел есінде қалдыру мақсатында осыдан бірнеше жыл бұрын Қалыбек батыр атында қоғамдық қор құрылып, біраз игі істер іске асырылды. Атап айтқанда, Жалаулы, Көктөбе елді мекендерінде батырдың ұрпақтарының жеке қаржысымен «Қалыбек батыр» атында мешіттер салынып ас берілді. 2014 жылы батыр ұрпақтары жайлы «Қалыбек батыр» тарихи-танымдық шежіре кітабы жарық көрді. Енді қордың алдына қойып отырған мақсаты Қалыбек батыр ұрпақтарының қаржысымен батырдың ата-қонысы Қулық тауының Қайқы асуыныңдағы «Қалыбек батыр» бастауының басына батыр бабаға арнап ескерткіш орнатып, оның айналасын абаттандырып жолаушылар тоқтап сусынын қандырып демалатын мәдени орынға айналдыру. Бұл игі іске Райымбек ауданының әкімі де қолдау көрсетіп отыр. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, ескерткіш орнату жұмысы қолға алынды.

Осыған байланысты осы игі іске атсалысамын дейтін батыр ұрпақтары болса төмендегі мәліметтерді бере кетуді жөн деп таптық. «Айт-Қалыбек Мамадайырұлы» қоғамдық қорының банктік есеп-шоты, БИН 140440029446, АО Банк ЦентрКредит Кz618560000006516422- тенге, БИК KCJBKZKX Кбе 18.Қорыта айтқанда, ескерткіш те орнатылар. Бірақ ағайынның назы қалмасын. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда «Біткен іске сыншы көп» деп өзім білемдікке баспайық деген оймен қолымызға қалам алған жайымыз бар ағайын.

Марат Кожамбердиев,

«Айт-Қалыбек Мамадайырұлы» қоғамдық қорының президентi.

 

Жұма, 13 Сәуір 2018 14:15

Тылда да Жеңіс шыңдалды

 

Уақыт тегеуріні драмаға, трагедияға толы заманның айтулы тұлғаларын да аңызға айналдырды. Бүгінгі де, келер ұрпақтарға да осы тұлғалар ерлігін жеткізу үшін мемлекет билігі, қоғамымыз көптеген іс-әрекеттер, мәдени-шығармашылық, әлеуметтік-көпшілік шараларды қолға алып, үзбей өткізуде. Сол айтулы даталардың ең маңыздыларының қатарында Ұлы Жеңіс күні. «Тарихымызда қазақ ұялатындай ешнәрсе жоқ» деген мазмұнда айтқан сөзі бар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың. Жойқын қудалаудан, қолдан ұйымдастырылған аштықтан аман қалған қазақ азаматтары бүкіл Еуропаның дерлік әлеуетін жаулап алып, елімізге тап берген фашистерге сол бір жаугершілік заманда елмен бірге қолына қару алып қарсы тұрды. Ал тылда қалған бала-шағадан бастап еңкейген қарияларға, отбасындағы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге дейін қолдарына кетпен-күрек ұстап дегендей, өгіз бен ат жегіп егін-шөп сеуіп, астық жинады. Мал бағып ет-сүт өндірді. Жарақты жауға қарсы тұрған жауынгерлерді азық-түлікпен киім-кешекпен қамтамасыз ету осы тылдағы еңбеккерлер мойнында еді. Бейбіт күнде отбасы, ошақ қасында болған әйелдер мен бала-шағаны, кәрі-құртаңды ауыр еңбекке жұмылдыру үшін басқарушылық тәжірибе де керек-ақ. Осы тұрғыда қолына қару алып ел шетіне басып кірген жаумен айқасуға ұмтылған көптеген азаматтарды – әсіресе өндіріс ұйымдастырушыларды, техника тіліне жетік мамандарды майданға аттандыруға шектеу қойылды. Осы шектеулі – броньдағы азаматтар қатарында жерлесіміз Әбділдә Бүркеұлы да болған екен. Соғыстың ең қатерлі де қиын кезінде – алғашқы күндері сол кездегі Киров атындағы колхозды басқаруға жібереді басшылар Әбділдә Бүркеұлын. Ер азаматтармен, ауылшаруашылығының қыры мен сырын жетік меңгерген мамандармен жұмыс істеу бір бөлек те, ал дәл сол жұмысты бала-шаға, кәртаң жандармен, әйелдермен атқару әрине анағұрлым қиын. Соған қарамастан Ә.Бүркеұлы басқарған Қаракемер ауылындағы Киров колхозы азық-түлік өндіруде, майданға басқа да қажетті заттарды жөнелтуде алдыңғы қатарда болғанын жазады қиын-қыстау кезеңдегі ақпарат құралдары. Сол сарғайған газет беттерінен алматылықтардың екі мәрте кеңес Одағының батыры С.Луганскийге бортына ұшқыштың аты-жөні жазылған жойғыш ұшақты тапсырғанын оқимыз. Атақты балуанымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының қару-жарақ жасауға жүз мың сом бергенін де жариялаған еді газеттер. "Отан үшін, жүз мың, батыр Қызыл-Армияның сүйікті Отанымыздың жерін неміс-фашистерінен азат етуі үшін, мен адал еңбегіммен тапқан ақшамнан үшінші соғыс қарызына жүз мың сомның облигациясына жазылып, оның ұтыстары мен облигациясын Отан қорғау қорына бердім, – деп жазған екен Ә.Бүркеұлы. Мына еңбекпен тапқан қаржыма жасалған қару жауды талқандай берсін!». Кеңес Армиясының Бас қолбасшысы И.Сталиннен келген телеграммада: «Примите мой привет и благодарность за Вашу Заботу о Красной Армий» делінген екен.

Бір Қаракемерден шыққан екі азамат Кеңес одағының Батыры атағын алып оралды қантөгіс майданнан. Қашаған Жаманғараев та, Рақымжан Тоқатаев та артиллерист-зеңбірекшілер болды. Батыр-лардың өзіне берілген қаруы зеңбірек-орудиелеріне қандай ұқыптылықпен қарап, бар жан-тәнімен күтіп ұстағаны туралы осы жолдардың авторы талай очерк-суреттемелерде жазған болатын. Сол қарулар шығарылмаса бақайшағына дейін қаруланған фашистерге қарсы тұра алар ма едік?! Кім кепіл Әбділдә ағаның қаржысына жасалған зеңбіректен атылған снарядтармен Днепрдің арғы бетінен плацдарм алуға Қашаған ағамыздың жағдай жасамағанына?! Кім кепіл бола алады жанындағы жалғыз оқтаушысымен Рақымжан ағаның он үш бірдей жау броньді техникасын қиратып, елу жыланбауырды тоқтатқанда Ә.Бүркеұлының қаржысына жасалған бронь бұзғыш снарядтар болмағанына?!

Бұл әрине менің эмоциялық фантазиям болар. Бірақ «тірі» ақшаға – кеңестік рубль – сомға сатып алынған облигацияларды өз көзіммен көрген адаммын. Соғыстан кейін, елуінші жылдары. Соғыста жүрген жалғыз ұлы – Қасымы үшін, ел үшін менің атам Ахметжан малын сатып облигация алғаны жеңіске деген ниеттен екені шындық.

Алматылықтардың С.Луганскийге әперген истребителі, Қажымұқанның, Ә.Бүркеұлының жүз мыңнан қосқан үлесі, менің Ахметжан атмның, басқа да жүздеген, мыңдаған патриоттардың отан қорғауға тиындап болса да қосқан үлесі болар басқыншылардан елімізді қорғап қалуға қарлығаштың өрт сөндіруге қосқан бір тамшы судай қосқан көмегі...

Тылың мықты болмаса, қан майданда жеңіс болмайтыны белгілі. Ал, сол тыл еңбеккерлеріне мемлекетіміз ерекше назар аударып отырғаны да бекерден бекер жасалып отырған қарекет емес. Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне деген қамқорлық көбейе түспесе кеміген жоқ.

Х.Ахметжанов.

 

Жұма, 13 Сәуір 2018 11:39

Сохранить отваеванный мир

 

Косая сажень в плечах, немаленькие рост и сила – таким был в «роковые сороковые» ХХ столетия сержант Николай САВРАЕВ. Несокрушимое сибирское здоровье выручало его на войне, спасало жизнь в критических ситуациях. И теперь, когда Николаю Григорьевичу уже за девяносто, он сохранил былую осанку и крепость родового корня. Уроженец села Сарыкамыш Новосибирской области, он с раннего возраста узнал тяжесть крестьянского труда.

Война началась, когда ему не исполнилось еще и 16-ти. Заменяя мобилизованных односельчан, со сверстниками он работал в колхозной бригаде, выращивая хлеб для фронта, для грядущей Победы. Из родного села и ушел на фронт в 43-м, едва ему исполнилось 18, чтобы уже в воинском строю заменить погибших в боях земляков... После окончания школы младших командиров младший сержант Савраев в составе 22 полка 32-й дивизии войск МВД сражался на передовой. На Западной Украине дивизию перебросили во Львов, для защиты тыла и ликвидации на освобожденной территории диверсантов, бывших фашистских пособников. Контролируя железную дорогу, по которой через Карпаты шли военные перевозки, батальону не раз приходилось вступать в кровопролитные схватки с диверсионными группами противника, бандитами и мародерами, нападавшими на поезда. В одном из рейдов Николай Григорьевич оказался на волосок от гибели. Стоял холодный ноябрь, и уставший взвод остановился в пустующем сельском доме. А ночью раздался взрыв – дом был заминирован…Погибли 18 человек, живых остались только пятеро. Сам Николай Григорьевич получил тяжелую контузию, очнулся лишь на вторые сутки. Уже в госпитале узнал о гибели боевых товарищей…

После лечения снова вернулся в строй, ходил на боевые задания, принимая бой в прямом смысле с бандитским подпольем, которое пряталось подземных бункерах.

После демобилизации в 1949-м Николай Григорьевич приехал в Казахстан, ставший для него второй Родиной. Здесь выросли его дети и внуки, а теперь растут правнуки. Вся послевоенная биография Николая Григорьевича связана с колхозом «Ярославский», а затем созданном на его базе совхозе «Есик». Почти сорок лет, до выхода на пенсию в 1985 году, бывший фронтовик трудился водителем, заведующим МТФ. И по сей день он живет в с.Болек, где работает врачом его дочь Галина Огнева, известный и уважаемый в селе человек.

Глядя на Николая Григорьевича, удивляешься, насколько к нему не подходит определение «преклонный возраст». Он всегда в курсе происходящих в стране событий, встречается с молодежью. Почетный член общественного объединения ветеранов войны в Афганистане «Кахарман», Николай Григорьевич вместе с воинами-«афганцами» ведет патриотическую работу, участвуя практически во всех мероприятиях ОО«Кахарман». Младшее поколение ветеранов, как и он, ставших воинами в 18 лет, чтут его напутствие: делать все возможное, чтобы сохранить отвоеванный мир, достойно ответить на вызовы времени. Лишь тогда нынешние и будущие поколения независимого Казахстана будут знать только плодотворный, созидательный труд, добиваясь целей, поставленных Первым Президентом – созидать процветающее, конкурентоспособное государство, в котором каждый гражданин будет жить уверенным в завтрашнем дне.

 

И.ТУРАНИН.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 11:16

Жыр алыбына тағзым

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...

Осы өлең шумақтарымен жау құрсауында жатқан ленинградтық батырларға күш-жігер берген Жамбыл Жабаевтың есімі әлемге әйгілі. Әсіресе, «Ленинградцы, дети мои» өлеңінің авторы «Джамбул» ретінде танитын кеңес халқы қарт Жамбылды қадір тұтқан. Қазіргі таңда да, жыл алыбының өлеңдері жастарды тәрбиелеуде таптырмас құрал. Қыстың соңғы күні, яғни, 28 ақпан қазақ жыраулық өнерінің алыбы, айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың туылған күні. Ақынның 172 жылдығын аудан тұрғындары атаусыз қалдырмады.

Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Шараға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, ауданның құрметті азаматтары, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Жиында сөз сөйлеген Бекет Төлегенұлы Жамбылдың рухты өлеңдеріне тоқталып, барша қазақ халқының мақтанышы екендігін айтты. Шаяхмет Құсайынұлы, Даубай Әбдісаев сынды ақындарымыз арнау өлеңдерін оқыды. Жиылған қауым ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

С.НҰРАДИН.

Мәдени, оның ішінде сакральді туризмді дамыту қазіргі таңда еліміздің мәдениет саласында баса назар аударылып отырған салалардың бірі. Сала мамандарының алдында мәдени-қорық мұражайлардың жұмысын жандандырып, туристік орынға тайналдыру міндеті де тұр.

Осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, аудандық мәслихат депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Райылқызы Мұхтаровамен әңгімелескен едік.

 

– Гүлмира Райылқызы, өзі-ңіз басқарып отырған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі туристік әлеуеті жоғары орындардың бірі. Осыдан үш жыл бұрын қабылданған ҚР Мәдени саясатының  тұжы-рымдамасында қорық-мұра-жайлардың жұмыс істеу тұжы-рымдамаларын  қайта қарау қажеттігі айтылған болатын. «Бұл бірегей объектілер мәдени туризмнің әлемдік орта-лықтарына айналуға тиіс», – деген міндет қойылған еді. Осы бағытта қандай жұмыстар атқа-рылуда?

– ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының осы қызметке келгендегі алғашқы қадамдарының бірі тұжырымдаманы қабылдау және қорық-музейлердің статусын көтеру болды. ҚР Мәдени саясатының  тұжырымдамасында қорық-мұражайлардың ғылыми мекеме ретінде дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, 2015 жылдардан бастап еліміздегі қорық-музейлерге ғылыми мекеме ретінде аккредитациядан өтуге және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге  лицензия алуға міндеттелді. Ал біз, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы республикамызда алғашқылардың бірі болып 2012 жылы ғылыми мекеме ретінде аккредитациядан өттік. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге 2011 жылы лицензия алған едік. Республикалық деңгейде 9 қорық-мұражай бар. Соның ішінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ең жас мұражай, 2010 жылы ашылды. Соған қарамастан, біз осындай ғылыми жолға түстік. Қорық-музей 2011 жылдан бастап, «Есік қорғаны және Жетісу сақтарының мәдениеті мен  тарихы», «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» деп аталған екі ғылыми-қолданбалы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Аталған жобалардың аясында ең алдымен  Жетісу жеріндегі Сақ кезеңіне жататын обалардың тізімін, паспортын жасау, сақталу, қорғалу деңгейлерін анықтау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде құрып кету алдында тұрған апатты қорғандарға  қазба жұмыстарын жүргіздік.

– Бұл жұмыстар осы қорық аумағындағы жерде  жүргізілді ме?

– 2013 жылы «Есік» қорық-музейінің қорғау аумағы бекітілді. Оған 80-нен астам сақ қорғандары кіреді. Бірақ ол қорғандарды қазуды жоспарлап отырған жоқпыз. Ол қорғандарды біз мейлінше сақтауды көздеп отырмыз. Зерттеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде республика көлемінде қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін, әрі мерзімі шектелмеген лицензияға ие болдық. Сонымен қатар, қазба жұмыстарын жүргізуде шет елдермен тығыз байланыстамыз. 2013 жылы Оңүстік Корея еліндегі тоғыз ғылыми-мекемемен келісім-шартқа отыр-дық. Солардың төртеуімен  бірлесе отырып 2016 жылы Өрнек қорымында  құрып кету алдында тұрған екі қорғанды қаздық. Биыл сол мамандармен Рахат шатқалындағы екі қорғанды қазуға кірістік. 2015 жылы ҚХР-дағы ең ірі археологиялық ғылыми-зерттеу мекемесі – Шәнси провинциясының Археология институтымен 5 жылға келісім-шартқа отырдық. Соның нәтижесінде биыл Рахат қалашығын зерттеуге кірістік. 2013 жылы Дания мемлекетіндегі Копенгаген университетінің Геогенетика орталығымен танысуға мүмкіндік туды. Арадағы келіссөздер нәтижесінде аталмыш орталықтың жас маманы Петер Даамгард «Алтын адамның» қаңқа сүйектерінің және басқа да зерттеу нәтижесінде табылған адам және жануар сүйектерінің үлгісін алып кетті. Қазір бұл сүйектердің зерттелу нәтижесі бойынша үлкен ғылыми мақала баспасөзге дайындалуда.

– Зерттеулер нәтижесінде қандай жаңалықтар ашылды? Обалардың қандай тылсым құпиялары бар екен?

– Сақ дәуіріне тән қорғандардың құпиялары, тылсым сырлары өте көп. Есік қаласының төңірегінде КСРО-кезеңіне дейін 600-ден астам оба болған, қазіргі күнде соның 150-дейі ғана қалды. Сол 150-дей обаның 83-і біздің қорғау аумағымызға кіреді. Қалғанының бәрі саяжайлардың ішінде қалып кеткен. Бір қорған бір қорғанға ұқсамайды. Оның әрқайсысы бір жатқан құпия, жаңалық. Тіпті ішкі құрылымы, жерлеу тәсілі, заттардың түрлерін айтпағанда, әр қорғанның үстінде өсіп тұрған  шөптердің өзінің бірін-бірі қайталамайтыны таң қалдырады.

– Қазылған обалардың бәрінен де сүйектер, бұйымдар табылып жата ма?

– Әрине. Бұл обалардың бәрі тоналған обалардың қатарында. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын, сонау Сақ дәуірінде жерленген кезінен бастап тоналып келген. Соның өзінде де, біз осы қазба жұмысы нәтижесінде табылған заттар арқылы қорымызды жылдан жылға толықтырып келеміз. Тіпті қазба жұмысы нәтижесінде арнайы экспозициялық археологиялық зал аштық.  1970 жылдары табылған «Алтын адам» да сондай тоналған деп есептелген обадан табылған.

«Алтын адам» табылғалы бері 45 жылдан астам уақыт өтсе де оны зерттеу жұмыстары толастамай, тіпті шетел ғалымдарының қызығушылығы жыл санап артуда. Дегенмен, Еліміздің Тәуел-сіздігінің символына айналған, Нью-Иорк қаласындағы штаб-пәтерінде, ҚР Президентінің  резиденциясында, ҚР Ұлт-тық банкінде, Ұлттық, Орталық музейлерде  орын алған  «Алтын адамның» айналасында әлі күнге дейін жауабы табылмаған сұрақтар аз емес. Оның шығу тегі, жасы, жынысы, әлеуметтік дәрежесі, киіміндегі алтын әшекейлердің орналасу тәртібі мен мәні және т.б. төңірегінде айтыс-тартыстар көп. Тек бір қаңқа сүйегі бойынша қаншама жұмбақтар бар.

2011 жылдан бастап «Есік» қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері осы сұрақтарға жауап іздеп зерттеу жұмыста-рын бастады. Нәтижесінде,  біріншіден, зерттеу барысында 1969-1970 жылдардағы экспедиция мүшелері мен куәгерлерден сұхбат алынды, мұрағат құжаттары мен деректі фильмдер зерттелді. 2016 ж. «Тайны Золотого человека» атты жинақтың баспасөзде жарық көруі сол еңбектің жемісі. Екіншіден, осыған дейін із-түзсіз жоғалып кетті деп есептелген «Алтын адамның» қаңқа сүйегі  2013 жылы «Есік» қорық-музейіне қайтарылды.  Қорық-музей қызметкерлерінің қуанышы, ендігі кезде қаңқа сүйекті зерттеу арқылы бастапқыда айтылған  сұрақтарға жауаптар іздеу сынды жауапкершілігі үлкен жүкті атқарумен ұласты. Ең алдымен қаңқа сүйектің «Алтын адамға» тиесілі екендігін дәлелдеу, дәлелденген жағдайда сараптама жұмыстарын жалғастыру мәселесін шешу керек еді.  Өкінішке қарай, сүйектердің арасында бас сүйегінің болмауы мүмкіншіліктерді шектеді. Табылған қаңқа сүйек, «Алтын адамды» алғашқы тапқан ағамыз Б.Нұрмұханбетовке, кезінде археолог-студент ретінде экспедицияға қатысқан, қазіргі кезде сақ тақырыбын жан-жақты зерттеп жүрген, білікті маман А.Акишевке көрсетілді. Олар мойын-даған қаңқа сүйек белгілі антропологтар О.Смағұлов пен А.Смағұловаға көрсетілді. Ғалымдар қаңқа сүйектерінің сақталу жағдайының нашарлығын айта отырып, жасы шамамен 17-20 жаста, ер адамның сүйегі деген  алғашқы сараптама қорытындысын берді. 2015 жылдың маусым айында «Есік» қорық-музейіне келген венгрлік антрополог ғалым Андраш Биро  «Алтын адамның» иық және жамбас сүйектерін мұқият қарап, оның жетіліп келе жатқан, 16-18 жастағы бозбаланың сүйегі болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Сүйектерінің жіңішкелігі оның ақсүйектер әулетіне жататындығынан деп атап көрсетті.

Ендігі кезекте «Алтын адамның» бас сүйегін іздестіру, қаңқа сүйегін зерттеу жұмысын аяқтау, оны жер қойнауына тапсыру сияқты күрделі де жауапты жұмыстар күтіп тұр.

– «Алтын адамның сүйегі» жер қойнына тапсырылса, бұл алдағы уақытта киелі, туристік орынға айналады ғой?

– Әрине, өздеріңіз білесіздер, киелі орындар  мәселесіне соңғы уақытта баса назар аударылуда. Алтын адамды жерлеп, оның үстіне қорған салатын болсақ, ол да бір қасиетті орынға айналатыны күмәнсіз.

– Сақ дәуірінің бай тарихынан мол хабар беретін «Алтын адам» жетпісінші жылдары табылды. Бірақ, белгісіз себептермен ол жоғалып қалды, дұрысырақ айтқанда, әлдеқалай бір қораптың ішінде елеусіз қалып кетті. Бұл сол кездегі мамандардың салғырттығынан болды ма, әлде мұнда қандай да бір саяси астар  бар ма еді?

– Меніңше, бұл саяси мақсаттардан гөрі салғырттықтан болған жәйт. Әрине сол кездегі жағдайды да ескеру керек.  Төрт мыңнан астам әшекей бұйыммен бірге жерленген «Алтын адамның» табылуы күтпеген жағдай. Алтын әшекейлерді зерттеуге баса көңіл бөлініп, қаңқа сүйекті зерттеу мәселесі  екінші кезекке қалып қойған болса керек. 

– Байқап отырсақ, қорық аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық барлау жұмыстарының бәрі де шетелдік, соның ішінде қытайлық, кореялық мамандармен бірлесе жүргізілуде. Біздің жеріміздегі мұраны қазып, зерттеуден  олардың ұтары не?  Ал біздің мақсат, тек археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде шет елдік озық тәжірибені үйрену ғана ма?

– Олар үшін де, бұл – тәжірибе алмасу. Олар бізде ғана қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. Моңғолия, Өзбекстан, Жапония сияқты елдерде де зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелерін салыстырып, өз беттерінше қорытынды жасап жатыр. Бір сөзбен айтқанда, біз шет елдік мамандармен бірлесе жұмыс жасап, әлемдік тәжірибеге өз үлесімізді қосып отырмыз. Екіншіден, Оңтүстік Корея ғалымдары бізбен арғы түп атамыз бір деп есептейді. Олар да өздерінің тарихын ғұндармен, үйсіндермен байланыстырады. Сондықтан, олар да бұл зерттеуді өздерінің  ата-бабаларының тамырын зерттеу деп біледі. Ал біздің корей және кытай археологтарынан  үйренеріміз көп.  Оны мойындауымыз керек.

– «Алтын адам» тәрізді еліміздің ең әйгілі археологиялық олжасы табылған тарихи орынға деген өз жерлестеріміздің қызығушылығы қандай?

– «Есік» қорғанынан табылған «Алтын адам» тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес құндылық. Арнайы зерттеулер, қайта қалпына келтіру жұмыстары нәтижесінде оның  маңыздылығы күннен күнге артып, біздің сана сезімімізге, дүниетанымымызға әсері күшейе түспек. Қызығушылықтың бір дәлелі алтын адамның табылған жерінен республикалық қорық-музейдің ашылғандығы. Жергілікті тұрғындар «Алтын адам» табылған жерде өмір сүріп жатқандықтарын мақтаныш етеді.

– Тұжырымдаманы жүзеге асы-рудың бірінші кезеңінің түйінді индикаторының бірі  «мұражайларға келу санын 3 есе ұлғайту» болып отыр. Бұл үшін, әрине, музейлеріміздің «ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялар орталығы» деңгейіне көтерілуі қажет. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары қалай болып жатыр?

 – 2015 жылы жыл бойына келушілер саны 300-400 адам болса, қазір жылына 17 мыңға дейін жетеді.Алайда, былтырғы 17 мың келушінің 3 пайызы ғана жергілікті халық. Біз 3 жыл қатарынан қорық-музейде «Музей түні» іс-шарасын өткізіп келеміз. Сол күні келушілер саны 4 мыңға дейін барады және келушілердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. Қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, әрине мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді.  Қорық-музей қазыналық мекеме ретінде кіріс табуы  да қажет. Кірісіміздің бір бөлігі   материалдық-техникалық базамызды дамытуға жұмсалады. Дегенмен қаражат мәселесі өзекті. Әлі де болса өмірдің талабына сай қорық-музей  құру жолында қаражат тапшылығын сезінеміз. Биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған рухани жаңғыру міндет-терін жүзеге асыру мақсатында Қазақ-станның киелі жерлерінің географиясын әзірлеу шараларына кірісіп кетті. Осы бағдарлама аясында бірқатар республикалық музей-қорықтардың қор-ғауына алынған ескерткіштердің тартымды туристік нысандарға айналдыру мақсатында оларды зерттеу, дамыту, насихаттау ісіне қолайлы жағдай жасайтын Сапар орталықтарын салу жұмыстарын жоспарлап отыр. Олардың қатарында Есік қорық-музейі де бар. Алдағы жылдары материалдық-техникалық базамыз жақсарады деген үміттеміз.

– Ұлттық мәдени-тарихи мұрала-рымызды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу үшін қол ұшын беріп, мате-риалдық немесе моральдық тұрғыда қолдап жүрген азаматтар бар ма?

– Қазір Үкімет тарапынан меценат-тардың көмегін көрсету мәселесін заңдастыру қарастырылуда. Бұл мәселе Үкімет тарапынан реттелсе бізге де оңай болар еді. Себебі, кейде  көмек көрсетудің өзі  қағазбастылықтың салдарынан қиын болып жатады.  Дегенмен, қорық-музейге азды-көпті көмек көрсететін адамдар жоқ емес. Мысалы, қорық-музейдің территориясын абаттандыру түгелге дерлік осы демеушілердің көмегімен іске асты. Қорық-музейдің алдында  Ж.Набиев сынды азаматтың көмегімен құрылған 12 қанатты стационарлы киіз үй бар. Ол үйде біз конференциялар, семинарлар өткіземіз. Кейде, тіпті, экспозициялық көрме ретінде пайдаланамыз. Кездейсоқ табылған артефактілерді сыйға беріп кететін азаматтарда кездеседі. Мұның өзін үлкен демеушілік қолдау деп білеміз.

– Жалпы, мәдени саясатты реформалауда кадр саясатының дұрыс жүргізілуі ауадай қажет. Мәдени мұраларымызды  сақтау ісіне жас, білікті кадрларды тарту жағы қалай болып жатыр?

– Өзіңіз білесіз, елімізде музей ісі мамандарын ұлттық университетімізде бір ғана кафедра дайындайды. Музейтанушы, жалпы, музей саласын бітірген мамандарға тапшылық бар. Сондықтан да біз көбіне тарихшыларды  қызметке аламыз. Мамандардың ішінде ағылшын тілін білетін тарихшылар жоқтың қасы. Жергілікті білікті мамандарды табу одан да қиын. Қазір қорық-музейіне Алматыдан 4 маман, Қарағанды қаласынан 1 маман тартылған. Қытай және түрік тілінде жетік сөйлейтін мамандарымыз бар. Қазақстанның киелі жерлерінің қатарына Алматы облысының Таңбалы петроглифтері, Есік қорымдарының кешені, Үңгіртас секілді ескерткіштермен қоса халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Талхиз қалашығы енгізілді. Осы орайда, Талхиз қалашығын қорғау, сақтау, пайдалану және басқару мәселесінің бірден-бір тиімді жолы ретінде ескерткішті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қарауына заңды түрде беру мәселесі пысықталды. Демек, жұмыс ауқымы да үлкейеді. Бүгінгі таңда, Есік қорық-музейі қызметкерлерінің саны көбейіп, Талғар қалашығын зерделеу, қорғау және насихаттау ісімен айналысатын арнайы  мамандар тартылады.

Сұхбаттасқан Нұрбану КАМАЛ.

Суреттерді түсірген Күнқожа ҚАЙРОЛЛА.

Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:44

Соғыстан жеңіске дейін

 

Фашистік Германия Кеңес Одағына  еш бір ескерусіз тұтқиылдан соғыс бастаған кезде Дәуіт Беспаев қылыштай қылшылдап тұрған қырық жаста еді. 1901 жылы өзі дүниеге келген Сүгір ауылы Тельман колхозынан әскер қатарына шақырылды.  Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан Дәуіт ата жеңіске таяу қалған кезде қатты жараланып, госпитальда жатып емделіп, 1946 жылдың қазан айында ауылға оралады.

Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:25

Ерлік кездейсоқ болмайды

1986 жылдың 26 сәуірі түні Чернобыль атом электр станциясының 4-энергоблогында болған апат салдарынан радиоактивті қалдықтардан түзілген бұлт 7,1 млн. адам тұратын 155 мың шаршы шақырым аумақты жайлап, радиациялық ластануға алып келген-ді. Сол жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды дегенмен, сол аумақты жайлаған қасірет кеселінен арыту, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары, яғни апаттың залал-зардаптарын жою 2005 жылға дейін жалғасты.

Бейсенбі, 28 Шілде 2016 15:26

Бостандық үшін Күрескендер

1916 жылы  Жаркент уезінде  барлығы 30 болыстық басқарылымдар/ Волостное управление/  болған.   Оның  ішінде 14-болысы Албандар,  6-болысы Суандар,  10-ата басқа, аралас аталардан құрылған.

Ал Верный уезінде 3 болыс Албан атаның балалары болды. Соның ішінде Түргеннен бері,  Далашыққа дейінгі жердегі елдің басын құрап, патша үкіметі   Қызылбөрік болысы деп құрылым жасапты.

Бейсенбі, 06 Тамыз 2015 12:25

Батыр ұстазым Мәлік аға хақында

Халқымыздың қалаулы ұлы, қоғам қайраткері, педагог, публицист, академик, Батыр жауынгер-жазушы, зерек ғалым Мәлік  Ғабдуллин осыдан жүз жыл бұрын, қыстауға  жиналып жатқан қарбалас шақта Көкшетаудағы Зеренді  көлінің сыртында «Қой  салған» деген жерде (Қазіргі Мәлік  Ғабдуллин атындағы елді  мекен) қараша  үйдің ішінде 1915  жылы дүниеге  келді. Балдырған  шағында бақытты  заманға кез  болып, бастауыш мектепті  ауылда  оқиды  да, Көкшетау  қаласындағы балалар коммунасында  жетінші  класты бітіреді.  Білімін  жетілдіру  мақсатымен  Алматыға  келіп  жұмысшы  факультетіне  түседі. 1931 жылы  Қазақтың Абай  атындағы мемлекеттік педагогикалық  институтына қабылданып, оның қазақ  тілі  мен  әдебиеті факультетін  ойдағыдай  тәмамдап шығады. 1935 жылы «Пионер газеті» редакторының қызметінде, 1936-38 жылдары Қызыл  Армия қатарында болады. 1938 жылы аспирантураға түседі.  Кандидаттық  диссертациясын  аяқтау кезінде соғыс  басталады.

Жұма, 13 Наурыз 2020 11:37

На завершающей лыжне

Быть в числе первых,  занимать только чемпионские и призовые места – таков настрой воспитанников мастера спорта, победителя Марафона мира в г.Москве, ветерана легкой атлетики Казахстана Алпыса Ермаганбетова, старшего тренера областной ДЮСШ по зимним видам спорта. Его ученики  завершили  сезон лыжных гонок с отличными результатами.

В первенстве области по лыжным гонкам, состоявшемся 17-18 февраля на лыжно-биатлонном комплексе «Алатау» г.Талгара, они вновь вышли в лидеры среди 300 участников из г.Енбекшиказахского, Талгарского, Райымбекского, Кегенского, Аксуского районов. В юношеской возрастной группе 2006-2007 г.р. в  гонке на 3 километра третьим к финишупришел ученик 8 класса СШ имени К.Сатпаева Эмир Султан. В младшей возрастной группе среди девочек четвертый результат  на километровой дистанции показала ученица 4 класса СШ имени Райымбека батыра Ангелина Янышевская, выполнив норматив 3-го спортивного разряда.

27-28 февраля в с.Сарыжаз Райымбекского района прошел  третий этап открытого лыжного первенства Алматинской области. В возрастной группе 2006-2007 г.р. среди девочек в гонке на 1,5 км второе место заняла Анастасия Михалева, шестиклассница СШ имени В.Терешковой. Анастасия Пашнина, семиклассница той же школы, пришла к финишу третьей. Четвертой завершила гонку ученица 7 класса СШ имени К.Сатпаева Милана Касымова, а пятой – ученица 6 класса СШ имени Райымбека батыра Виктория Коломыцева. Такого успеха не добилась ни одна команда. Среди 270 участниц первенства не было равных лыжницам Алпыса Арыкбаевича и на дистанции 3 км. В той же возрастной группе «золотого» результата достигла   Анастасия Пашнина, а «серебряного»    – Анастасия Михалева. 

Впереди – весенне-летний период, когда легкоалтеты Алпыса Арыкбаевича поменяют лыжи на кроссовки. И будут обгонять соперников уже на беговых дорожках.

И.ВИКТОРОВ

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет