Бейсенбі, 22 Қазан 2015 12:35

Үш алтын, үш күміспен оралдық

Жақында Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық жарыс өтті. Оған ауданнан 6 боксшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Бейсенбі, 15 Қазан 2015 11:29

Успеха, Меруерт!

В  составе молодежной  сборной РК  на турнире по боксу в Польше (г.Гливица), в котором участвовали представители 15 стран,   выс-тупала наша землячка, студентка спортивного факультета университета имени И.Жансугурова Меруерт Конысбай. воспитанница директора ДЮСШ, заслуженного тренера РК по боксу Станислава Тынысбекова и тренера по боксу, преподавателя СШ имени Б.Майлина Тлека Манапа завоевала «серебро». перспективная представительница женского бокса в олимпийской весовой категории, призер и чемпион республиканских и международных соревнований, в конце октября будет выступать в Кубке Жетысу – международном турнире класса «А».  Пожелаем  ей успеха!

                                                  И.ВИКТОРОВ.

Сәрсенбі, 17 Маусым 2020 10:53

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Биылғы жылы әлемді әуреге салған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, жаппай халық бұл сынақтан аман-есен өтуге тырысып бағуда. Осы орайда, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ҚМДБ-ның көпке жасаған көмегі орасан зор.

«Қайырлы істің қайырымы бар» аудандық мешіттің бас имамы Сапархан Айдарханұлының түрткі болуымен ауданға қарасты барлық мешіт имамдары жамағатпен бірге жақсы істі жалғастырып, халыққа қайрымдылық жасауда аянып қалмады. Атап айтар болсақ, ауданымызда сомасы бір миллион теңгені құрайтын екі ірі қара мал және онға жуық қой сойылып, жүзге жуық жағдайы төмен отбасыға таратылды. Сондай-ақ, сомасы бір жарым миллион теңгені қамтитын азық-түлік күйінде (сұйық май, қант, ұн, шай, макарон, күріш) бес жүзге жуық отбасыға көмек көрсетілді және үш жүз мың теңге ақшалай берілді. Осындай қиын-қыстау кезеңде мешіт қызметкерлері тарапынан емханада қызмет етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға, өрт сөндірушілерге, полиция қызметкеріне және балалар үйіне көмек қолы созылды. Сонымен қатар, аудандық мешіттің атынан мүмкіндігі шектеулі отбасыға мүгедек арбасы тарту етілді.

 

Нұрболат Сыдықов,

Қайназар ауылдық мешітінің

 имамы

Пайғамбарымыз ﷺ бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту:

– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

Алайда рұқсат берілмеді.     

Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде пайғамбарымыз:

– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.

Әлгі кісі айтылғандарды қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды пайғамбарымызға білдіргенде, ол:

– Құдіреті күшті Алла Тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді. 

Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

Сол себепті де әрбір ісімзге, сөзімізге өзімізге отчёт беріп отыруымыз қажет, ғайбат, өсек айту сынды теріс әрекеттер оразаның қабыл болмай қалуына алып келуі әбден мүмкін екен.

Барша жақындарыңызға таратыңыздар, олар да біле жүрсін.

Жұма, 21 Ақпан 2020 14:21

Дін – қоғам айнасы

Дін – ерекше қозғаушы фактор. Сол себепті де мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың барлық мәселелерінің оң шешім табуы өте маңызды.

Аталған саладағы барлық түйіткілдер үш негізгі қағидатты: тепе-теңдікті, бейтараптықты және төзімділікті сақтай отырып шешіледі. Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста діни ахуал тұрақты.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы тіркелген. Қазіргі таңда еліміз бойынша 18 діни конфессия бар, соның 12-сі Алматы облысында өз жұмысын арттыруда. Сонымен қатар, облыста тіркелген 466 ислам мешіттерінде барлығы 573 имам қызмет атқарады. Оның ішінде: 282 бас имам, 96 наиб имам, 22 ұстаз, 11 азаншы, 162 молда бар.

Тағы да айта кетерлігі, христиандық және басқа да діни бағыттарда 307 діни қызметші еңбек етеді. Олардың ішінде: 75 православие, 29 Рим-Католик, 200 протестанттар, 2 Бахай ілімі, 1 Кришна санасы қоғамы.

Облыста 30 миссионер тіркелген. Тарқатып өтсек, Кореядан – 8, Турциядан – 2, Испаниядан – 5, Польшадан – 9, Италиядан – 2, Литвадан – 1, ҚР – 3 миссионер діни тұрақтылықты сақтауға жұмыс жасауда.

Жоғарыда аталған барша діни орындардың ахуалын Алматы облыстық дін істері басқармасы тікелей бақылауына алған. Аталған басқарма конфессияаралық қатынастарды нығайту; мемлекеттің зайырлы тұрақтылығын дамыту; дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу сынды мақсатты істерге басымдылық берген.

Сондай-ақ басқарма діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша түрлі діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарға психологиялық көмек беруде. Олармен теологтар мен психологтар бірлесе жұмыс жасауда.

Алматы облыстық дін істері басқрамасының басшысы Рахмет Есдәулетов өз сөзінде облыста теріс ағымға түскен тұрғындардың бар екенін айтты. "Олармен түсіндіру, түзету шараларын жүргізіп жатырмыз. Десе де бірден өз қателіктерін түсініп кетеді деп айта алмаймын. Ол үшін уақыт қажет", – деді.

Осы орайда халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша басқарма тарапынан 2019 жылы 326 семинар, 73 конференция, 338 дөңгелек үстел, 2179 кездесу, 332 дәріс, 363 акция, 1068 тәрбиелік сағат, 477 отырыс, 63 пікірталас, 30 сауалнама, 49 фокус-топ, 3 фильм көрсету, 15 спорттық іс-шара, 46 көрме, 8 форум, 2 эссе байқауы, барлығы 5763 іс-шара өткізіліп, 394 244 адам қамтылып жүйелі түрде іс-шаралар атқарылып келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу іс-қимылдары қолға алынып, облыстық «Жетісу» телеарнасынан «Ғибратты қазына» бағдарламасы және де басқарманың өз тарапынан 1000 данамен жарық көретін «Дін және руханият-мәдениет әлемі» деген атаумен газет жарық көрген.

Анар САБЫРОВА

Араға жыл салып, күллі Ислам үмметі аңсай күткен ұлық мереке – Құрбан айт та келіп қалды. Баршаңызды ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Еңбекшіқазақ ауданының имамдары атынан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Әрбір мұсылман баласы Құрбан айт күні таңертең дәрет алып, өзінің алғашқы қадамын тазарудан, мұнан кейін үстіне кіршіксіз таза да жаңа киімдерін киіп, хош иіс себініп, мешітте көпшілікпен бірге мерекелік намаз оқудан бастайды. Осылайша мұсылман мерекесі құлшылықпен басталып, өзінің барлық сән-салтанатымен имандылық думанына жалға-сады.

Құрбан айт мұсылман ай күнтізбесіндегі зүлхижжа айының оныншы жұлдызында басталып, үш-төрт күн мере-келенеді. Негізінен, бұл айт мейрамы мұсылмандардың Мекке мен Мәдине шаһар-ларында қажылық парызын өтеу кезеңімен аяқталады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев-тың бастамасымен тәуелсіз еліміз «Құрбан айт»  мерекесінің алғашқы күнін республикалық деңгейде демалыс күні ретінде мерекелеп келеді. Биылғы қасиетті мереке тамыз айының 11-ші жұлдызына тап келеді. 07.00-дегі таңғы намаздан кейін құрбандық шалуға болады.

Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла тағаланың риза-шылығы үшін құрбандық шалуы тиіс. Тіпті, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім дүние-мүлкі мол бола тұра құрбан шалмаса, біздің мешітімізге жақындамасын», – деп қатаң ескерткен. Сондық-тан қорасында малы, яки қалтасында қаражаты бар кісі сараңдыққа салынбай, Алла жолында малын құрбан етіп, мұқтаж жандарға үлестіріп беруі керек. Бұл рәсім Құрбан айт намазынан кейін айттың үш күнінде орындалады. Сүйікті пайғамба-рымыз (с.а.с.) мерекенің бас-талуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», – деген.

Айта кетейін, төрт түлік малдан тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе ғана құрбандыққа шалынады. Қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Алты айдан асқан тоқтының сыртқы көрінісі қомақты болса, құрбандыққа жарайды. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толуы керек. Қой мен ешкі бір кісі атынан құрбан етіледі. Ал, сиыр мен түйені бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп құрбан етіп шала алады. Ең алдымен құрбандық малы сол жағымен құбылаға қаратып жатқызылады. Сосын бауыздайтын кісі «Бисмилләәһи Аллааһу әкбар» деп малды иегінің астынан өңешін, кеңірдегін және күре тамырларын кесе отырып бауыздайды. Малдың жаны шықпастан басын кесіп алу және терісін алу – мәкруһ амал. Малды бауыздап жатқанда «Бисмилләһ» сөзін әдейі айтпай қойса, ол малдың етін жеуге болмайды.

Құранда «Хаж» сүресінің, 28-аятында: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер», – делінген. Демек, құрбандыққа шалынған малдың етінен өзі және өзгелер де жей алады. Дұрысы, бұл мәселеде пайғамбарымыздың өсиетін басшылыққа алып, құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж жандарға, екінші бөлігін туған-туыстарыңыз немесе көршілерге, ал қалған бөлігін өз отбасына алып қалған жөн. Сондай-ақ, «барлығын Алла жолында атадым» деп құрбан етін түгелдей тұрмысы төмен жандарға таратып беруге де болады. Бір ескеретіні, құрбан шалушы адам сойылған малдың терісін пайдалана алмайды және қасапшыға ақы ретінде де беруіне болмайды. Терісі садақа ретінде берілуі тиіс. Айтпақшы, шалынған малдың бас-сирағы мен ішек-қарнын ысырап етіп  тастамай, оларды тазалап алып, мұқтаж жандарға үлестіріп беру керек. Құрбан айттың ең сүйікті амалы және осы мерекенің басты құлшылығы болған құрбандығымыз толықтай қабыл болуы үшін малдың жеуге жарамды болған ешбір ағзасы күл-қоқысқа тасталмауы қажет.

Жаратқан Ие баршаңыздың ізгі ниеттеріңізді қабыл етсін!

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы.

Сейсенбі, 16 Шілде 2019 14:40

Мұсылмандық сипаты

Ислам – қоғам ішінде бейбіт өмір сүру мен тәртіп сақтауға шақыратын дін. Бұл әрбір адамның Алланың және адамдардың алдындағы мұсылмандық міндеттерін толық орындауы-на мүмкіндік береді. Үлгілі мұсылман өз мемлекетіндегі заңдарды сыйлайды, онда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен тыныштықтың болуын қалайды, оның экономикалық жағынан өрістеуіне де қажыр-қайрат жұмсайды. Ол мойнына елдің келешегі жүктелген азаматтарға дұға жасап, оларға Алладан игілік тілейді.

Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол қоғамды, Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, айналаға пайда келтіруге тәрбиелейтін парасат діні.

Ислам дінінің тәрбиелік маңызы зор. Ислам діні – мәдениеттіліктің бастамасы, оны қорғаушы күш. Ислам өзінің жолын құлдықты жою, кедейлерге көмек көрсету сияқты маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалардан бастады, әлемге басқа әлемдік діндерден өзгеше, берекелік жүйесін берді. Ислам бойынша, бақытты өмір сүрудің кілті – имандылықта.

Ислам діні – әрбір мұсылман-ның әлеуметтік жағдайына да басты көңіл бөледі. Отбасы, бала тәрбиесі, мұсылман арасындағы қарым-қатынастың жүйелігін ислам жіті қадағалайды және кез келген әлеуметтік мәселелерді түсіністікпен шешуге, ауыртпалықтарға сабыр етуге шақырады. Осының нәтижесінде мұсылман-ның бойында белгілі бір мінез-құлық пайда болады.

Ислам қоғамындағы тыныш-тық пен ынтымақты сақтау үшін мұсылман қауымынан мынандай негізгі қағидаларды сақтауды талап етеді. Бірінші, өзгенің ақысын бұзбау. Ислам дінін қабылдаған, Құраннан нәр алған әрбір мұсылман өзгенің ақысын жемей, ала жібін аттамай, өзге мұсылман бауырына зиянын тигізбеуі керек. Екінші, әділ болу, жақсы қатынас жасау. Үшінші, жақсы мінезге ие болу. Ислам жақсы мінез-құлықтан тұрады. Пенденің иман тұрғысынан кәмілдігі мен әлемнің тыныштығы жақсы мінез-құлықпен жүзеге асады. Төртінші, сенім еркіндігі. Ислам жеңіл дін әрі ешкімді сенімі үшін айыптамайды. Дінде зорлық жоқ. Бесінші, мейірімді және кешірімді болу.

Шынайы мұсылман өз шама-шарқынша қоғамға пайда келтіргені жөн. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың өзі жақсы амал. Исламда сауапты істер жасау – бауырмалдық, қайыр-садақа жасау, зекет беру, адал еңбек ету секілді көптеген құндылықтарды қамтиды.

Мұсылман үшін отбасын бағып-қағу да үлкен сауап. «Ер адамның садақа етіп шығарған динарының ішіндегі ең абзалы – өзінің қарамағындағылары үшін шығарған динар, Алла жолындағы өзінің көлігіне шығарған динар және де Алла жолындағы өз жолдастары үшін шығарған динар» делінеді хадисте (Муслим).

Шынайы мұсылман баласы үшін ешкімге мұқтаж болмай өмір сүру, адал жолмен мал табу – басты өмірлік қағидаттардың бірі. Миқдад ибн Мағди Якрабтан жеткен риуаятта Мұхаммед Пайғамбар: «Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан тағамынан тәуір тамақ жемеген. Расында, Алланың пайғамбары Дауіт те қол еңбегімен тамақ тауып жеген» деген.

Исламның іргетасы жақсы мінезге құрылған. Жақсы мұсылман болу үшін көркем мінезге бай болу керек. Исламның биік өнегелі тұлғасы – Мұхаммед пайғамбар ерекше көркем мінез иесі болған. Бұл жөнінде Құранда: «Әлбетте, сен көркем мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят) делінген.

Кісі ауырғанда оның жағдайын сұрау, дүние салса көңіл айту, қолдан келсе көмек көрсету – мұсылмандық сипаттардан. Пайғамбар былай деп баяндайды: «Ауру адамның халін сұрауға баратын жол – жәннатқа баратын жол, ал ол адамдарға періштелер қанатын төсейді».

Мұсылман сипаттарының тағы бірі – бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбар: «Сендердің ешбірің өзіне қалағанын діндес бауырына да қаламайынша, толық иман келтірген болмайды» деген.

Осындай көркем сипаттар кез-келген адамның бойында табылса, онда ол өмірінің әртүрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, кез-келген әлеуметтік жағдайлардың шешімдерін оңай таба білмек.

Дін ұлтты ұйыстырушы фактор және гуманистік қоғамдық құбылыс ретінде ұлтаралық үдерістерді тұрақтандыруға, бейбітшілік пен адамзаттық келісімнің орнығуына әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның діни саласына төзімділік пен сыйластық тән. Бұл қуаттты тұрақтандырушы фактор болып табылады.

 

Ақнұр ТҮРЛІҚОЖА,

«Алматы облысы дін істері басқармасының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы

Сәрсенбі, 22 Мамыр 2019 09:27

Дін – ұстараның жүзіндей нәзік

Рахат №1 орта мектебінің мәжіліс залында «Ислам діні туралы түсінік» тақырыбында жиын өтті. Жиынды жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Тойғанбай жүргізді. Баяндамашы ретінде Еңбекшіқазақ ауданының дін инспекторы Олжас Сатай, Көктөбе ауылдық мешітінің имамы, аудан имамының наибы (орынбасары) Нұржан Нышан келіп қатысты.

Шара шымылдығы «Ұл» атты қысқаметражды фильмнің көрсетілімімен ашылды. Қонақтарымыз өз сөздерінде: «Дін – адамгершілік, мейірім, ізгілік пен имандылықтың адамзатты алға жетелейтінін уағыздайды. Бүгінгі жиынның мақсат, міндеттері де осы, себебі дін ұстараның жүзіндей нәзік, бұл салада жаза басуға болмайды. Өйткені, адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жататыны белгілі. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз. Сондықтан да баршаңызды осы мәселеге немқұрайлық танытпай, қолдан келгенше  жан-жақты атсалысуға шақырамыз», - деп басып айтты. Қасиетті рамазан айымен, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ораза ұстау тәртібі, білім алу, ата-ананы және ұстазды сыйлау, әлімжеттік жасамау тақырыптарында көптеген мысалдар арқылы ақпараттар берілді. Жастарымыз сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Айжан Әбіт,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы. 

Бүгін он екі айдың ең қадірлісі — Рамазан айының алғашқы күні. Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған қасиетті ай.

Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде – кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді. „Бақара„ сүресі, 185 аят. Алланың рахымынан үміт еткен әрбір адам бұл айда ораза ұстап, тәубеге келеді. Ораза ұстау – Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, құрметті оқырман. Аллаһ тағала дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз.

Төменде ауыз бекітердегі және ауыз ашардағы дұға бар. Өзіңізге сақтап алыңыз. 

Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия – терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган. Комиссияның негізгі міндеті – аудан аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,  ауданда қалыптасқан жағдайды ескере отырып іс-шараларды жоспарлау және өткізу.

Жоғырыда аталған комиссия жуырда өткізілген жиында ауданның әлеуметтік жағдайы төмен, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын және пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты нәтижелі жұмыспен қамту, аудан аумағында террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмнің тұрғындарға жеткізілу барысын талқылады. Жиын барысында ағымдағы жылда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курсына жіберу, оқыту курсы аяқталған соң оларды нәтижелі жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар жүргізу тапсырылды. Тұрақты жұмысқа қабылданған азаматтардың алдағы уақытта жұмыссыздар категориясына кірмеуі үшін, оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселесін назарға алу, бос жұмыс орындарынан бас тартқан, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын, әлеуметтік жағдайы төмен, бас бостандығынан    айыру орындарынан босатылған және аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар радикалдық діни әрекетке түспеуі қадағалауға алынды. Сонымен қатар,  теолог мамандардың ресми емес ағымды ұстанатын азаматтармен жеке профилактикалық оңалту және түсіндіру шараларын жалғастыру туралы шешімдер қабылданды. Терроризм қатерінің алдын алу бойынша жалпы алгоритм парақшалары округтегі көпшілік жиналатын орындарға: пошталар мен амбулатория, мәдениет үйлері мен мектептерге таратылып, көп қабатты үйлердің кіре берістеріне ілінген. Аталған күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыстарды қала, округ әкімдіктері тұрғындармен жалғасыратыны ескертілді.

 

Аудан әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссия.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет