Сейсенбі, 18 Маусым 2019 16:56

Тіл тазалығын сақтайық!

Аталмыш тақырыпта Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдында акция өтті жуырда. Жиынға Есік қаласындағы  «Алтын Адам» және «Айдос» кафелерінің иелері, «Сұлтан» сауда орталығының басшысы, ауылдық округтердің әкімі аппаратының тіл саласына жауапты мамандары, Есік қаласы әкімдігінің мамандары, БАҚ өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер және көрнекі ақпараттарда, мемлекеттік мекемелердің сыртқы және ішкі хабарландыру тақталары мен ақпараттық тақталарының, жарнамалардың заң талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ете отырып, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыруды мақсат тұтты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақмарал Қанапина:

Бүгін барлық өңірлерде, «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында, 2019 жылдың маусым айынан тамыз айының соңына дейін «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы өтеді. Жарнама – бұл тек ақпарат қана емес, тілді қалыптастырушы, тілдің дамуына ықпал етуші құрал, ой мәдениеті, сыртқы жазу мәдениеті. Сондықтан тіл тазалығын алдымен өзімізден, кішігірім жарнамалық мәтіннен бастау керек, – деп шараны ашып, сөз кезегін облыстық  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Нұрсұлу Рахымбаеваға берді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі және бүгінгі күндегі жағдайы туралы түсінік беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, шараға келген жеке кәсіп иелеріне мемлекеттік тілді үйрену орталығына келіп, тегін курстан өтулеріне болатындығын ескертті. Және де латын әліпбиін үйренуге ниет білдірген немесе бүгінгі күнде белең алған жарнама саласы бойынша сауатты аударма жасауда әдістемелік көмек көрсететінін де айта кетті. Шараға келген өзге ұлт өкілдерінің жеке сұрақтарына да жауап беріп, өз тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді өз сөзінде.

Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің, «mezet.kz» желілік басылымының  бас редакторы Хайролла Ахметжанов:

–Өзің тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілін білмеу тек қонақтарға, ақылы кем адамдарға немесе басқыншыларға ғана тән» деген екен классик. Сондықтан заң бойынша да, өмірдің талабы бойынша да орыс тілінде оқыған қазақ азаматтарына да, басқа диаспоралардың өкілдеріне де мемлекеттік тілді білу – парыз. Сонымен қатар, жарнама, хабарландыру мекемелердің, кәсіпорындардың маңдайшалары сауатты да заң талабына сәйкес болу керек. Яғни, мәтін алдымен мемлекеттік тілде содан кейін ресми тілде жазылуы керек. Бұдан басқа, жарнаманың сауаттылығы және оның көркем болуы, дизайнының көз тартатын болуы мәдениетіміздің бір бөлігі десек артық емес. Сондықтан біздің аудан орталығындағы, елді мекендердегі жарнамалар көңілге қонымды емес, – деп аудандағы ірі сауда орындарындағы, сауатсыз жарнамаларды атап көрсетті.

Сондай-ақ, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Асия  Сулиева қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі ретінде сөз мәдениеті ғана емес,  жазу мәдениетіне де аса мән берген жөн екендігін баса айтты. Себебі сыртқы жазу мәдениеті көзге таңбадай басылып, тілдің мәртебесіне нұқсан келтіретін құбылыс дей келе, жазу мәдениетінің сауаттылығына мән берсек деген идеясын алға тартты.

Шара соңында Ақмарал Абдоллақызы туған тілімізді шұбарламай, мәдениетті, тұнық, анық сөйлеуге, ауданымыздың айнасы болатын жарнамаларымызды жарыққа шығарарда сауатты және жоғары деңгейде көрсетуге атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімі аппаратынан келген тілге жауапты мамандарға акцияның басталғандығын еске салып, жұмысшы топтың округтерге шығатын ескертті. Жеке кәсіп иелерімен аралау барысында қандай заңдылыққа тоқталу керектігіне де тоқталды.

Жансая ЫСҚАҚ

Друзья, как вам известно, Главой государства принято решение о создании Агентства по противодействию коррупции, что свидетельствует о начале реализации одного из приоритетов Касым-Жомарта Токаева – значительном усилении борьбы с коррупцией.

Новый формат работы, базирующийся на идеологии добропорядочности, остается для нас приоритетным. Однако и хватку мы ослаблять не намерены, хотя прекрасно понимаем, что задержания коррумпированных чиновников настроения особо никому не поднимают.

Сегодня хочу обратить внимание на одно из негативных явлений в госаппарате, порядком набившее оскомину – злоупотребления служащих во время внутристрановых командировок и нескончаемых комплексных проверок низовых структур, традиционно сопровождаемых поборами, застольями и подношениями.

Острота этой проблемы подтверждается многочисленными жалобами, особенно от госслужащих областного, районного и сельского уровней. Да и примеров, ставших достоянием общественности, более чем достаточно.

В странах ОЭСР, на стандарты которой мы равняемся, такой проблемы просто не существует, никто никого не принимает, а проверки осуществляются за счет дистанционного контроля.

Чтобы было понятно, на каждую командировку проверяющим выделяется достаточно средств, покрывающих расходы на логистику, проживание и питание.

Однако зачастую ревизоры, отправляясь в регионы, умудряются не потратить и тиына из выделенных денег. Номер в хорошей гостинице, ежедневные обеды и ужины с солеными огурцами в лучших ресторанах, нередко имеющие последствия в виде пьяных разборок, дорогие подарки, баня и охота – все это за счет средств проверяемых коллег. Заведомо зная аппетиты контролеров, местные руководители нередко обращаются за помощью к бизнесменам, чтобы «на уровне» встретить начальство. Такая помощь никогда не бывает безвозмездной и в дальнейшем трансформируется в пресловутое покровительство со стороны чиновника. Чем все это заканчивается, думаю, напоминать не нужно.

Особенно возмущает то, что региональные госорганы по умолчанию принимают и даже поддерживают на плаву этот «институт», изощряясь в организации более интересного и нетривиального досуга для гостей из столицы или областного центра. Как правило, делается это ради положительного отчета на стол министру или акиму области, а также камуфлирования грубых нарушений в работе.

Удивляет то, что при этом находятся люди, которые пытаются оправдать подобное поведение проявлением уважения к руководству, своего рода национальными традициями и чинопочитанием.

Моя позиция однозначна – для профессионального и инновационного госаппарата это абсолютно неприемлемо. Эта практика дискредитирует и девальвирует основополагающие принципы госслужбы, а также серьезно ускоряет маховик коррупции.

В этой связи обращаюсь ко всем государственным служащим, сотрудникам правоохранительных и судебных органов, руководителям госпредприятий и нацкомпаний, выезжающим в региональные командировки, на различные конференции и семинары: вся вышеизложенная практика является грубым нарушением, за которое предусмотрены жесткие санкции, от увольнения до реальных сроков лишения свободы. То же самое касается и принимающей стороны.

Агентством данный вопрос уже взят на системный контроль. В отдельных регионах есть результаты – виновные лица привлекаются к ответственности. Более того, в целях рационального использования бюджетных средств мы внесем предложения в Правительство по оптимизации выездных проверок с переходом на дистанционный мониторинг.

Немаловажная роль в качественном осуществлении этой работы у институтов гражданского общества. Призываю всех общественников и неравнодушных граждан обратить пристальное внимание на подобные факты, смело информируя нас любым удобным способом: письменным обращением на мою почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., сообщением в социальных сетях или позвонив в колл-центр Агентства 1424.

 

Алик Шпекбаев, Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба)

Сейсенбі, 04 Маусым 2019 09:47

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Көсіле аққан көлді де, бетегелі белді де, қойнауы құт тауды да, бақша менен бауды да кие тұтқан қазақ баласы емеспіз бе? Шыңына қарап шыңдалып, көліне қарап көсілетін, бұлағынан сыр бағып, дархандай көңілімен алдына келсе атаңның құнын да кешіретін алаш арыстарының қаны бар бізде. Күңіреніп күн түбіне жортқан Көктүріктің, малдарынан Ар Заңын артық қойған асылдардың Ары бар бізде. Тасқа түскен таңбасы, алтынға толы арнасы, домбырасы төрінде, Бәйтерегі тіреп көгіңде, қасиет бар киіз үйіңде, бұл менің жеті кереметім! – дұшпандар сүйін мейлі сүйінбе!Құмай тазы, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, қақпан мен өткір кездік – бұл менің жеті қазынам! Домбыра шертер, желқобыз, адырна үнінен бойыма біткен саз ұғам. Міне, бұл менің ұлттық мұра, асыл қазынам! Жеті сарқыраманың жиегінде, «Батан» демалыс орнында өткізілген «Мәдени мұра – асыл қазына» тақырыбында өткен іс-шараның маңыздылығы да осында: ата-дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы рухани кемелдену.

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек». Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында дәл осылай деген еді. Рас, ұлттық бітім-болмысымызды ұлықтай-тын сәт туды. Осы ретте келелі іс-шарада аудандық дене шы-нықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының директоры Дәулет Шоқпаров сөз сөйледі. Ерболат Сарабекұлы барша жиылған қауымға іс-шараның маңыздылығын атап берсе, Қайнар Жұмағожаұлы туған жеріңді құрметтеу, туған өлкеңді танудан басталатынын баса айтты. – Шынында, біртұтас халық тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Қайрақты мен Аюлы сарқырамасы арқылы әлемге аты танылған қазыналы Түрген шатқалы да тарихқа бай. Қына үстіне мекендеген Шыңтүрген шыршалары да талайды тәнті етті. Табиғи қалпын сақтаған осынау өңірде бас қосып отырғанымыздың өзі асыл қазыналарымызды құрметтеуге үндесе керек. Алтын адам қойнауында, төрт түлігі Асыдайын жайлауында, табиғаты көз тартарлық, 54 ұлыс өкілі бір-біріне туыс-бауыр байламында бұл – Еңбекшіқазақ ауданы. Ендеше, біздің құндылық, киелі жеріміз, көгорай белі-міз, ынтымақты еліміз, елін ойлаған еріміз! Лайым осынау ұлттық құндылықтарымыз, мәдени мұраларымыз мәңгі болсын! – деді.

Ал Дәулет Дәркембайұлы атқа міну мәдениеті туралы кеңінен сөз қозғады. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының  тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» – деген еді Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Шындығында, ердің сенімді серігі, сауса саумал, сойса ет, мінсе көлік болған жылқыны үйрету ұлы даланың ұлттық коды. Ал қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан үзеңгі, айыл,   пыстан, жүген, ноқта, көпшік шылбыр, қамшы және тағы басқа жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды, – деп жан-жақты тоқталды.

Шара барысында ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. – Өздеріңіз байқап отырғандай, ат әбзелдерін, ауданымыздан табылған Алтын адамның әшекей бұйымдарын, ұлттық сусындарымызды көрмеге қойып, барша келушілерге және туристерге таныс-тырудамыз.Сондай-ақ, тұмса табиғаты бар ауданымыздың табиғи байлықтарын да көрсетуге ынталандық. Мұның бәрі келешек үшін көздің қарашығындай қорғалуы тиіс мәдени мұраларымыз – дейді аудандық рухани жаңғыру орталығының маманы Динара Қоқанова.

 

Өз тілшіміз.

Аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысының күн тәртібінде аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Отынбекованың, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаевтың және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібековтың есебі тыңдалды.

Алғаш боп мінберге көтерілген Гүлмира Отынбекова ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін, емха-налардағы құжат айналымын цифрландыру мәселесі бойынша сөз сөйледі. – Бүгінгі таңда ауылдардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында респуб-ликалық деңгейдегі емханалармен келіссөздер жүргізілді. Қазір ондағы білікті кадрлар ауданымызға келіп, ашық есік күндерін өткізуде. Аудан тұр-ғындары ол күндері тегін тексеруден өтуге құқылы. Екіншіден, әр ауылдық округтерде осы үрдісті жүргізіп келеміз. Қазіргі заман талабына сай әрбір тұрғын денсаулық паспортын жасатуы тиіс. Осы мақсатта ауылдарда амбулаториялар мен ФАП-тарда интернет желісі 100 пайыз істеп тұр. 100 пайыз компьютерлермен қам-тылған. Желілердің кедергісіз жұмыс істеу-ін 11 ІТ мамандар ба-қылауда ұстайды, – дейді Гүлмира Байділдәқызы. Алайда, халық қалаулылары ауданымыздағы 20-ға жуық ФАП-тар мен амбулаториялар құлаудың аз-ақ алдында тұрғанда заманауи технологиялар жайлы айтудың өзі артық екенін алға тартты.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры  Берік Иманбаевтың сөзінше, атаулы әлеуметтік көмекке 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында 2323 отбасы өтінім берген.  Оның 2004-іне  әлеуметтік көмек тағайындалған. Сол секілді кәсіпкерлік негізінде оқуға 99 азамат жіберілген. Оның 39-ы оқуын тәмамдаған.  Ауқымды атқарылған жұмыстар-ды жан-жақты баяндаған Берік Әділжанұлы түйткілді мәселенің де тігісін ағытты: – Құрметті депутаттар, қазір ақылы қоғамдық жұмысқа небәрі 400 адамға қаражат берілді. оның 343-і еңбек етуде. Қалғаны небәрі 57 орын. Көктемгі тазалық жұмыстары жақындаған сайын жұмыскерлер саны жетіспеуде. Екіншіден, мүгедек, ата-анасының қамқор-лығынсыз қалған, пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру өте күрделі болып отыр. Осынау түйткілдерді шешуге өз тараптарыңыздан ықпал етулеріңізді сұраймын, – деді.

Депутаттар тарапынан да сұрақтар толассыз қойылды. Әсіресе, «Жылы-на мектеп бітіретін тү-лектердің үш-тен бірі ғана жоғарғы, арнау-лы оқу орында-рына түседі. Қалғанының тағдыры не болды? Бұған бас қатырып жатқан бөлім-дер жоқ» – деді аудандық мәсли-хат хатшысы Бекет Ахметов.

Күн тәртібіндегі үшінші мәсе-ле бойынша Дәурен Мәлібеков көктемгі санитарлық тазалық    айлығының өту барысын баяндады.

Комиссия отырысының қоры-тындысы қаулыға түсіріліп, тиісті азаматтарға бақылау жүктелді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат

депутаты.

Жұма, 17 Мамыр 2019 10:26

Туған жерге туыңды тік

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген еді. Туған топырақты қастерлеу – қазақ халқы-ның ата-бабадан жалғасқан салты. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз. Осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай, оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Осы орайда, туған өлкеміздің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген кәсіпкерлер де жоқ емес екені көңілді қуантады.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасы әр ауылда сапалы жүргізіліп, өскен өлкенің өр-кендеуін бір ізге түсірсек, құба-құп. Оның ауқымы ізінше кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Сондықтан «Үдере көшкен уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындыра-ды» демекші, Елбасының ұтымды идеялары аясына бірігіп, өткенімізді жаңғыртып, ауданымыздың одан әрі гүлденуіне атсалысып, алдымызға қойған тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыру баршамыз үшін – басты парызымыз.

 

Қ.Байғоджаев,

«Нұр Отан» партиясы

аудандық филиалы төрағасының

 бірінші орынбасары.

Бейсенбі, 02 Мамыр 2019 15:47

Уникальные находки из Есика

Некрополь «Иссык» был впервые описан учеными в 1936 году по результатам Семиреченской  археологической экспедиции. Могильник расположен по обе стороны реки Есик, он включает в себя сотни погребений с эпохи бронзы до тюркского периода. Самые крупные курганы (от двух метров высотой) относятся к эпохе ранних кочевников V-IV вв. до н.э. Большинство из них находятся на охраняемой территории заповедника-музея «Есік». А те, которые не вошли в заповедную зону,  имеют паспорт и поставлены на учет Алматинской областной инспекцией по охране историко-культурного наследия. Но есть совершенно незаметные погребения, каменная конструкция которых задернована и об их наличии, как правило, узнают, лишь начав строительные земляные работы.

Эта история началась в городе Есик в далеком 1991 году. Тогда еще ветви рясной черешни повсеместно склонялись  над заборами, сквозь щели которых прорастала буйной порослью малина, в хрустальных водах арыков кувыркались разноцветные яблоки, а вечерами ласточки предупреждали о непогоде.

В то время строился микрорайон «Автомобилист», и когда стали рыть котлован под здание, экскаваторщик обнаружил предметы из бронзы. Археологический  надзор за строительством осуществлял Бекмуханбет Нурмуханбетов (Бекен ата), археолог, один из авторов открытия Золотого человека. К большому неудовольствию подрядчиков стройка была остановлена и ученый приступил к исследованиям. Стало ясно, что памятник уникальный и относится к раннесакскому периоду – VIII-VII вв. до н.э. В Жетысу таких погребений – единицы. Поскольку костных останков обнаружено не было, стало ясно, что это жертвенный отсек погребально-поминального комплекса. К раскопкам самого погребения приступить не было возможности  из-за отсутствия финансирования и, несмотря на то, что земля была выведена из хозяйственного оборота, про памятник забыли. Спустя годы вокруг кургана выросли коттеджи, а «пустующую» землю превратили в свалку мусора.

И только через двадцать пять лет в рамках научно-прикладного проекта «Могильник Иссык и культура саков Жетысу» и благодаря спонсорской помощи частного предпринимателя В. Резника  учеными заповедника-музея «Есік» курган был исследован полностью. Это был последний объект, на котором с нами работал наш наставник Бекмуханбет Нурмуханбетов.

В фондах заповедника-музея есть предметы, которые особенно ценят специалисты. Их называют датирующий материал. Чаще всего, это наконечники стрел или предметы конской упряжи, которые достаточно хорошо изучены и классифицированы. Как правило, по таким находкам датируют погребение или культурный слой. Но иногда возникают интересные коллизии. Так считалось, что удила с круглым окончанием стержня пришли на смену стремевидным не ранее V века до н.э. В 1960  году в погребении могильника Жуантобе были найдены необычные удила с разными окончаниями стержня – одно из них было округлое,  а другое стремевидное.

Удила, обнаруженные  при раскопках погребального комплекса в Есике,  были как раз такими –  с разными окончаниями. Когда их извлекли из-под камней, Бекен ата, бережно взяв их в руки, сказал, что это  стремечковидные (почему-то он так выразился), ранние. Его слова подтверждались и найденными здесь же наконечниками стрел, которые были однозначно ранние (двухлопастные). Еще одна загадка была разрешена,  еще одна тайна  раскрыта.

Алексей ЧЕКИН, 

научный сотрудник государственного историко-культурного

заповедника-музея «Есік».

Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:11

Рухани құндылықтар бастауы

  Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды.

   Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала  мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренудің жолдарын білуі тиіс. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспеттес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

   Қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің-түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты.

   Аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады Елбасы мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Демек, Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениет-ті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

 

Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі.

Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:16

Тәрбиенің алтын діңгегі

Бүгінгі күнде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздар тарапынан көптеген ізденістер жоспарланып, жүзеге асырылуда. Әрине, ұрпақ тәрбиесінде рухани тұғырды нығайту аса қажет.Мемлекет басшысы  Н.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларына бұл бағытта арнайы жоспар жүйесінде тәрбие сағаттары, түрлі шаралар ұсыну жолға қойылған. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастыратынын ойласақ, біз кішкене баланың бойында азаматтық сана, ұлттық рух қалыптасуын көздейміз. Осыған байланысты патриотизмге баулу, ұлттық мемлекет стратегиясының іргелі бағдарлары кеңінен қарастыры-луда. Олардың еліне, жеріне деген сезімі қаланады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты да сол – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш сезімінің қалыптасуы.

Осы бағытта өзім жан жақты жұмыс жасап, шараны ата-аналармен ғана емес, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелерімен біріге өткізуге тырысамын. Қазақстандық азаматтарды тұтастырып тұрған үлкен мұраттар мен идеялар бар: ол – мемлекетіміздің гүлденуі, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі. Олай болса, соны жас ұрпаққа жеткізу қажет, солардың бойына сіңіру керек.

Әр ауыл мектебі – мемлекеттің шағын бөлшегі, әрбір бала – қоғамның белсенді мүшесі. Демек, бұл бізге мектептегі әр оқушыға елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қараумен қатар, өзінің және айналасындағы өзгелердің өмірін, білім мен тәрбие алуын, құқығын, міндетін зерделеп, реттей алатын толыққанды белсенді азамат деп қарау және олардың көзқарасымен, пікірімен санасу міндеттерін жүктейді.

Оқушылар жазғы демалыста ауыл адамдарымен бірлесе отырып, туған ауыл тарихы туралы деректер жинап, әңгіме, реферат жазып, ауыл тақырыбында сурет салу және мүшәйраға өз шығармашылығын ұсынуға тапсырма алды.

Мектеп ұстаздары және басқа тұлғалар туралы деректер жинақтауды да жоспарлап отырмыз. Осы шаралардың қай қайсы да оқушы, бүгінгі ауыл баласы – ертеңгі ел тұлғасы жүрегіне ұшқын тастағаны, рухани қуат сыйлағаны сөзсіз.

Енді осы жұмыстарды жүйелеп, арнайы жұмыс бағ-дарламасы ретінде жалғас-тыруды ойластырудамыз, бұл – бала жүрегіне елжандылық пен рух сыйлайтын игі іс. Расында, рухани жаңғыру – тәрбие бесігінің алтын діңгегі. 

 

Дана ЖАНСЕРКЕЕВА,

Көктөбе орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Демек, ұлттық-рухани тамырымыздың негізі – отбасынан бастау алады десек қате болмас. Халқымыздың тамыры терең тартқан, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтың бірі де – отбасы құндылықтары. Үлкенін үлгі тұтып, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы «Отан – отбасынан басталады» десе, көреген Елбасы: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп қоғам үшін маңыздылығын көрсетіп берді.

Отбасылық құндылықтардың орталығы ол – Ана. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруші, от басындағы берекені бекемдеуші. Ал, әке сол ұяны сақтаушы, қорғаушы, жарына – тірек, ұрпағына – үлгі болу керек. Осы тұста ана мен әкеден де жоғары ата мен апа статусы бар екенін естен шығармайық. Ана мен әкені бағыттап, ұлттық дәстүрді үйретіп отыратын адамдардың бүгінде: енесі келінін аңдып, сыртынан жамандап бөтенсіткені, аталар көшенің әңгімесі мен көршінің көлігінен басқаны айта алмағаны – ұлттық құндылықтарды құлдыратуда. Кесірінен, қаншама жас отбасылар бір-бірін түсінбей екіге ажырауда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы  ресми деректерге қарағанда, қалалық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайызға жетсе, ауылдық жерлердегі ажырасу деңгейі 27 пайызды құраған. Сондай-ақ, ажырасулардың 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатыны да ойландырады. Ең сорақысы, соңғы бес жылда еліміздегі тіркелген некенің саны азайып, ажырасулардың саны көбейген.  Неге десеңіз, түбімізден, салтымыздан ажырап бара жатқандаймыз. Жас қыздар келін болудың мәнін түсінбесе, кей енелер дәстүрді дәріптемек түгілі, жас жұбайлардың арасына от салуда... Осы тұста ұлт құндылығы жайлы батыр Бауыржан Момышұлынан асып ештеңе айта алмаспыз: «Қай ұлттың болмасын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы – сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан-дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төс белгілері. Олар – бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ұлт болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр өзінен-өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп сақтап та бермейді. Халықтың өз бет-бейнесінен айырылуы не сақтап қалуы – әрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты».

Өз ұлтымызға ғана тән құндылықтарымызды бүгінде біреу білсе, жүзі білмейді. Ауыз толтырып, түсінікті де ұғымды қылып айтар қариялар да шамалы. Құндылықтарымызды біліп, оны білмегенге жеткізу мақсатында батыр баба Бауыржан Момышұлының қолына су құйып, шәйін демдеп, тәлімін тыңдап тереңіне жеткен келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабының желісі-мен ұмыт қалған салттарымызды қайтадан санамызға сіңіруді жөн санадық. Әсіресе, енелер мен аналар, келіндер мен қыздар үшін, себебі бесік тербетушілер ғой, аса құнды мәліметтер легі болмақ. Солардың алғашқысы – Құрсақ шашу. Мұндай салтты сіздің отбасыңызда орындап па еді? Әлде құлағыңызға алғашқы рет жетіп тұр ма? Қалай болғанда да ендігі жерде біліп, қажет болса орындай жатарсыз.

Ата-ананың басты арманы орындалып, шаңыраққа келін түсті. Сөйтіп, келін түсіп бір тілегіне жеткен тілеуқор ана уақыт өткен сайын келіннің бойындағы, жүріс-тұрыс, әдетін-дегі кішкентай өзгерістің өзін қалт жібермей, оның себебін турасынан сұрамай, қамқорлы-ғын жасай жүріп бақылауға алады. Тек ене ғана емес, абысын-ажын, ауылдағы жанашыр аналар жақсылықтың нышаны қашан байқалар екен деп қадағалап күте бастайды. Күндердің күнінде келіннің асқа тәбеті тартпай, қалтарысқа барып лоқсып жүргенін көрген әйелдердің бірі оның енесіне келіп: «Келініңіздің құрсағы аққа жарыған екен» деп, немесе «Келініңіз ақ алғысты болыпты» деп әдемілеп, астарлап жеткізеді. Қуанышты хабарды алған жөн білетін енелер ризашылығын білдіріп, «Құлақсүйіншісін» беретін болған. Ұрпақ қамын ойлаған көргенді ене арнайы дастархан жайып, ауылдағы әйелдерді «құрсақ шашу», кейде «құрсақ той» деп аталатын дәстүрлі қонаққа шақырады. Шақырылған әйелдер құрқол келмейді, әрқай-сысы өз үйлерінен әртүрлі тағам әкеледі. Ондағы мақсат – келіннің жерік асын табуға жәрдемдесу. Құрсақ шашудың негізгі мәні де, мақсаты да осын-да жатыр. Өйткені, бойына алғаш бала біткен тәжірибесіз келіншек бұрын-соңды өзінде болмаған сезім-түйсіктерді басынан кешеді. Көңілінің неменеге соғып тұрғанын, тәбетінің қандай асқа ауатынын дөп басып айта  алмай, не екенін анық түсінбей аласұрып қиналады. Осы бір аса жауапты кезеңде ақыл-кеңес айтып, жерігін табу-ға көмектесіп мейірім таныту сауабы мол қасиетті іс саналады. Құрсақ тойда жас келін әлгі әйелдер әкелген тағамның бірін сүйсініп жесе, оны әзірлеп әкелген әйел қуанып, мәртебесі асып-ақ қалады екен. Содан келіннің жерігі қанғанша сол дәмді ас иесі жасап беріп қамқор болады.

Барлық игіліктердің бәрі отбасы болып құрылғаннан кейін жалғасады, жүзеге асады. «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деген де содан болар. Қазақтың салты мен дәстүрі, ғұрпы мен әдеті – отбасылық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Сондықтан, Зейнеп апамыздың кітабының желісі бойынша бұл бастаманы әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Күретамырымыздан ажырамай, келешегіміздің қамы үшін атқарылатын, жазылатын дүниелерге Сіздің де атсалысуыңызға болады, құрметті оқырман!

Алмагүл НҰҒМАН. 

      Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанында ұлтаралық татулықты және келісімді нығайту мақсатында қызмет ететін Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасауда. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамында 22 адам бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық саяси тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар.Сондай-ақ, аудандық қоғамдық келісім кеңесімен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтердің деңгейіндегі жергілікті 26, елді-мекендерде 15 және ірі кәсіпорындарда 4 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ден астам адам қамтылған.

Құрылған қоғамдық келі-сім кеңесінің мүшелері 5 институционалдық реформа-ның төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» аясында басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің 7 бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрт отырысы өткізіліп, қаралған мәселелердің көбісі өз шешімін тапты. Қоғамдық келісім кеңесінің екінші бағыты – қайырымдылық шарасы бойынша демеушілер есебінен 6 млн.теңгеден астам қаражатқа 524 адамға қамқорлық акциялары өтті. Соңғы кездерде медиация арқылы әртүрлі деңгейдегі күрделі дау-дамайлар сот алдындағы келісім шарттар арқылы дұрыс шешімін тауып келеді. Жалпы медиация саласы бойынша 30-ға жуық іс қаралып, тараптарды татуластыру, келісімге келтіру арқылы жұмыстар жүзеге асырылды. Барлығы ауданымызда 54 ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етуде. Ұлттардың ішіндегі басым көпшілігін құрайтын 10 этно-мәдени бірлестік бар және олар достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған істерді жоғары деңгейде атқарып келеді. Аудандық, облыстық және республика деңгейінде өткізілетін барлық іс-шараларда ауданымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері толығымен қатысып, ұлтаралық татулық пен достығының нығаюына өз үлестерін қосуда.Сондай-ақ, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарында, қоғамдық келісім кеңесінің, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенді мүшелері бас қосып, өзекті мәселелерді шешуге, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосуда. Одан бөлек, аудандық және әрбір ауылдық округте ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары тағайындалған. Олардың құрамына әрбір           ауылдан мүшелері сайланып, мәдени-көпшілік және қоғамдық маңызды іс-шараларға кеңінен қатыстырылуда. Өңіріміздің ұлтаралық татулықты насихаттауда өзіндік үлестерін қосып келеді.Мәселен, округ аумағындағы түрлі ұлт, этнос өкілдері арасында қоғамдық келісім, бірлік, татулық сияқты идеяларды насихаттай отырып, тұрмыстық кикілжіңдер мен түсініспеушіліктерді шешуде үлкен маңызды рөл атқарып, тұрғындар арасында жиындар өткізілуде. Бұл тұрғыдан аталған қоғамдық ұйымдармен аудандық ішкі саясат бөлімінің арасында тығыз байланыс орнатылған. Мемлекеттік орган-дарының қоғамдық-саяси аху-алдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік шиеленістерді шешудің алдын алу және болдырмау бойынша «Қоғамдық бірлік» атты аудандық мобильді жұмыс тобы құрылған. Құрамына жергілікті және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Осы топ арқылы орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша жеделдетіліп орынға шығып, топ мүшелері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасай отырып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы лот бойынша әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Осы жылдың басында «Еңбекшіқазақ ауданында қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мен этносаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар өткізу» арнайы лот ойнатылып,жеңімпаз болған «Елім-ай» қоғамдық қоры 9 түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, 2000-ға жуық адам тікелей куә болды.

Жалпы, бүгінгі таңда қоғам-дық келісім кеңестерімен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-эконо-микалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын  ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 47 кездесу, 43 дөңгелек үстел, 20 семинар, 12 фестиваль, 8 форум өткізіліп, 30000-ға жуық адам қамтылды. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жұмысшы органы ішкі саясат бөлімінің тарапынан аудан тұрғындарының арасындағы қоғамдық саяси ахуал деңгейін анықтау мақсатында әр тоқсан сайын кешенді сауалнамалар алынып, анализдік талдау жүргізіліп отырады және күнделікті бақылауға алынып, мониторинг жасалады. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын көрнекі үгіт құралдары үнемі жаңартылып тұрады.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде 2018 жыл бойынша «Мы – единый народ», «Татулық – таудай қазына», «Достықты ту еткен фестиваль» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 40-тан астам мақалалар жарық көрді. Аталған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазан айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің V облыстық форумында үздік жұмыс көрсеткені үшін Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық келісім кеңесі бас жүлдені иеленді. Көпұлтты еліміздің басты міндеті – ел тәуелсіздігін баянды етіп, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру. Сондықтан да этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды біріктіру, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ұлт бірлігіне жетудің маңыздылығын насихаттауда аудан әкімдігі тарапынан барынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

М.ИСЛАМОВ, Еңбекшіқазақ аудандық

ішкі саясат бөлімінің

басшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет