Төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай форматта алу тетігін әзірледі.

Қызмет «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасымен қоса тиісті стандартқа сәйкес өтінішті толтыруы тиіс. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

Бұдан әрі өтініш көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілгеннен кейін оның нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы, «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетке немесе «Электрондық өтініш» сервисі арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.

Айта кету керек, төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне қайта куәландыруға келмеген азаматтарға өткізіп алған кезеңіне 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап мерзім белгіленетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі 250 мыңнан астам азаматқа оның ішінде алғаш рет 57 мыңға жуық азаматқа көрсетіледі, 2019 жылы 252 мың адам қызметті алды.

Бүгінгі күні Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңға жуық адам тұрады.

Дереккөз: ҚР ЕХӘҚМ

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) ала бастайды.

Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, кірістер және т.б. Егер отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, тағайындауға өтініш қолда бар деректер негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1-тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініш жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.

1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттарды азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұрататын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері АӘК алушылар 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам болды. АӘК алушылардың 41,5 %-ын көпбалалы отбасылар құрайды.

Дереккөз: ҚР ЕХӘҚМ

 

 

Жұма, 27 Наурыз 2020 10:30

Откуда цены растут?

 

Несмотря на принятые меры, ценовой прессинг на продукты питания  ощутили на себе все жители района. Однако в этом «виновата» не местная торговля. Районный отдел предпринимательства, который ведет ценовой мониторинг на основные продукты питания, констатировал факт, что надбавки в розничной сети не превышают 15 процентов от оптовых. Рост розничных цен на продукты в магазинах и на рынках прежде всего спровоцировали надбавки на оптовках южного мегаполиса, откуда идут поставки в район. Так, оптовая цена на сахар перед Наурызом выросла до 225 тенге за килограмм, тогда как в январе не превышала 185 тенге, оптовая цена картофеля со 150-140 тенге поднялась до 180 тенге за килограмм. Мешок муки на момент введения карантина 19 марта на рынке стоил до 10 тыс.тенге, мешок картофеля – до 8 тыс.тенге. Ситуацию осложняют карантинные меры по  ограничению движения транспорта, из-за чего возникли трудности по доставке продуктов из Алматы в торговые точки района. Но для пекарен мука до конца марта имеется в достаточном количестве, ограничений в продаже формованного хлеба быть не должно, и цена на него не будет повышаться.

И.ВИКТОРОВ

Бүгінгі күні бүкіл әлем COVID-19 індетімен күресуде. Барлық ауқымды іс-шаралар коронавирустан сақтанудың амалын жасап жатқан азаматтар мен мемлекеттік қызметтерді қолдауға арналған.
Ал Алматы облысына карантин қалай әсер етеді?! Аймақ басшысы Амандық Баталов тапсырған коронавирус індетіне қарсы облыс орталығында жүргізіліп жатқан 10 шараны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1. Алматы облысының кәсіпкерлері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуін қолдады. Өз мәлімдемесінде кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы бастаманы толығымен бөлісетінін атап өтті. Мысалы, Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры COVID-19 вирусымен күресу үшін 150 миллион теңге қаражатты бөлді. Өз кезегінде, "SODUL development" компаниясы Алматы қаласында коронавирусқа қарсы күреске белсенді қатысатын медициналық мамандарға, ІІМ, ТЖ және басқа да салалардың қызметкерлеріне 18 мың этил спиртін жіберді.
2.​Алматы қаласының шыға берісіне 16, Ал Талдықорғанда тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орнатылды. Алматы маңындағы блокпостарда көлік пен жүк дезинфекцияланады. Мұнда тәулік бойы полиция нарядтары мен СЭС қызметкерлері кезекшілік етеді. Кезекшілер тепловизорлармен, медициналық маскамен және арнайы костюмдермен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыстың денсаулық сақтау басқармасы күзет орындарында кезекшілік ететін құқық қорғау органдары мен әкімшілік құрылымдардың қызметкерлеріне арналған медициналық маскалар қойылған.
3. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты Алматы облысының медициналық мекемелері жоғары дайындық режимінде жұмыс істейді. Облыс бойынша Коронавирустық инфекция диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін 150 жұқпалы ауруларға арналған төсек, 800 провизорлық және 1217 карантиндік (обсервация) төсек-орын дайындалды. Қажет болған жағдайда жатын орын саны ұлғайтылады (11 217-ге дейін). Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 38 инфекционист, 143 анестезиолог-реаниматолог, 8 нефролог, 12 трансфузиолог, 98 невролог және 447 терапевт дәрігерлер жұмыс істейді. Орталық аудандық ауруханаларда коронавирус туралы жалған ақпаратты анықтау бойынша мобильді топ құрылды. 17 ауданда және 2 қалада бір командадан жұмыс істейді, Олар барлық түскен сұрақтарға жауап береді. Қорытынды жасай отырып, осы өңірде барлық медициналық мекемелерде маскалар мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті саны бар, сондай-ақ олар күшейтілген режимдеқызмет атқарады.
4. Алматы қаласында жүктілік бойынша есепте тұрған әйелдер қазіргі уақытта тұрып жатқан Алматы облысының кез келген медициналық мекемесіне кедергісіз жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, Алматы қаласының шекаралас аудандарының гемодиализ (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі) диагнозы бар пациенттерді аудандық жедел медициналық жәрдем ауруханасынан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізеді.
5. "Қорғас" ШЫХО жабылуы ұзартты. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ. Баймұхамбетов "Алматы облысында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу шараларын күшейту туралы" қаулы қабылдады. Бұл қаулыда "Қорғас" ШЫХО жұмысын ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ерекше өкімі шығарылғанға дейін тоқтата тұру туралы айтылған. Сондай-ақ қаулыға сәйкес барлық өндірістік үй-жайларда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізіледі. Азаматтар көп және ұзақ уақыт болатын ғимараттарда қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралы бар арнайы аспаптар (санитарайзерлер) орнатылады.
6. Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Атап айтқанда, әрбір фура Мұқият дезинфекцияланады, ал жүргізушілер санитарлық тексеруден өтеді. Өңірде барлығы 6 кеден бекеті бар. "Нұр Жолы" өткізу пунктіне келетін әрбір фура кемінде екі рет дезинфекциялаудан өтеді. Бұл тек машина шанағы. Сондай-ақ, мамандар жүк көлігінің кабинасын мұқият өңдейді. Қазіргі уақытта өткізу пунктінде 20-ға жуық термометрия аппараты бар.
7. Алматы облысындағы блок-бекеттерді кесіп өту әрекеті үшін 26 азамат қамауға алынды. Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен аталған тұлғаларды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарылды.
8. Өңірде азық-түлік және өзге де тауарлардың бөлшек бағалары мен қорына күнделікті мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саны жеткілікті. Алматы облысының тұрақтандыру қорының жұмысы және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді әлеуметтік дүкендер арқылы сату жандандырылды. Жалпы сомасы 1063,3 млн.теңгеге 8626,4 тонна көлемінде азық-түлік тауарлары сатылды. Облыстың тұрақтандыру қорында қазіргі азық-түлік тауарлары 2364,8 тоннаны құрайды, оның ішінде бидай ұны, құмшекер, күріш, күнбағыс майы, рожки, пияз және картоп.
9. "NurOtan" партиясының басшылығымен белсенділер мен еріктілер Алматы облысының көп балалы отбасыларына азық-түлік және гигиена құралдары бар тегін әлеуметтік пакеттерді жеткізеді. Жұмыс Облыс бойынша жүргізіледі, өтініштер "онлайн" режимінде қабылданады. Бүгінгі күні " Біз біргеміз" акциясы аясында 581 отбасына 7 млн.835 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
10. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Алматы облысында 27,3 мың жұмыс орнын құрумен 1 240 жоба іске асырылатын болады. Өңірде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бұл әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту. Мысалы, тек білім беру саласында 88 нысан күрделі, ағымдағы жөндеуге жатады, ал 351 мектепте сыртқы дәретханаларды жою керек. Жалпы әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд. теңгеге 491 жоба іске асырылатын болады. Екіншіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу және қайта жаңарту. Осы бағыт бойынша 79 нысан бойынша 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру керек оған 20 млрд.теңге қарастырылған. Үшінші бағыт, бұл инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Мұнда 547 нысан бойынша 8 500 мың жұмыс орнын құрылмақ, осыған 34,2 млрд.теңге бөлінбек. Төртінші бағыт-елді мекендерді абаттандыру. Барлығы 153 нысанды 17 млрд. теңгеге жаңартпақ. Сонымен қатар, ирригациялық желілерді қайта жаңартуға 6,2 млрд. теңге қарастырылған.

Соңғы пункт туралы бүгін селекторлық режимде өткен кеңес барысында белгілі болды. Өңір басшысы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының маңыздылығын атап өтті»:
"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру үшін 1 трлн.теңге бөлуді тапсырды. теңге. Оның ішінде Алматы облысына 109,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды және қажетті қаражат. Бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу маңызды. Өйткені коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Бұған дейін жұмыс жасауға осындай орасан зор қаражат бөлінген жоқ. Сондықтан біз оларды бөлгенде жауапкершілікпен қарауымыз керек. Есепті кездесу, жеке қабылдаулар кезінде тұрғындар жүгінген облыстың аудандары мен қалаларына да қаражат бөлеміз. Тұрғындардың барлық өтініштерін талдап, бөлінген қаражатқа маңызды және қажетті жобаларды жүзеге асыру қажет. Жолдарды жасау, әлеуметтік нысандарды жөндеу және т.б., - деп атап өтті А. Баталов.

 

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 109,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 27,3 мың жұмыс орнын құрумен 1 240 жоба іске асырылатын болады.

Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен кеңесте белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Жұмыспен қамтудың Жол картасын" жүзеге асыру үшін 1 трлн.теңге бөлуді тапсырған болатын. Оның ішінде Алматы облысына қазынадан 109,2 млрд.теңге бөлінді.

«Коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет»,- деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, жалпы өңірде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші, бұл әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту. Оған облыс аумағындағы, тек білім беру саласындағы 88 ғимаратты жөндеуден өткізу кіреді. Ал 351 мектептегі сыртта орналасқан дәретханаларды жою жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда алдағы уақытта әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд. теңгеге 491 жоба іске асырылатын болады.

Екінші, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу жасау. Осы бағыт бойынша 79 нысанның екінші тынысын ашып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған, аталған шаруаға 20 млрд.теңге қарастырылған.

Үшінші бағыт, бұл инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу өткізу. Мұнда 547 жобаны қалыпқа келтіріп, осы ретте 8 500 мың жұмыс орнын құру көзделген, аталған жұмыстарға 34,2 млрд.теңге бөлу жоспарланған. Төртінші бағыт, елді-мекендерді абаттандыру. Бұл игілікті іске 17 млрд. теңгеге. Бөлінген. Бұдан басқа, ирригациялық желілерді қайта жаңартуға 7 жобаны іске асыруға 6,2 млрд.теңге қарастырылған.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде жобаларды іске асыру кезінде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын аудандарда, облыс қалаларында

аудандар мен қалалардың әкімдері, жобалардың әкімшілері халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50 пайызын немесе 13 653-ін қамтамасыз етуі қажет. Бұдан басқа, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 пайызы көлемінде отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, бір ізге салынуы тиіс.

Бұдан басқа, облыс көлемінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыс топтары құрылады, оның құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Сонымен қатар, бұрын Алматы қаласында жұмыс істеген облыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады, жұмыссыздық деңгейі төмендейді және жалпы облыс инфрақұрылымы жақсарады. Бөлінген қаражат есебінен біз жылдар бойы шешілмеген көптеген мәселелерді шеше аламыз. Аудан және қала әкімдері олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, халықтың мәселелерін қаншалықты білетіндігін және оларды жедел түрде қалай шешетінін көрсетуі керек. Ол үшін барлық жағдай бар, жалпы нәтиже біздің жеделдік пен жинақтылығымызға тікелей байланысты, - деді А. Баталов.

Аймақтың қазанына түскен қаражаттар қараша халықтың қамы үшін игеріледі деген елбасқарған азаматтардың сөзіне иландық. Жоғарыда аталған шаруалар шашау шықпастан атқарылса Алматы облысының тұрғындарының асығы алшысынан түсті дей беруге болады.

Анар САБЫРОВА

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, шектеу шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы әділет министрі М. Бекетаев пен бас прокурор Ғ. Нұрдәулетов, республикалық маңызы бар қалалардағы ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны белгілеу туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндады. 

Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді  бекітті:

  1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

  2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

  3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

  4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа); 

  5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу. 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. 

Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.). Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп шектеу шараларын енгізу бойынша тиісті актіні қабылдауды тапсырды. 

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыру, көктемгі каникулдан кейін мектеп оқушыларының қашықтан оқуын ұйымдастыру (биыл 6 сәуірден бастап), сондай-ақ шетелде қалған, отанға оралуға ниетті ҚР азаматтарына қолдау көрсету мәселелерін қарастырды. 

Дереккөз: primeminister.kz

В целях обеспечения безопасности казахстанцев, в рамках мер противостояния вирусу во всех регионах страны введены масштабные санитарно-противоэпидемические мероприятия. А с минувшей недели страна перешла к ужесточенным мерам, направленным на борьбу с COVID-19. Так, с целью недопущения распространения КВИ на территории Алматинской области, вокруг города Талдыкорган непрерывно работают санитарные посты.
Каждого прибывшего человека осматривают сотрудники СЭС и медицинские работники. Они измеряют температуру и проверяют на наличие симптомов. А на случай возникновения COVID-19, на сегодняшний день по области подготовлено 150 инфекционных коек для лечения пациентов с диагнозом Коронавирусная инфекция.
Во избежание осложнений эпидемиологической ситуации по коронавирусу, медицинские работники просят жителей региона строго соблюдать правила карантина.
«Как вам известно, за нарушение правил карантина предусмотрена административная ответственность в виде штрафа. В случае, если человек является очагом заражения для других людей, это может повлечь вплоть до уголовной ответственности. Поэтому, следует соблюдать все правила объявленные нами», - говорит руководитель управления здравоохранения Бауыржан Ыскак.
В свою очередь руководитель департамента контроля качества безопасности товаров и услуг по Алматинской области Кайрат Баймухамбетов, рассказал о работе санитарных постов в регионе.
«В настоящее время с целью недопущения распространения КВИ на территории Алматинской области на 4 подъездных путях, входящих в Талдыкорган, установлены и непрерывно работают санитарные посты. В них круглосуточно дежурят сотрудники полиции, врачи поликлиник и специалисты управления контроля качества и безопасности товаров и услуг. Въезд с данные пункты разрешается только после проверки температуры пассажиров и всех транспортных средств, входящих в город. Такие действия являются профилактикой инфекционных заболеваний. Несмотря на профилактические меры, на территории Талдыкоргана готово инфекционное отделение на 100 коек для госпитализации больных коронавирусом. Регион обеспечен лекарственными препаратами и средствами индивидуальной защиты», - говорит он.
Следует отметить, что пациенты, состоящие на учете в Алматинской региональной многопрофильной клинике (Илийский, Карасайский, Талгарский районы), будут получать лечение в районной больнице по месту жительства.
Отметил глава управления здравоохранения, что состояние пациента, заразившегося Covid-19 в Алматинской области на сегодняшний день удовлетворительное.
«Мужчина 1986 года рождения прилетел из Турции в Бишкек, оттуда приехал в Каскелен. На сегодняшний день он госпитализирован в инфекционный стационар, состояние здоровья удовлетворительное. Температура тела в пределах нормы, контактные лица обнаружены, они обследованы и находятся в провизорном отделении. Семья пациента под особым наблюдением, на карантине», - подчеркнул Бауыржан Ыскак.
Что касается реализации мер по недопущению распространения КВИ на территории Алматинской области, в регионе подготовлено 150 инфекционных коек, 800 провизорных и 1217 карантинных коек.
Кроме того, имеются 800 провизорных и 1217 карантинных коек. А при необходимости количество коек будет увеличено. Также, по данным управления здравоохранения Алматинской области, для лиц с подозрением и в случае подтверждения коронавирусной инфекции, в области имеются 202 реанимационных коек. Дополнительно развернуто 26 реанимационных коек (ПИТ для КВИ), при необходимом случае количество коек будет увеличено до 66. Стоить отметить, что обеспеченность лекарственными препаратами и индивидуальными средствами защиты составляет 100%.
В связи со сложившейся ситуацией, в целях предотвращения распространения коронавируса, в Алматинской региональной многопрофильной клинике и в областной многопрофильной клинике г. Талдыкорган введены новые правила. Так, на период действия ЧП в клинику запрещается вход и въезд посторонним лицам. Запрещено также посещения пациентов. Родственники могут передавать пациентам продукты питания и личные вещи только через сотрудников клиники. Приём передач осуществляется 1 раз в сутки с 16 до 17 часов.

КГУ «JETISÝ MEDIA» Алматинской области

Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 19:28

Вирус жұқтырғандар саны 109-ға жетті

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясымен тіркелген соңғы 20 науқас туралы айтты.

«20 науқастың 14-і — стационарлық емдеуде жатқан науқастар. Олардың бір бөлігі өкпе қабынуы күдігімен ЖРВИ белгілерімен және дене қызуымен ауруханаға түскен. Екінші бір бөлігі – 24-25 наурызда коронавирустық инфекция анықталған адамдармен жақын байланыста болғаны үшін тексеруге алынғандар. Сонымен бірге, науқастар арасында өзге елдерден ұшып келіп, оқшауланған адамдар да бар», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 6 жағдай Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында жүргізілген мониторинг барысында тіркелген.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 61 адамнан коронавирустық инфекция табылып, стационарда жатыр. Төрт науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Олардың өкпе қабынуы расталды және тыныс жетіспеушілігі бар. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ, дене қызуы қалыпты», - деді Сәуле Қисықова.

Ал Алматыда коронавирус жұқтырған 64 жастағы науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев: «Бір науқастың жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 64 жастағы бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті бронхит ауруының болуына байланысты нашарлап отыр .Жасанды желдету аппаратына қосылғалы бері жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясы өкпенің созылмалы ауруы бар пациенттердің жағдайын ушықтыратынын білеміз», - деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті.

«Біздің мекемелер мұндай аппаратпен толық қамтылған. Тіпті қажет болған жағдайда басқа стационарлардан аппарат алдыруға мүмкіндік бар», - деді ол.

Сондай-ақ жақсы жаңалық та жоқ емес. Бүгін Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус жұқтырған әйел адамның емделіп шыққанын да Тілеухан Әбілдаев жария етті. 

«Пациент коронавирусты еуропада жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда өткізді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы жүргізілген екі бақылау талдау шаралары коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті»,– деді Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет