Дүрлігіп тұр қарай қалсақ оңымыз бен солымыз,

Сақтық үшін жабылыпты күнде жүрген жолымыз.

Көзі ашық бар жан үшін жазыпты,

Теледидар бетіне де депті «үйде болыңыз!»

 

Амансыз ба атам, апам төрде еді орныңыз,

Қиындық пен жақсыны да ұрпақ үшін көрдіңіз.

Жақсы күндер əлі алда той мен думан деп тілеп,

Аман-есен балалармен əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрімізде бар еді ғой туысқандар тобымыз,

Карантинді ескермесек жөн болмайды онымыз.

Бекер емес үйден шықпа,шықпа үйден дегені,

Тек онлайн араласып туыстармен əзірше үйде болыңыз!

 

Аға, жеңге асыраушы таусылмасын қорыңыз,

Сəт-сəт сайын стерилді жуылады қолыңыз.

Бір-бір үйдің тірегісіз сізге үмітті балаңыз,

Солар үшін сабыр сақтап əзірше үйде болыңыз!

 

Балалар-ау шалалықпен қайнамасын сорымыз,

Қорғаштайды бүкіл əлем ұғынайық соны біз.

Интернеттен пайдалысын тауып алып өзіңе,

Көше кезіп,ойын қумай əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрі өтер, түгенделер барымыз бен жоғымыз,

Амандықта түйіседі əлі талай жолымыз.

Тек сол күнге жету үшін дін аман,

Үлкен-кіші бір кісідей əзірше үйде болыңыз!

 

Ойыңызға жасаңыз да жақсылықтан бекініс,

Үйде болып сақтаныңыз болмас үшін өкініш.

Жоғарыда айтылғандар бұйрық емес жай ғана,

Ұрпақ үшін алаң болған аналық бір өтініш!

А.С.БЕКСАЙЫНОВА,

                                                                                 Ақтоған ауылы.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:50

Емханаларда жаңа ереже

Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес «Covid -19» пандемиясының  таралуына байланысты  ел ішінде төтенше жағдай жариялады. Артынша, дүркін-дүркін жиындар өткізіп, сақтық шараларын атқаруды бір сәтке де доғаруға болмайтынын нақтылаған болатын.

Осы орайда, Алматы облысы да «COVID-19» дертінен сақтану үшін барлық шараларды күшейтуде.Тұтас мемлекетке төнген қатерден республикалық масштабта шекараны жауып кеселден сақтанудың жолын жасаса, біздің өңірде  Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының айналасына тәулік бойы жұмыс істейтін 4 санитарлық бекет орналастырылды. Ондағы полиция мен СЭС мамандары қалаға кірген адамдарды тексереді. Осылайша, қатерлі аурудың апанынан тұрғындарды аман алып қалмақшы.

Аты жаман дертпен күресудегі күш медицина қызметкерлеріне түскені жасырын емес. Облыстағы білікті мамандар пандемия кезінде пенде атаулының ахуалына нұқсан келмеуі үшін бір қатар уақытша өзгерістер енгізіп, елдің дер кезінде ем алуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Мәселен, облыстық Денсау-лық сақтау басқармасының шешімімен Алматы қаласында жүктілік бойынша тіркеуде тұрған әйелдер дәл қазіргі тұрғылықты жері бойынша Алматы облысының кез келген медициналық мекемесіне кедергісіз тіркеліп, ауруханаға жатқызылады ол бірінші енгізілген жаңа ереже. 

– Алматы қаласымен шекаралас аудандардың гемодиализ (диагнозы бойынша емделушілерін аудандық ауруханадан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізеді. Балаларға екпе салуға шектеу қойылған жоқ. Бірақ, медициналық мекемеге келетін ата-аналар коронавирусқа қатысты барлық сақтық шараларын сақтауға міндетті. Мұны да  балғындардың кемел келешегі үшін қабылданған шешім деп түсіну керек, – дейді Алматы облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.

Одан басқа, аймақтық көпсалалы клиника да жаңа ережелер енгізілді. Ондағы өзгерістерге сәйкес, орын алған жағдайға байланысты емдеу мекемесіне өзге  адамдар мен көліктің кіруіне тыйым салынған. Және де ем алушының жақындары тағам мен қажетті заттарды күніне бір рет сағат 16:00-17:00 аралығында клиниканың қызметкерлері арқылы жеткізеді. Ескертетін жайт емханаға мамандардың қабылдауына жазылған пациенттерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Міне осы  тектес жұмыстар облыс аумағында қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі» екенін басшылыққа ала отырып, өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын Сіз бірінші ойлауға тиіссіз. Әп сәтте сансыз елді сабылдырған эпидемияның құрсауынан аман қалуға жазсын.

 

Анар САБЫРОВА.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:42

Бауыржан Мыныханұлы БИМЕНОВ

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №56-к өкімімен Бименов Бауыржан Мыныханұлы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Б.Бименов 1970 жылы 3 қыркүйекте Қырбалтабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану, ғалым-агроном» мамандығы бойынша, 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Түрген қой кеңшарының №7 бөлімшесінде бригадир көмекшісі боп бастаған. Кейіннен кеңшардың №1 бөлімшесінде бригадир, бас агроном боп еңбек етті. Әр жылдары Қырбалтабайдағы «Ақжал» АҚ №2 бөлімшесінің меңгерушісі, агрономы, Қырбалтабай округінің әкімі, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы, аудандағы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бөлім басшысы, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Бөлек округінің әкімі қызметтерін абыройлы атқарған. 2013 жылдан осы уақытқа дейін Есік қаласының әкімі болған.

Бірнеше мерекелік медальдардың иегері.

Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:39

Карантинные меры по COVID-2019

Согласно решению заседания межведомственного оперативного штаба от 16 марта 2020 года  в районе принят ряд  карантиных мер, обязанных к исполнению всеми ответственными лицами, жителями района. Организован штаб по профилактике и противоэпидемическим мероприятиям. Отделом внутренней политики усилена разъяснительная работа через сайт акима района, социальные сети местных исполнительных органов.

Управлением полиции усилена охрана общественного порядка;  медучреждения приняли решение о запрете выхода сотрудников в отпуска, произведен отзыв на работу находящихся в отпусках;  районным управлением качества и безопасности товаров и услуг организована бригада для проведения санэпидмероприятий;  приостановлены  перевозки пассажиров в г.Алматы предприятиями пассажирского транспорта ТОО «Шелек-Тулпар», ТОО «Акжол-Агротранс», ТОО «Тулпар-Экспресс».

Установлены ограничения режима работы с 10 до 18 часов для  14 крупных торговых домов района. Для  рынков «Вира», «Табыс», «Бахтияр» время работы ограничено с 11 до 17 часов, закрыт скотный рынок «Райымбек».  Акиматом района через соцсети ведется работа по расширению онлайн-покупок и доставки населению продуктов, вещей и лекарств. Приостановлена деятельность домов культур, музеев, библиотек, ДЮСШ и других спортивных  клубов и секций, объектов туризма, внешкольных объектов образования. Районным управлением контроля качества и безопасности товаров и услуг объектам торговли вручены постановления   о проведении санэпидмероприятий с ограничением работы с 11 до 17 часов. Розданы уведомления о закрытии выставок, фитнес-центров, тренажерных залов, кинотеатров  и других объектов массового пребывания людей.

На основании письма главного санитарного врача района  Есикский центр оказания специальных социальных услуг «Аманат», «Специализированный дом ребенка в с.Шелек» закрыты на карантин. Областные  спецшколы-интернаты для детей с нарушением зрения и для детей с нарушением интеллекта с 16 марта по 5 апреля 2020 года находятся на весенних каникулах.  Детсады  функционируют в штатном режиме с правом свободного посещения, в них усилен медицинский и санитарный контроль.

По данным на 31 марта 2020 года в Енбекшиказахском районе зарегистрирован один  заболевший корнавирусом. С подозрением на COVID-2019 в карантин помещены два человека, контактных – 37. Находятся под домашним наблюдением 67 граждан, прибывших из-за рубежа, 1127  прибывших из г.Нур-Султан и г.Алматы.

Медучреждения района подготовлены к приему больных коронавирусом, обеспечены всем необходимым инвентарем и медикаментами. На сегодня открыт карантинный изолятор на 30 коек, инфекционное отделение будет усилено 20 койками, развернуты карантинный госпиталь на 150 коек и провизорный госпиталь на 40 коек.  

Круглосуточно работает телефон «горячей линии» CALL-центра 23619 по разъяснению мер профилактики, госпитализации, правил вызова СМНП по COVID-2019.

 Соб.инф.

Елімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, қолдау көрсетілуде. Әсіресе, көпбалалы отбасылардың мәселесі бірінші кезекте шешіледі. Оларға төленетін атаулы әлеуметтік көмектен бөлек бірнеше жеңілдіктер қарастырылған.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен кәмелеттік жасқа толмаған 4 немесе одан да көп балалары бар отбасыларына табысына қарамастан айына 42 мың 500 теңге және бала санына қарай одан да жоғары әлеуметтік көмек төленетін болды. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына азық-түлікпен де көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 4-тарауының 37-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданды. Яғни, 41-тармағына сәйкес, бір жастан  алты жасқа дейінгі балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес азық-түлік жиынтықтарын және тұрмыстық химия тауарларын сатып алуды жүргізеді.

– Биылғы жылы мемлекеттік сатып алу арқылы тендерді «Magnum» ЖШС-і ұтып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ағымдағы жылдың 21 ақпанында келісім-шарт жасалды. Наурыз айының 13 жұлдызында қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларының бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына тиесілі 1307 дана әлеуметтік топтама таратылды. Оның ішінде бір жасатан үш жасқа дейін 609, үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға 698 кепілдендірілген әлеуметтік топтама қала, ауылдық округтері арқылы үлестірілді, – дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина.

Бөлім басшысының сөзінше, балалардың жасына қарай азық түлік нормалары бекітілген. Бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға ультра пастерленген сүт, балалар печеньесі, жеміс пюресі, гипоаллергенді ботқа, көкөніс пюресі, өлшеп оралған мақта сұлы геркулес беріледі. Бұл тауарлардың барлығы гипоаллергенді және салмағы мен сапасы келісім-шартта көрсетілген.

Ал үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға таратылатын заттардың тізімі өзгеше. Оған ультра пастерленген сүт, бидайдың қатты түрінен жасалған макарон өнімі, өлшеп оралған мақта сұлы геркулес, тағамдық күнбағыс майы, классикалық гемотаген, құрамында тұтас дәнді дақылдар бар таңғы асқа арналған сүт жастықшалары, 5 айдан жоғары балалар печеньесі, арпа жармасы, ұнтақ жармасы, бұршақ, қарақұмық пен табиғи бал кіреді.

 

С.НҰРАДИН

Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 11:16

Ерлікпен пара-пар

Қысылтаяң уақытта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге қолдау көрсетудің маңызы зор. Әрқайсымыздың кісілігіміз де, кішілігіміз де осындайда сыналады емес пе?!

Жаһанды жаулаған жаман дертпен күресте кез келгеніміз ерлік жасай аламыз. Оның ең қарапайымы – карантин уақытында үйде отырып, тәртіпке бағыну болса, мүмкіндігімізге қарай көпшілікке көмек беруіміз де ерлікпен пара-пар әрекет. Бетперде тігіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, қарттар үйі мен балалар үйіне таратып жатқан жандар туралы жазып жатырмыз. Ауданымыздағы ерікті жастардың қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік жеткізіп беріп, алғысын алып жатқандарынан да хабардарсыздар.

Осындай тағы бір айқын мысалды «Айдарбаев» шаруа қожалығының иесі Ерік Айдарбаев көрсетті. Өз қызметкерлері – 250 адамға, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 27 отбасына 3 млн 735 мың теңгеге азық-түлік алып, теңдей таратты. Бір-бір қаптан ұн, күріш пен қантын үлестірген Ерік Айдарбаевтың бұл ісі өзге де кәсіпкерлерге үлгі болса игі.

Абай атамыз айтпақшы, «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

««ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режімінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», - деп жазылған Үкімет қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.

Дереккөз: inform.kz

Сенбі, 28 Наурыз 2020 17:03

Оқушы дәптерінен

                             Ұлы Абай атамыз

Ұлы хакім Абай ата

Мерекеңді тойлаймыз.

Бұндай игі іс-шараны

Бір ауыздан қолдаймыз.

 

Бас иеміз құдіретіңе

Мың бір алғыс жолдаймыз.

Өзің салған сара жолмен

Келе жатқан жандаймыз.

 

Білім таппай мақтанба деп

Жөн сілтедің сен бізге.

Орын таппай баптанба деп

Демеу болдың әлсізге.

 

Әрбір сөзің жатталады

Ашып айттың ақ-қараны.

Үлгі өнеге,ақ тілегің

Көкіректе сақталады.

 

**********

                           Абай ата өлеңі мен әндері

Жаттап өстім

Абай ата өлеңін.

Өлеңінен тұнып тұрған,

Табиғатты көремін.

Қыс пен жазы,

Күзі менен көктемі

Теңдесі жоқ,

Сұлу сурет дер едім.

 

Ести бергің келеді ғой

Абай ата есті әнін.

Бұл күндері әсем әні

Шарлап кетті жер шарын.

 

Биіктейді Абай ата

Күннен күнге зор тұлғаң.

Ардақтайды сені мәңгі

Артыңдағы ұрпағың

 

Аймара Құдайберген,

Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің

11 «А» сынып оқушысы

Карта әр сағат сайын жаңарып тұрады. Бұл картаны жасауға 45 адам жұмылдырылды. Ал егер карантинде болған адам 14 күннен кейін карантиннен шықса картадағы нүкте автоматты түрде жойылып кетеді

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет