Жұма, 01 Желтоқсан 2023 14:57

Роль МСБ в экономическом развитии

​Малые и средние предприятия играют одну из ключевых ролей в экономическом развитии. Аким Алматинской области Марат Султангазиев в ходе брифинга СЦК сообщил, что по итогам 1 полугодия субъектами малого и среднего бизнеса произведено продукции на 1,5 трлн тенге. По его словам, в текущем году уровень налоговой базы МСЮ составил 219,4 млрд.тенге, что на 15% выше показателей аналогичного периода 2022 года.


В ходе выступления Марат Султангаиев отметил, что в настоящее время, в сегменте малого и среднего бизнеса трудоустроены порядка 240 тысяч жителей области, при этом общее число предприятий превышает 136 тысяч. Глава региона отметил, что только в текущем году свыше 26 тысяч граждан решили открыть собственное дело. Аким области рассказал о мерах государственной поддержки оказываемой субъектам МСБ.
«Инициативы жителей в развитии малого и среднего бизнеса активно поддерживаются государством. В рамках Национального проекта по развитию предпринимательства в текущем году выделено 28,9 миллиарда тенге. На данный момент 371 субъект МСБ получил льготные процентные ставки, 235 получили частичное гарантирование, выдано 272 микрокредита и предоставлены 360 грантов для начала собственного дела, в том числе для молодых предпринимателей. Этот сектор экономики стал основой для области, охватывая почти все сферы экономической активности», - поделился он.

Жұма, 01 Желтоқсан 2023 10:26

Бала денсаулығы – ұлт байлығы

Бүгінгі бала – ертең еліміздің тұтқасын ұстар азамат, мемлекеттің болашағы. Сондықтан болашақ иелерінің жаны мен дені сау болып өсуі аса маңызды.

Бұл сұхбатымыздың арқауы зейнетке шыққанына қарамастан, қазіргі кезде ауданымыз бойынша балалар денсаулығының сақшысы болып, педиатр әрі

балалар неврологі ретінде қызметін жалғастырып, кейінгі буын – жас мамандарға осы сала бойынша жинақталған тәжірибесін үйретіп жүрген, халық құрметіне бөленген Гүлжан Умекова туралы  болмақ.

– Гүжан Рыскелдіқызы, алдымен өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Мен Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы орта мектепті алтын медальмен тәмамдап, Алматы мемлекеттік медицина институтына педиатрия мамандығы бойынша оқуға түстім. Қолыма диплом алған соң, Шелек аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімшесінде  еңбек жолымды бастадым. Кейін ауданның педиатрия жөніндегі бас маманы, осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалып, 2018 жылға дейін абыроймен қызмет атқарып келдім. Сонымен қатар, аудан деңгейіндегі педиатрия бойынша бас маман қызметін қатар алып жүрдім.

– Сізді өте еңбекқор, ұйымдас-тыру қабілеті жоғары, жаңашылдық-ты жаны сүйетін, жылы жүректі, мейірбан, өз ісіне адал балалар дәрі-гері  ретінде көпшіліктің құрметіне бөленгеніңізді, тіпті «бала біткен-нің анасы» деп атап кеткенін де білеміз.

– Бар еңбегім балалар денсаулығына арналған соң, балалар ауруларының алдын алу, профилактикалық шаралар жүргізудің, балалар өлімін азайтудың тиімді жолдарын іздестіруге, емдеу шараларының жаңа тәсілдерін қолдану-ға қолдан келгенімді аянған жоқпын. Халық құрметіне бөлендім. Соның арқасы шығар, еңбегім еленіп, облыс деңгейінде көптеген алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталдым. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын алдым. Сондай-ақ, «Мәслихат депутаттарына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медальдары-мен, мемлекеттік емес конкурсқа қаты-сып, «Қазақстан Құрметті азаматы» атағын жеңіп алдым. Аудандық мәсли-хаттың V шақырылымының депутаты болдым.

– Қазіргі кезде сіз қолға алып, айналысып жүрген патронаждық қызметтің мақсаты мен міндеті қандай? Соны түсіндіріп кетсеңіз.

– Қазақстан Республикасы Денсау-лық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 15- наурыздағы №25 бұйрығына сәйкес, елімізде педиатрия саласындағы қызмет көрсетудің стандарты нақты және анық көрсетілген. Қазіргі кезде медицина саласының амбулаториялық-поликлиника саласы отбасы дәрігерлік жүйемен халыққа қызмет көрсетеді. Бұрынғы жүйедегідей педиатр және терапевт болып бөлінбейді. Әрине, отбасы дәрігері бұйрықта көрсетілгендей балаларға сапалы қызмет көрсете алмайды. Сондықтан да, осы бұйрық аясында 2015 жылдан бастап Қазақстан территориясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ балалар қоры ұсынған, елімізге бейімделген патронаждық медбикенің жаңа әмбебап-прогрессивті моделі енгізілуде. Бұл бағдарламаның маңызы өте зор. Жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларды сапалы қарау үшін арнайы патронаждық қызметкер бөлінеді. Бала анасының жатырына біткен уақыттан бастап 5 жасқа дейін осы арнайы бөлінген патронаждық медбикенің  қарауында болады.

Жүкті әйелдің көңіл-күйі, дұрыс тамақтануы, денсаулығы, оның әлеуметтік жағдайы,  босанғаннан кейінгі жағдайы, баласының даму кезеңдері жасына сай ма, баланың дұрыс, толыққанды дамуына қандай жағдайлар жасалуы керек, қоршаған ортаның балаға қаншалықты әсері бар – осындай мәселелердің бәрін мұқият бақылап, дер кезінде сауатты кеңестер беріп, ата-анамен сенімді қарым-қатынас орнатып, дұрыс жұмыс жасайтын осы патронаждық қызметкер. Күрделі жағдайлар кездескенде отбасы дәрігерімен, әлеуметтік қызметкермен және де тағы басқа профильдік мамандармен командалық топ құрып, бірлесіп шешуге атсалысады.

– Қазір бұл патронаждық қыз-меттің қолданыс аясы қалай?

– Қазіргі жағдайда бұл қызмет өз деңгейінде халыққа қызмет көрсете алмай келеді. Мысалға, Шелек ауруханасын алайық. Мүмкін патронаждық қызметкерлер бөлінген шығар, оқытылған шығар, дегенмен де бір учаскіде тұрақты қызметкерлер жоқ. Дәрігері де, медбикесі де жиі ауысып кетеді. Баланың дамуы және  қандай да бір проблемасы болса, онымен уақтылы жұмыс жасап, реттейтін тұрақты адамдар жоқ деп нақты айта аламын. Өйткені, мен күнделікті неше түрлі проблемалармен балаларды қабылдаймын. Жүкті әйелдерге ақыл-кеңес толыққанды берілмегендіктен туу процесі кезінде босанатын әйелдер нәрестелерін наталды травмалармен туу жиі орын алып барады. Сондай-ақ, балаларды алты айға дейін тек ана сүтімен, ары қарай жасына сай сапалы қосымша тамақпен бірге ана сүтімен тамақтандыруды екі жасқа дейін созу қағидасы сақтала бермейді. Сауатты кеңес берілмегендіктен ата-ана өздігімен тамақтандыра бастайды. Бұл баланың дамуына теріс әсерін тигізеді. Алты айдан бастап балаларға дұрыс қосымша тамақ ережесін анасы да, әкесіде білмейтін жағдайлар кездеседі.

– Кейінгі кезде балалардың тілі кеш шығуы жиі кездесуде. Бұның салдары неден?

– Оныңыз рас. Бұл – қатты алаңда-татын мәселе. Қазіргі  кезде  уақтылы тілі шықпай, сөйлеуі тежелген балалардың саны артуда. Бұл да осы жаңа бағдарлама аясында тұрақты, сауатты түрде жүргізілетін жұмыс. Ерте жастағы балалардың даму мониторингісінің 10 қадамын бақылау – отбасы дәрігері мен патронаждық қызметкердің міндеті. Бұл жұмыс та ақсап жатыр.

Отбасы әлеуметтік жағдайына байланысты кейбір ата-аналар балаларын балабақшаға ерте береді. Балабақшаға бала тек 2,5-3 жасынан бастап қабылдануы тиіс. Және баланың дамуы жасына сай болса ғана. Ескі көзқарас – «балабақшаға барса сөйлеп кетеді, дамып кетеді» деген өте теріс пікір. Баланың үйретушісі де, оқытушысы да, тәрбиешісі де – ата-ана. Ал, ата-анаға дұрыс ақыл-кеңес беретін де, оларды үйрететін де – патронаждық қызмет.

Ауырған балаларға қызмет көрсету жағы да ойландыратын жағдай. Жас дәрігерлерге де ақыл айтып, практикалық кеңес беретін, тәлімгер болатын тәжірибиелі дәрігерлер жағын да ойластыру керек. Ауруы асқынып, ауыр жағдайдағы баласын амалдың жоқтығынан ата-анасы тәжірбиелі дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болады. Ондай жағдайда талай баланы қарауға тура келді.

– Туа біткеннен денсаулығының кінәраты бар балалар да көбеюде.

– Сөзіңіздің жаны бар. Медицина саласынан басқа мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеп, бейімду мекемелері де жұмыс істейді. Мысалы, Шелекте коррекциялық педагогикалық-психологиялық кабинет бар.  Мұнда мүмкіндігі шектеулі, сөйлеуі, психикалық дамуы тежелген балалардың саны 200-ден асады. Олардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Қазір бұл кабинет политехникалық колледжінің жатақханасында уақытша орналасқан. Өйткені, Абай атындағы мектептің бір қанатын жалдап келген, оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Осы уақытқа дейін штаты сол баяғы қалпы. Көмекке зәру бала саны көбеюде. Сондықтан бұл кабинет балаларды толыққанды қамтамасыз ете алмайды.

Өзіңізге белгілі, бұрынғы балалар ауруханасы болып 20 жыл халыққа қызмет еткен мекеме біресе емхана, біресе басқа мекеме болып сан құбылды. Халықтың қажетін өтеп жүрген балалардың киелі мекенін жаппай-ақ, осы коррекциялық кабинетпен біріктіріп, балаларды дамыту орталығына айналдырып, қызметкерлер санын арттырып, балалардың игілігіне қолдануға әбден болар еді.  Бала денсаулығы – ұлтымыздың байлығы. Өйткені өскелең ұрпақ – елге тұтқа болар келешегіміз.  Бұл мәселені шындап қолға алатын кез – бұл.

– Сұхбаттасып, оңтайлы ой бөліскеніңізге рахмет. Ел үшін атқа-рып жүрген ерен еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспіз!

 

Тілдескен Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы. Өйткені, сонау ғасырлардан бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымыз  – еліміздің дамуы мен мәдениетінің айнасы. Демек, сан ғасырлық  тарихы бар рухани құндылықтарсыз ұлттың дамып, өркендеуі әсте мүмкін емес.

Әймен орта мектебінде ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты аудандық семинар өтті. Аталған шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары   қатысты.

Семинар мектеп оқушыларының әуелеген әнімен, күмбірлеген күйімен басталды. Шараның шаттығын асырып ақ шашу шашылды. Одан ары семинар «Ұлттық құндылықтарға арналған таныстырылымға ұласты. Ал таныстырылымда ұлттық ойындар, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер, қазақтың музыкалық аспаптары, киелі сандар, ұлттық мереке мен мектеп оқушыларының назарына ұсынылған кітаптар көрсетілді. Әсіресе, «Үме», «Сырғалы», «Сірге мөлдірету», «Деңгене», «Бәсіре» сияқты ұлттық дәстүрлер көп көңілін аударды. Сонымен қоса, «Дауылпаз», «Тайтұяқ»  сынды музкалық аспаптардың маңыздылығы түсіндірілді.Қазақ үшін әр санның өзіндік қасиеті мен киесі, сыры мен жұмбағы, мән-маңызы болған. Халқымыз әр санның өзіне тән ерекшелігін саралап, жөнімен қолданған.  Таныстырылымда қасиетті сандар және олардың киесі туралы айтылды. Семинар қатысушыларына «Тәрбие негізі  ұлттық құндылықтарда» және «Шежіре – тарихи және рухани құндылық» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Онда ар, ұят, талап ұғымда-рының тәрбиелік және философиялық  мәні кеңінен  талқыға салынды. Ал шежіре та-қырыбында жеті ата мен жеті ұрпақ және қазақтың өзге де туыстық байланыстары  тереңінен  сөз етілді.Семинар аясында  «Роль лошади  в траицонной культуре казахов», «Ғасырмен үндескен қобыз», «Ұлттық  құндылықтар – ел қазынасы», «Национальные ценности культуры казахсого народа» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

– Қазіргі ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну керек. Ұлттық тәрбие деп – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуын, яғни ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айта-мыз. Біз ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға күш саламыз. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті, – дейді  мектеп директоры Ақмарал Есенбаева. Семинар соңын қорытындылған аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарима Әбілханқызы ұлттық тәрбиені мектеп жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарау керектігін айтты.                                                          

     Е.АСЫЛ.

Бұл туралы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында аудан әкімі Алтай Досумбаев айтылды.

Ол өз сөзінде «AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламаның Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Жол картасының 13 көрсеткіш 38 шараның жүзеге асырылып жатқанын айтты. Жыл басынан бері іс-шаралар мен көрсеткіштердің 20-ы орындалды.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде.

«Бұл жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Осы ретте Түркістан облысында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Мәселен, 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 417 азамат өтінім білдірген. Аясында 79 азамат жеңілдетілген несие алған», – дейді Алтай Досумбаев.

Сонымен қатар, фракция отырысында орындалмау қаупі бар 5 шара туралы айтылды. Қортындылай келе, фракция жетекшісі Бағдат Рахимов орындалмау қаупі бар шараларды қатаң бақылауға алуына ұсыныс жасады.

Олардың 61 пайызында банк алдындағы берешегі бар екені анықталған.

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Осылай деген AMANAT партиясы Halyk Bank-пен бірге мамыр айында «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Оның аясында, бір ғана Алматы облысының мыңдаған ауыл тұрғыны несие бойынша білімін арттырып, отбасы бюджетін тиімді басқаруды үйренді.

Бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға, шамадан тыс қарызданып қалуды болдырмауға және ауыл тұрғындарының қаржылық мәдениетін жақсарту үшін қолға алынған. Берешегі басынан асып, борышкер атанған қатысушылар игі іс үшін AMANAT партиясына алғыс білдіріп жатыр. Өйткені, олар дәрістен кейін маңызды дүниелерді ойға түйгендерін айтты.

«7 айда 9 мыңға жуық азамат қаражатты тиімді жұмсауды үйренді. Өз кәсібін бастағысы келетіндерге, табыс табудың түрлі жолдарын көрсететін пайдалы мәліметтермен бөлістік. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды үйретті», – деді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Зәмзәгүл Сламбекова.

Оның айтуынша, қаржылық сауатты арттыру курсына құмар ойынға салынғандар да қатысқан.

«Қаржылық сауатсыздықтың салдары орасан. Қарызы жамала берген соң несиеге барып ұрынады. Алған кезде банктің процентін есептеп жатпайды. Соңында ай сайынғы берешегі табысынан асып түседі. Төлей алмаған соң есепшоты бұғатталады. Олардың қатарында алаяқтарға алданып қалғандар, құмар ойындарға тәуелді болғандар мен банк борышкерлері бар» – дейді ол.

Мәселен, AMANAT партиясына 26 жастағы азамат 4 түрлі микроқаржы ұйымынан 800 мың теңге қарыз алғанын айтып келген. Ал оның ата-анасы баласының «лудоман» екенін білмеген. Тұрақты табысы болмағандықтан несие уақтылы төленбей, коллекторлық компаниялар жақындарына қысым көрсете бастаған.

«Ұлының берешегін екі зейнеткер өз мойнына алып, зейнетақысынан төлеп келген. Оның шоты бұғатталып, несие тарихы бұзылғанына байланысты ешқандай кәсіппен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Тіпті жұмысқа тұра алмайды. Осы мәселе қариялардың денсаулығына кері әсер еткен. Семинардан кейін несие төлемдері мен құжаттарын талдау нәтижесінде азаматтың шоты бұғаттан шығарылды. төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі жүргізілген. Нәтижесінде, жұмысқа орналасып, айлығын толық мөлшерде алып отыр», – дейді жоба жетекшісі.

Оқу барысында қатысушылар тек білім алумен шектелмейді. Оған қоса, борышкерлерге заңгерлер тегін кеңес беріп, қолдау көрсетеді. Жоба келесі жылы да жалғасады.

Айта кету керек, оқуға қатысқан тұрғындардың 61% банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі бар. Олардың бірнеше несие өтеп жатқаны, тіпті 12 несиесі бар отбасы белгілі болды.Әсіресе жастар арасында ойланбай қарыз алып, қайтара алмай жүргендер көп. Қазан айындағы статистикаға сәйкес Алматы облысында 801 адам банкрот деп танылған.

 

«Аудан аумағында өзін-өзі басқаруды жетілдіру, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жандандыру» мақсатында өтетін кездесудің кестесі бойынша аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Т.Ұзақов ауылдық округ орталықтарында жиындар өткізіп, оған қатысушылармен пікір алмасу  барысында қол жеткізген жетістіктермен қатар шешуін күткен әлеуметтік, тұрмыстық мәселелермен де бөлісті.

Төрағаның баяндамасы негізінен аудан аумағында мекен ететін тұрғындардың ұлттық құрамын пайыздық мөлшермен анықтап, көпэтносты елді мекендеріміздегі татулық пен бірлікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, жасөспірімдер тәрбиесі кездесулер өткізілген барлық елді мекендерде көтерілуі заңды. Ел болашағы жастарымыздың білімді де білікті, дені сау азамат болып өсуіне елімізде барлық жағдайлар жасалуда. Ол жөнінде ақпарат құралдары жан-жақты жариялап жатыр, үлкенді-кішілі жиындарда айтылып та жатыр. Тұрғындарымыз өз көзімен көріп те отыр. Айталық ауданымызда футбол алаңы жоқ елді мекен кемде-кем, спортзалы жоқ мектептер азайды. Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жасөспірімдердің спортпен айналысуға қажеттілігін өтеумен қатар ел болашағының  зиянды әдеттерден аулақ болуына да үлкен әсер  етері анық.

Есік қаласындағыдай үлкен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы  Шелекте де аяқталып, көп ұзамай пайдалануға берілмекші. Кездесулер барысында  Рахат, Ават ауылдық округтерінде  ауылдарда өткізіліп жатқан спорттық шараларды «Еңбекшіқазақ» газеті жариялап тұрса деген өтініштерін де айтып қалды тұрғындар. Ал осының барлығы да жас өскіндерге деген қамқорлық болса, жастарымыз да зиянды әдеттерден мүлде аулақ болса дейміз. Өкінішке қарай ойынқұмарлық (лудомания) деген машақат жасты да жасамысты да оңай  табыс табуға итермелеп, өкіндіріп те, опындырып та жатқаны үлкен проблемаға айналуда.

Ал бұрынғы әлі де азаймай тұрған нашақорлық  деген кеселді синтетикалық аталған есірткі мүлдем ушық-тырып тұр.  Қоғам болып, құқық қорғау органдары  болып күресетін кеселдер аз емес. Тек ерік-жігер мен бірлесіп атқарар іс-қимыл керек.

Аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында атқарылып жат-қан жұмыстар аз емес. Сонда дағы ақшиліктер көтерген мәдени  ошақтың жоқтығы сияқты мәселелер әлі де бар. Бір кезде жекешеленіп кеткен мәдениет үйін  атына сай қызмет ететін ету көптен бері айтылып келеді. Ия, айтылып келеді әзірше. Нақты іс жоқ. Бәйдібек би округінде де сөз ауыз сумен қамту және көшелерді абаттандыру жұмыстары өз ретімен жасалмағандықтан болар дұрыс атқарылмауы жайында болды.

Бүгінгі таңдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерімен қатар, бейкүнә сәбилерге қол көтеру, одан бетер айтуға ауыз бармайтын, жазуға қалам жүрмейтін оқиғалар белең алып тұрғанда оқу орындарының ғимаратына кіруге бет қойған азаматтарды тексермей кіргізбейтін тәртіп  құптарлық. Бірақ кейбір ауылдарда елді мекенге, тіпті аумаққа белгілі беделді азаматтарды, қоғамдық ұйымның тапсырмасымен келетін азаматтарды оқу орнының табалдырығынан аттатпау деген шектен шыққандық емес пе? Бұл сұрақты қойып отырған Бәйтерек ауылындағы мешіттің Әбдіғани имамы мектепке діни уағыз айту үшін емес, тәрбиелік, қоғамымыздағы тәртіптік мәселелер жайында ой бөліспек мақсатпен бет бұрамыз ғой дейді. Ең қиыны алпысқа келген Бәйтеректің тұрғыны өмірінің жартысынан  артық  бөлігін ауданымызда өткізген танымал да ақжарқын азаматты мектеп есігінен кері қайтарған әдептілік пе? Шелек  ауылында көп жыл орта мектепті басқарып, құрметті азамат атанған көптеген наградалары бар ардагер ұстаз  Виктор ивановичті (фамилия-тегін барша шелектіктер біледі) өзі басқарған мектепке кіргізбеу дегенің әдепсіздіктің ең сорақысы деп білу керек. Соңғы уақыттарда мұғалім кітап, газет, журнал оқу керек пе деген сұрақ әсіресе, ұстаздар газетке мақала жариялау керек болғанда, газетке жазылу кезеңі басталғанда туындайды. Менің редакторлық өз тәжірибемде зейнеткерлікке  шығуға аз ғана уақыт қалған мектеп директоры «Мен газетке жаздырмаймын мұғалімдерді» – деген мазмұнда басшылыққа қолхат бергенмін деп салды. Аман-есен зейнетіне шығып кетіпті ғой сол білім беру саласының ардагері. Енді бір Есік қаласының төңірегіндегі мектеп мұғалімдері редакцияға шағыммен келген жағдай да болған. Жоқ-жоқ, мәжбүрлеп жаздыру емес, керісінше жергілікті басылымға жазылам деп құлшынып тұрған ұстаздардың бетін қайтарған ғой.

Біз өзі қайда бара жатырмыз? Тарихымызда болған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының заманында газет шығарғаны үшін қудаланған еді патша жендеттері жағынан. Қазір бізге не көрінді?!

Міне, осындай  кем-кетіктер жергілікті өзін-өзі  басқаруды әлі де жетілдіре түсіп, бұл жауапты іске қоғамдық ұйымдарды батыл тарту керек екенін айғақтайды.

Х.Ахметжанов.

Бейсенбі, 30 Қараша 2023 11:39

Жұмыс сапасы басты назарда

Ауданымыздың әр өңірлерінде халық игілігі үшін жаңа мектеп салу, күрделі жөндеулер, жол, су құбырларын тарту, тағы басқа да көптеген жұмыстар жүргізілуде. «AMANAT» партиясының аудандық филиалы «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша қолға алынған жұмыстардың сапалы атқарылуын назарға алған.

Жақында «AMANAT» партиясы аудандық филиялының төрағасы Бағдат Рахимов және Алматы облысы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ерік Абитов Шелек ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Абай атындағы мектепке келіп, құрылыс барысымен танысты. Мұндағы жұмыс келер жылдың сәуір айында аяқталуы тиіс. Ауа-райының қолайлы болуына байланысты ғимараттың сыртын әрлеу жұмысы қызу жүргізіліп жатыр. Қыстай ішкі жұмыстар қолға алынатынын айтты мердігер мекеме өкілі.

Келесі қолға алынған ауқымды жұмыс – ауызсу құбырларын тарту. Мердігер мекемеге жұмыстың талапқа сай жүргізуін тапсырды аманаттықтар. Одан кейін құрылысы бітуге таяп қалған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне де ат басын бұрды аманаттықтар. Ауылдың шыға берісіндегі жаңа үйлер бой түзеген ықшам ауданның жолдарына асфальт төсеу жұмысын да өз көздерімен көріп, істің талапқа сай жүргізіліп жатқанының куәсі болды. Жергілікті тұрғындар да алғыстарын айтып, лебіздерін білдірді.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Мен Джасыбаев Талғат Серікқалиұлы 1982 жылы 4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында дүниеге келдім. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2007 жылы Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасында инспектор болып бастадым. Кейіннен Есік қаласының әкімі аппаратында, Кңбекшіқазақ аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып еңбек еттім. 2014 жылдан бері Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.  

Құрметті Қаражота ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің қарауларыңызға Қаражота ауылдық округінің  әкіміне кандидат ретінде өзімнің әзірлеген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Мемлекет басшысы  ұстанған қоғамдық татулық пен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт, Тәуелсіз Қазақстанның  дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Қаражота ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне  маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Менің Қаражота ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлау алды бағдарламам, Сіздермен бірлесе округ өміріне маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

 

Мен Рузахунов Айшрахун Иджанович, 1964 жылы 19 шілдеде Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, экономика және бизнес мамандығын алдым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2006 жылы Масақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып бастадым. 2007 жылдан бері Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.

Құрметті, Қырбалтабай ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Қырбалтабай ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 17 жылда ауылдық округ әкімінің аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Қырбалтабай ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын.

Мен Қалиақбаров Нұрлан Тұрғанұлы, 1975 жылы 10 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы аталған ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, 1996 жылы философ, философия пәнінің оқытушысы мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 1996 жылы Алматы қаласындағы «Сайма» фирмасында менеджер болып бастадым. 2002-2003 жылдары Қызылшарық ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болдым. Кейіннен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы, 2008 жылы жетекші маман, Асы ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман қызметтерін атқардым. Бүгінгі таңда Асы ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманмын.

Құрметті Саймасай ауылдық округінің тұрғындары!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Осы орайда мен өзіме бірқатар міндеттер қойып, оларды округ әкімі ретінде жүзеге асыруға дайынмын.

– Білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны  қадағалап, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу;

– Елді мекендердегі емханалардың материалдық-тахникалық базасын нығайтуға күш салу;

– Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар кәріз су жүйелерін салу жұмыстарына атсалысу;

– Жастарға арналған спорт алаңдарының ашылуына атсалысу, балаларға арналған ойын алаңдарын жабдықтауды қадағалау;

– Елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету, жол ережесі белгілерін орнатуды қамтамасыз етуге ықпал жасау;

– Елді мекендердегі мәдениет саласына аса көңіл бөлу, мәдениет үйлеріне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал жасау;

– Жеке, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған отырыстар өткізіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын дайындай отырып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етілуіне үлес қосу;

– Елді мекендерді тазалық жұмыстары мен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын қолға алу;

– Учаскелік полиция инспекторларынымен тығыз қарым-қатынас орнатып, құқықбұзушылықпен күрес жұмыстарын жүргізу;

– Халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосу;

– Округті дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету – менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

Құрметті сайлаушылар!

15 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі тәжірибемді Саймасай ауылдық округін гүлдендіруге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсауға дайынмын. Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

 

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет