Сейсенбі, 03 Наурыз 2026 13:06

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Абай облысының жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Президенттің Егемендік және Тәуелсіздік сөздерін неліктен бас әріппен жазатынына тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде Егемендік және Тәуелсіздік ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазады. Өйткені, Президент қоғамдық санада бұл сөздердің ерекше құндылық ретінде орныққанын қалайды. Ата Заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталды. Неге?! Себебі, бұлар қоғамдық санада қасиетті және қастерлі ұғымдар болып бекітілу үшін. Әсіресе, жастардың санасында. Бұл мағынасы жағынан маңызды әрекет», – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жаңа Конституцияда бұл терминдердің жиі қолданылуы оның мемлекеттілікті күшейтудегі рөлін айқындайды. Атап айтқанда, 1995 жылы қабылданған Ата Заңда «Егемендік» сөзі 3 жерде кездеседі. Ал жаңа Конституцияда 6 жерде қолданылған. Сол секілді «Тәуелсіздік» сөзі ескі Ата Заңда небары 1 рет аталса, жаңа Конституцияда 4 жерде қолданылған.

Сондай-ақ, Ерлан Карин бұл ұғымдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқықтық орны мен оларды қорғау тетіктеріне баса назар аударды. Оның сөзінше, Егемендік пен Тәуелсіздік Жаңа Конституцияда мемлекет қызметінің ең бірінші негіз құраушы қағидаты ретінде бекітілді.

«Жаңа Ата Заңның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І-бөлімінің 3-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаты – «Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау» деп анық жазылған. Яғни, Егемендік пен Тәуелсіздікті дамыту немесе нығайту деп емес, қорғау деп айқын көрсетілген. Бұл ұғымды да Жаңа Конституцияға Мемлекет басшысының өзі енгізді», – деп нақтылады ол.

Сөз соңында Мемлекеттік кеңесші Тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық мәселелерінің мызғымастығына және бұл құндылықтардың ешқашан талқыланбайтын норма екеніне тоқталды.

«Бұған қоса, Жаңа Конституциядағы 2-баптың 2-тармағында жазылғандай, «Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді». Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді». Бұл туралы жаңа Ата Заңның 2-бабының 7-тармағында нақты жазылған. Яғни, Егемендік, Тәуелсіздік, Аумақтық тұтастық қоғамда мәселе ретінде ешқашан талқыланбайды. Тіпті, референдумға да шығарылмайды. Мемлекет басшысы 2021 жылы өз мақаласында жазғандай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Енді бұл сөз біздің күнделікті өмірде ұстанатын ұранымыз және Ата Заңымыздағы маңызды норма болып бекітілді», – деп түйіндеді Ерлан Қарин.

 

Оқылды 81 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет