Жұма, 10 Ақпан 2023 09:43

Әйелдер арасындағы облыстық чемпионат

Елімізде кейінгі жылдары әйелдер боксы айырықша қарқын алып келеді. Дамып жатқан бұл спорт түрінен әлемдік додаларда биіктен көрініп жатқан нәзік жандыларымыз бар. Жуырда Есік қаласындағы спорт кешенінде бокстан қыздар арасындағы облыстық чемпионат өтті. Бұл Алматы облысы жеке бөлінгелі алғашқы өткізілген облыстық жарыс болғанын айта кетейік.

Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандары және Қонаев қаласы қатысқан 4 күнге созылған сайыс аса тартысты болды. Былғары қолғап бәсекесінде бақтарын сынаған 102 спортшының бойынан жеңіске жету жолындағы қайсарлық пен болмыстарына сай өжеттілікке куә болдық. Жарыс жасөспірімдер арасында жас ерекшеліктеріне байланысты 3 деңгейге бөлінді. Сонымен қатар әйелдер арасында да салмақ бойынша бірнеше деңгейде жекпе-жектер өткізілді. Танымал спортпен шұғылданып жүрген, болашағынан үлкен үміт күттіретін жасөспірімдердің таланттары көпшілікті тәнті ете білді. Сондай-ақ 18 бен 40 жастағы әйелдер арасындағы сайыс та ерекше тартысқа толы болды. 30-дан асқан, отбасылы нәзік жандылар да жеңіс тұғырына көтерілді. Айта кететін тағы бір жайт – Африка құрлығы, Уганда мемлекеті Кампала қаласының тумасы Халықаралық дәрежедегі төреші Тузинде Поль жарысқа төрелік етті.

Аталған нәзік жандылар арасындағы облыстық бокс бәсекесінде командалық тұрғыда салыстырғанда Еңбекшіқазақ ауданы алға шықты. 1-ші орынды еншілеген жасөспірімдер көктем айында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды, ол жерде жеңіске жеткен спортшы Азия чемпионатына қатысатын болады. Ал әйелдер арасында жеңімпаз атанған жандар наурыз айында Петропавл қаласында өтетін 4 жылда бір рет келетін бокстан әйелдер арасындағы республикалық  спартакиадада облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 7770 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет