Бейсенбі, 03 Тамыз 2023 16:30

Аудан біріншілігі басталды

Өткен демалыста  Есік қаласындағы  орталық   стадионда футболдан  аудандық чемпионат  өз  жалауын желбіретті.

Айбынды Әнұранмен    басталған спорттық  шараға аудандық  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімі басшысы  Дархан Ахметов пен   орынбасары Ермек Самсыбеков, спорт мамандары мен футбол жанкүйерлері  қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілеген  Дархан  Ахметов  футбол ойынының  маңызына тоқталып өтті: 

Бұрын ауданымыздың біріншілігінде  30-дан астам команда  жүлдеге таласатын.  Арада үзіліп қалған доп додасы бүгін қайта  жалғасын тапты.  Жарысқа  үмітін үкілеп келген  барша  командаларға сәттілік  тілеймін. Бұл додадан жүлде алған командалар, облыстық жарыс-тарда да үздіктер қатарынан көрінетін болады. Кезінде ауданымыз облыс көлеміндегі  талай футбол додасына топ жарған болатын. Біз сол дәстүрді қайта жалғастырумыз керек, – деді. Жарыс шымылдығын  Қазақстан  ауылдық округі мен Қаракемер  ауылының  командасы ашты. Аталған  доп  додасына  ауданның бас төрешісі Наурыз Сетнасипов  төрелік етті.

Төрешінің ысқырығы шалынысымен  командалар ала доптың аламанын  қыздыра түсті. Осылайша, 1 таймда есеп ашылмады. Ойынның екінші бөлімі де командалардың бір-бірінің қақпасына жасаған қарымта шабуылдарымен басталды. Қазақстан ауылының футболшылары қарсыластың қақпасынан саңылау тапты.  Алайда ойын соңына таман өз  қақпасының жанында қазақстандық  футболшы ойын ережесін бұзып, қаракемерліктер  айып добын соғып, есепті  теңестірді.

Ал екінші кездесуде Көктөбе ауылдық округінің  командасы қырбалтайлықтарды 2:1 есебімен тізе бүктірді.   Аудандық  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің мәліметінше, осы жылғы чемпионатқа 8 команда қатысып, өз бақтарын сынайды. Аудандық доп додасы демалыс күндері жалғасын тауып, ай соңында мәресіне жетеді.

Е. АСЫЛ.

 

Оқылды 5792 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет