Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2023 15:45

Жүлдегерлер марапатталды

Аудан әкімі Алтай Досумбаев  джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында жүлде алған жеңімпаз спортшыларды марапаттады.

Өңір басшысы чемпиондарды марапаттау барысында

– Сіздердің жетістіктеріңіз жастарға өнеге. Әрине бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы жетістіктің артында қаншама еңбек, төгілген тер, ұйқысыз түндер жатыр. Ең бастысы жүлдегерлеріміз  жеңіске деген жігер мен темірдей төзімділік танытып,  өздеріне  артылған үміт пен сенімді ақтады. Аудан спорты қанатын кеңге жайып келеді. Біз қашан да өңір спортын дамытуға  күш саламыз. Әлемдік додаларда жеңіс туын желбірететін спортшыларымыз көп болсын! –  дей келе, жүлдегерлерге  арнайы алғыс хат және естелік сыйлықтарды табастады. Өз кезінде жеңіс тұғырынан көрінген жеткіншектер бұдан да биік белестерді бағындыруға құлшынатындықтарын айтты. Ауданымыздың түлектері Амин Арсамаков пен Милана Мансурова 21-25 тамыз аралығында Астанада алғаш рет өткен  джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Жеңімпаздарымыз Амин Арсамаков Есік қаласында, ал Милана  Мансурова Ават ауылында тұрады. Айта кетсек, бұл сында Қазақстан атынан 194 спортшы ел намысын қорғады. Қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде 13 алтын, 19 күміс, 37 қола медаль алып, жалпы командалық есепте ІІІ орын алды.                      

Е.АСЫЛ.

Оқылды 5388 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет