Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 09:36

Есіңе мені алғайсың...

Мұқағали Мақатаевты қазақ халқының тіліне шынайы мұрагерлік етіп, тіл байлығын өзінің жүрегінен тулап шыққан туындылары арқылы толықтырып, ұлт поэзиясының патшалығын жауһар сөздерімен жарқыратып, құндылықтарымен құлпыртып әрлеген әз ақын десек әсте артық болмас!

Алматы облысы «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық филиал қызметкерлері мен этнос өкілдерінен құралған тыңдаушылары да қазақтың нарқасқа ақынының жүрегінен үзіліп түскен жырларын жатқа оқиды. Ақын өмірінің бұралаң бұлтарыстары көп жолын жүрегімен сезінеді.  Күллі халық әр сөзі зерлі де зиялы мұзбалақ ақынның жылдағы туған күнін атап өтіп, ерекше ілтипатпен еске алады. «Ол кім екен?» деп ойланбай-ақ, ауыз толтырып «Мұқаң» деп айтатындарыңызға сенімдімін.

Иә, әр десе әрі, нар десек нардай болған, ерекше келбетімен, бөлек болмысымен, нәзік жан-дүниесімен дараланар дара тұлға еді ғой...

Нәзік демекші, Мұқағалидың өзгешелігінің өзі де Алланың ерекше жаратқан тамаша болмысы әйел затының (ал әйел жанының құпиясын сезіну екінің бірінің қолынан келе бермейтінін ер азаматтарымыз мойындайтын болу керек?) тұңғиық тереңдегі табиғатын сезініп, сезініп қана қоймай жол табуы, демек – дос болуы.

Ақпан айында еңкейген қарттарымыздан бастап, былдырлап сөйлей бастаған балапандарға дейін ақынның атын айшықтап, өмірін өрнектеп, өлеңдері мен әндерін әуелетіп айтып жүруі, тіпті, әдетке айналып бара жатқаны жанды жадыратып, көңілді қуантады.

«Достық» деген қасиетті сезімді өз өмірінің өзегіне айналдырған ол табиғатқа да, табиғаттың сан-алуан құбылыстарына да, адамша жан бітіріп, сөйлетіп қана қоймай достастырып, өз жүрегінің сезімімен астастырып  жазған жаны жомарт жан еді.

Ақын өлеңдері арқылы кез келген оқырман табиғаттың қай құбылысы болса да адам жанынан сыр шертіп, кісі көңіл-күйінен хабардар етіп тұрғанын сезінеді.

«Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге...» – адамның шат-шадыман шағы болса,

«Тұнжырап тұрған орманға,

Тұнжырап жалғыз барғанда...»  деп көңілсіз күндерін, ал

«Жапырақ жанып жатқанда,

Күз келген күрең шақтарда...» деп көңіл кірбіңін сездірсе,

«Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың...» деген өлең жолдары қыс қаһарындай қаталдығымен қатар ақтығы, пәктігі бар таза тұлғаны көз алдыңа келтіреді.

Міне, осылайша қай қара өлеңі болмасын екі ерекше құбылыс – адам мен табиғаттың егіздігін, ерекшелігін, қарапайым қасиеттерін жайып салып отырады. Мұқағали туралы, оның өмірі мен өлеңдері туралы айта берсең, айта бергің келеді.

Құрметті оқырман, қазақтың қасқа маңдайына біткен біртуар тұлғаны мақтан етер ұрпағымыздың құлағына құйып, жүрегіне жазып беру сіз бен біздің  азаматтық борышымыз екенін ескерсеңіздер деймін!                       

«Өмірде ақындардың бәрі жалғыз!» деген жүрегін жарып шыққан өлең жолында қаншама сыр жатқанын жас ұрпақ сезінсе, жалғыздық деген жаман сөздің ақын ойы арқылы жақсылық атаулының жалғыз жүретінін де жеткізе білсек деген ниетпен сөзімді аяқтағым келеді.

Нұрсұлу РАХЫМБАЕВА,

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы меңгерушісі.

Оқылды 8923 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет