Бейсенбі, 23 Ақпан 2023 10:47

Ақты ақ деп бағалар

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына Үйсін мен Арғынның белді жақсылары таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, пәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:

Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы, ағалар!

Өзегі талса, ел біткен,

Өзен бойын жағалар, – деп сөз бастай бергенінде:

– «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

О, би аға, он үште отау иесі демес пе,

Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу – ағайын адамға лайық па? – деп бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз?

Сонда:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа ғой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға ғой, – деген би:

– Балам, билікті саған бердім, – дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

– Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласын. Бұған қалай қарайсыздар? – дейді.

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол!

Маңдайдағы бағы бол! – деп бала Төлеге батасын берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Оқылды 8405 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет