Сейсенбі, 30 Мамыр 2023 19:49

Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 20 мың оқушыға арналған 10 мектеп салынады.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты. Брифингте баяндама жасаған әкім қазіргі таңда үш ауысымды мектептер аудандағы білім саласында ең өзекті мәселелердің бірі екенін, бүгінде оқушылар үш ауысымда оқитын мектептер саны 12-ден 11-ге азайғанын айтты.

«Бұл мәселені шешу мақсатында ауданда 5 жаңа мектеп және 3 мектепке жапсаржай құрылысы жүргізілуде, биыл ақпан айының басында Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының 600 орындық жапсаржайы салтанатты түрде қолданысқа беріліп, мектептегі орын тапшылығы мәспелесі шешімін тапты. Қалған мектептердің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі», – деді аудан әкімі.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында осы жылдан бастап аудан бойынша 7 мектептің құрылысы басталады деп жоспарланған, қазіргі таңда құрылысқа қажетті жер телімдері рәсімделді, құрылыс жұмыстарына 12,8 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Қаскелең қаласында, Алмалыбақ және Көкөзек ауылдарында 1500 орындық үш мектеп, Қошмамбет, Бұлақты, Долан және Елтай ауылдарында 1200 орындық мектептер салынбақ. 2025 жылы Кемертоған, Қырғауылды және Жандосов ауылдарында 1500 орындық мектептер салынады.

Жасұлан Естеновтің айтуынша, аталған жобалар іске асырылса, ауданда үш ауысымда оқитын мектеп болмайды.

Оқылды 6774 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет