Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 16:41

ҰБТ IV тоқсан бағдарламасын қамтымайды

Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсанның бағдарламасын қамтымайтынын мәлімдеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес 11-сынып оқушылары IV тоқсанда, негізінен, бұрын оқылған материалды қайталап, бекітеді, яғни, 11-сыныптың соңғы тоқсанында жаңа тақырыптар аз. Десе де, олардың тестте болмайтыны айтылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары мектеп бағдарламасының шеңберінде меңгерілетін негізгі тақырыптарды қамтиды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың сөзінше, мамандар тест тапсырмаларының мазмұнын егжей-тегжейлі талдады.

«Біз қашықтан оқуға көшу ҰБТ-ға дайындалуға әсер етпейді деп есептейміз, оның үстіне, мектеп оқушылары ҰТО-ның сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Әрбір пән бойынша 70 нұсқа әзірленді. Біз оқушылардың сынама тестілерін белсенді пайдаланатынын көріп отырмыз. Карантин кезінде оқушылардың ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның үстіне ҰБТ сұрақтары төртінші тоқсанның тақырыптарын емес, жалпы мектеп бағдарламасын қамтиды. Айтпақшы, соңғы жылдары фактологиялық материалды жаттау мен есте сақтауға емес, функционалдық сауаттылыққа байланысты сұрақтардың үлесі артып келеді», – деді Дидар Смағұлов.

Ол, сондай-ақ, ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, карантин ұзартылған жағдайда ҰБТ-ді өткізудің балама нұсқасы да дайындалуда екен.

Құралай Мұратқызы

Оқылды 1191 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 13, 2024

Тынымбике ТӨЛЕУБАЕВА: Салаға реформа…

Дәрігерлік – мәңгілік мамандық болып есептеледі. Қызығы көп қызметтің қаншалықты…
Маус 13, 2024

ПМСП – основа здравоохранения

Одной из главных целей Национального проекта модернизации здравоохранения РК –…
Маус 13, 2024

Ізгі іс абырой әкеледі

Ауырған адамды емдеп, сырқатынан айықтыру – расында, нағыз бақыт, ерен еңбек. Ақ халатты…
Маус 12, 2024

«Наша семья нашла свое счастье на…

О большой уникальной семье кандасов из Монголии мне рассказали в Жамбылском районном…
Маус 08, 2024

ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН - это акция, направленная на очистку от мусора загрязненных территорий,…
Маус 08, 2024

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН - ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту…
Маус 07, 2024

Ашынғаннан шығады ащы даусым

немесе әлеуметтік желідегі ауыл тобының жанайқайы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…
Маус 07, 2024

Айбыны асқақ мереке

Көк аспан Көк Тудың желегі, Алтын күн шуағын төгеді. Сол күнге қасқайып қарайтын, Қыраным…
Маус 06, 2024

«Сложились очень добрые,…

Президент России Владимир Путин заверил, что у него сложились добрые и доверительные…

Күнтiзбе

« Маусым 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет