Жұма, 13 Қаңтар 2023 09:54

Асуларды бағындыруға асыққан жан еді

Жақында Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте 1 дәрежелі құтқарушы, альпинист Данияр Ерболатұлы Мыңжасаров атындағы география  кабинеті ашылды.

Аталған  кабинеттің ашылу салтанатына ауылдық округтің әкімі Марат Сүгірбеков, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Оспанов, мектеп директоры Мирамгүл Орақбаева, марқұм Данияр Ерболатұлының ата-анасы мен достары, әріптестері, сыныптастары және ауыл жастары қатысты. Шараның  шымылдығын ашқан мектеп басшысы Мирамгүл Орақбаева «Ескірмейтін естеліктер мекені» жобасы аясында оқу ордасының даңықты түлегі Данияр Мыңжасаровтың құрметіне кабинет ашылып отырғандығын жеткізді. География кабинеті ашылуына қатысқан альпинистің ауылдастары оның досқа адал, ініге қамқор ізгі қасиеттерін сөз етті. Данияр Мыңжасаровтың ұстаздары мен сыныптастары да арда азаматтың асқақ адамгершілігін айтып, асуларды бағындыруға асыққан жан жайлы көңіл толқытар естеліктерімен бөлісті. Асқақ арман  жолында қыршын кеткен Данияр Мыңжасаровтың әкесі Ерболат ағамыз бен анасы Жібек апайымыз мектеп ұжымы мен жиналған қауымға алғыс айтты. Шара соңында марқұмның рухына құран бағышталып, ас берілді.

Данияр Мыңжасаров 1979 жылы Қазақстан ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп түрлі спорттық үйірмелерге қатысып, ерік-жігерін шыңдай түседі. Талантты жас Абай атындағы мемлекеттік университетті бітіргеннен кейін әскери борышын өтеп қайтады. Ал 2002 жылы Алматы қаласының құтқару қызметіне «Құтқарушы» болып орналасты. Данияр Мыңжасаров құтқару қызметінің құрамында жүріп «Хан-Тәңірі» (7010 м), «Победа» сияқты шыңдарды бағындырды. 2004 жылдың қысында ол «Зимний Снежный Барс» бағдарламасы аясында  Памир тауының «Ленин шыңын» бағындырушы ретінде қатысты. Бірақ сол жылдың ақпанында шыңнан түсіп келе жатқанда шырғалаңға ұшырап мезгілсіз қаза тапты. 2005 жылы жерлестерінің және округ әкімідігінің қолдауымен альпинистің туған ауылындағы көшелердің біріне Данияр Мыңжасаровтың  есімі берілді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 8430 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет