Жұма, 19 Сәуір 2024 13:29

Еңбегің ел есінде, Мұрат

Журналист, мемлекеттік қызметте де көп жылдар бойы еңбек еткен әскери және ішкі істер офицері атағы болған М.НақатаевтЫң  өмірден озғанына да жыл болып қалған екен.

Мұрат әскери қызметін де ойдағыдай  орындағандығынан болар, міндетті екі жыл борышын өтегеннен кейін тұрақты әскери қызметке қалуды ұсынған  (қазіргіше айтқанда, контрактымен – келісім шартпен). Отбасы жағдайына  байланысты бұл қызметке берген келісім рапортын қайтарып алуға мәжбүр болған. Әзірбайжан аумағындағы әскери қызметімен Гяндж қаласының (бұрынғы Кировабад) атқару комитетінің мүшесі болуға да уақыт тапқан. Демобилизациядағы сарбазға бір апта ғана демалуға мүмкіндік беріп,   Шелек ішкі істер аудандық бөлімі өз қатарына алады. Бұнда бір жыл ғана қызмет атқарған Мұратты Қазақ КСР теледидар және радиохабар тарату комитеті дикторлыққа аттай қалап шақыртып алады. Бұл салада да қазақтың Левитаны атанған елімізге еңбегі сіңген артист әйгілі Әнуәрбек Байжанбаевпен, Сауық Жақановамен иықтаса қызмет атқарып, тәжірибелі дикторлар қатарына қосылды.

Бұл қызметті де, өзіне ұнаған, тыңдарманға да ұнаған дикторлық қызметпен де қоштасуға тура келген Мұрат Тойғанбайұлы көпке ұзамай өзі туып-өскен Еңбекшіқазақ ауданының «Еңбек жалыны» газетінің аудармашысы, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары қызметтерін ойдағыдай орындап, шығармашылық ұжымда өз орнын ойып тұрып алды десек артық айтқандық  емес. Мен неге Мүкең марқұмның еңбек жолын шұқшия зерттеп-зерделедім, бүгінгі әріптесіміз жайлы естелікке түгел  жазуға тырыстым? Өйткені, Мұрат Тойғанбайұлы жұмыс іздеп ешқашан әуре-сарсаңға түскен жоқ. Мұратты қай жұмыс-қызмет өзі іздеп тапқандай екен. КазГУ-дің журфагінің дипломын алып, болдым-толдым деп шалқақтамай, өмірін оқумен, тоқумен өткізген Мұрат Нақатаевты бұрынғы партиялық басқару кезеңінде іс-қағаздарымен істеп машықтанған, сол кездерде нұсаушы-кеңесші болған маманның  тәжірибесі ескеріліп, тәуелсіздік алған еліміздің үлкен бір әкімшілік аумағын құрайтын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің белді қызметкері болып қабылданып еді. Осы қызметінен зейнеткерлікке шыққан Мұрат Тойғанбайұлы өзі журналистік жолын бастаған кешегі «Еңбек жалыны» бүгінгі «Еңбекшіқазақ» газетінен бір сәтке де қол үзген жоқ. Ең аяғы науқастанып, төсек тартып жатқанда да қазақша, орысша жазған мақалаларын газетімізде үзбей жариялап отырды. Мұрат әріптесім Есікті, Шелек өңірлері деп бөліп айтсақ та біртұтас Еңбекшіқазақ ауданының адамдарын да, тарихы мен  табиғатын да өте терең  білетін азамат еді. Елін, жерін сыйлаған, қазағының тілін қорғаған Мұрат Тойғанбайұлының өмір жолын бүгінгі ұрпақ, өзінің үрім-бұтағы көптеген публицистикалық мақалаларынан табады.

 

Х.АХМЕТЖАНОВ,

«Еңбекшіқазақ» газетінің, mezet.kz желілік басылымының  ұжымы

атынан, бас редактор.

Оқылды 610 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тіл үйрену өз қолымызда! Жақсының аты өлмейді »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет