Жұма, 19 Сәуір 2024 11:57

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір сүріп жатқан өлкенің, бізді қоршаған ортаның тазалығын қаматамасыз ету – барлығымыздың азаматтық борышымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «...Айтпақшы, су тасқынына ұшырамаған өңірлерде менің тапсырмаммен «Таза Қазақстан» науқаны басталды. Мен әкімдердің бәріне бұл бір реттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек», – деген еді. Осы орайда аудан аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды ұйымдастырылып, тазалық науқанына азаматтар белсене кірісті.

Сенбі күні «Таза өлке» акиясы аясында аудан аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала өкілдері мен кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшылары, аудан тұрғындары қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Ауқымды науқан аясында «Киелі мекен» акциясы жүзеге асырылып, тарихы тереңге бойлаған киелі мекеніміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қалыпқа келтіріп, аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Тазалықты сақтауға жұртшылықтың назарын аудара отырып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған игі шара жалғаса бермек.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 350 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет