Сәрсенбі, 27 Шілде 2022 15:56

Өз кәсібін өркендеткен көпбалалы ана

Ауданымыздағы 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған болатын. Аталған бағдарлама көптеген ауыл тұрғындарының кәсіп ашуы мен тұрақты жұмыс табуына мол мүмкіндік берді. Солардың бірі – Ажархан Тапай. Қаражота ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылында тұратын көпбалалы ана өткен жылдың қыркүйек айында «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша грант ұтып, өз кәсібін ашыпты.

Ең әуелі көпбалалы ана жаңа идеясын жүзеге асыру  мақсатында конкурсқа қатысып, өз жобасын сәтті қорғап,  583 мың теңге көлемінде грант иегері атанған. Ажархан Тапайға грантты қалай алу керектігін, конкурсқа қалай қатысу жайлы ақпаратты жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері берген. Кәсіпкер  бұдан бұрын да ағаш өңдеумен айналысып, домбыра мен  ыдыс-аяқтар жасаған. Сондықтан, Ажархан Тапай отбасымен келісіп, ағаш шеберханасын ашуға бел буыпты.

– Конкурсқа қатысып, ұтып алған қаражатқа ағаш өңдейтін  қондырғылар мен қажет құрал- жабдықтарды сатып алдық.  Бүгінде өз шеберханамызда ағаштан түрлі музыка аспаптары  мен ыдыс-аяқтар жасаймыз. Қазір өнімдерімізге тапсырыс беретіндердің қатары көбейіп келеді.Бұл ағаш бұйымдардың  бәрі екі жылдан артық кептірілген қарағаш пен қайыңнан  жасалған. Оларға түрлі ою мен өрнектер саламыз. Оның үстіне ыдыстарға жылқы майын жағамыз. Қазір көптеген ағаш ыдыстарға химиялық құрамы мол бояулар жағылады. Бұл адам денсаулығына кері әсер тигізеді. Ал жылқы майының адам ағзасына пайдасы зор. Болашақта шеберхананың көлемін кеңейтіп, осы кәсіпті дамытуды жоспарлап отырмын. Сонымен қоса, құрақ көрпе жасауды да қолға алсам деген ойдамын, – дейді көпбалалы ана. 

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 12203 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет