Жұма, 27 Қаңтар 2023 10:12

Алғыс арқалаған азамат

«Жігіттің жақсылығын жұрты біледі» демекші, Шелек ауылының тұрғыны, кәсіпкер Тұрсынәлі Дәулетбекұлы – аз уақыттың ішінде тұрмыстан қысылған жанұяларға қайырымдылық жасап, көпке танылып, алғыс арқалап жүрген азамат.

Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайтыны рас. Тұрсынәлі шағын кәсібімен нәпақа тауып қана қоймай, тұрмыс жағдайлары нашар жан-ұяларға қарайласуды кісілік парызы санайды. «Адамның күні – адаммен» деген, қыстың қақаған күндері үйін жылытуға отын алуға қаражат жетіспей, қиналып жүрген жандарға аз да болса, көмегін беруді ұйғарған ол Шелек өңірінің әр ауылындағы көмекке мұқтаж отбасыларын анықтап, бір машина көмірді тиеп алып, Ащыбұлақ, Тескенсу, Достық, Шелек, Сарыбұлақ, Қаражота, Ақтоған, Жаңашаруа, Асысаға ауылдарындағы жанұяларға оншақты қапшықтан көмір түсіріп, алғысқа бөленіп жүрген азамат. Оның алдында да ауыл-ауылды аралап, азық-түлік таратқанын жазған болатынбыз.

Тұрсынәлі –  қайырымдылық жасаумен ғана шектелмей, үйсіз жүрген жандарға баспаналы болуға да септігін тигізіп жүрген азамат. Жақында Шелек ауылының тұрғыны – туғаннан мүмкіндігі шектеулі қызын, екі немересін асырап, 29 жыл үй кезегінде тұрып, жалдамалы пәтерде тұрмыс тауқыметін тартып отырған жесір Хайруллаева Венера Сұлтанқызының ауыр жағдайын айтып жүріп, республикалық «Қарекет» қайырымдылық қорынан құны 15 млн теңге тұратын үш бөлмелі үйдің кілтін алуды бұйыртты. 11 қаңтар күні аталмыш қордың өкілі Тұрсынәлі Дәулетбекұлы бастап, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, алқа мүшесі Ернат Әпеков, Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуат Абдакимов ІІІ топтағы мүгедек Венера Сұлтанқызының отбасын қуантты. Ә.Айтақынов құттықтап сөз сөйлеп, салтанатты түрде жаңа үйдің кілтін табыс етті. Шашу шашылып, қуаныштарына ортақтасты. Медициналық мамандығы бар, 7 ай ауруханада фельдшер, кейін әлеуметтік қызметкер болып істеп, денсаулығы сыр беріп, қант диабеті мазалап, ісініп жүре алмай қалған Венера тығырыққа тірелгенде осындай қуанышқа бөленуге себепкер болған Тұрсынәліге, әкім мен ақсақалдарға алғысын жаудырып, көзіне жас алды.

Тұрсынәлі, сондай-ақ, Малыбайдағы жағдайы нашар, үйсіз жүрген бес балалы жесір анаға баспаналы болуға алғашқы қадам жасаған. Ауыл белсенділерін жинап, қор аштырып, өзі бірінші болып, қаржы салып, «көп түкірсе – көл» болатынын айтып, игі іс бастап кетіпті. Қорам ауылында қыстың көзі қырауда екі үй өртеніп, далада қалған отбасына да қайырымдылық қолын созыпты. «Алла бұйыртса, Малыбай ауылындағы ана да үйлі болады», – деп, жақсы ниетін білдірді Тұрсынәлі. Жақсылық жасауға жақын болайық, ағайын!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 12959 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет