Жұма, 19 Сәуір 2024 13:25

Кеңесіп пішкен тон келте болмас

Ынтымағы жарасып, берекесі тасыған Шелек ауылдық округі – әлеуеті зор, ауқымды елді мекен. Бұрынғы аудан орталығы болған ауылда бүгінде келелі істер қолға алынып, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып келеді. Өңірде шешімін таппай тұрған қордаланған мәселелер де жоқ емес. Осыны көзбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстың сапасын қадағалап, түйіткілдің түйінін тарқату мақсатында аудан әкімі Талғат Байеділов демалыс күндері Шелек ауылдық округінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.

Бүгінде Шелектегі Абай атындағы мектеп-интернаты-ның күрделі жөндеу жұмыс-тары сағызша созылып, білім беру ошағының қайта жаңғыр-ғанын күткен оқушылар мен ата-аналардың тағаты таусылған. Құрылыс алаңына арнайы барған Талғат Ескендірұлы мердігер мекеме-нің өкілдерімен тілдесіп, құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, құзырлы мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алуды ескертті

Талғат Байеділов округтегі барлық білім ошақтарын аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп 1980 жылы пайдалануға берілген. 1080 балаға арналған мектеп бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің де тозығы жеткен. Білім ордасының негізгі ғимараты 1963 жылы, кіші ғимараты 1955 жылы бой көтерген. А.Розыбакиев атындағы орта мектеп те жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты аудан әкімі білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубековаға ғимараттарды кешенді тексеруді тапсырып, күрделі жөндеуден өткізу керектігін жеткізді. Өз кезегінде бөлім басшысы аталған мектептерді жөндеу бойынша жоба-лық-сметалық құжаттар жасауға бюджеттік тапсырыс берілгенін айтты.

Сапар барысында Талғат Ескендір-ұлы П.Вихрев атындағы, Т.Кенжебаев атындағы, М.Мәметова атындағы орта мектептер мен Шелек ауылындағы гимназия, Шелек медициналық кол-леджі, Шелек политехникалық колледжіне барып, білім сапасымен танысты.

– «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп Абылай хан болашақты көрегендікпен болжап, білім – барлық жетістіктің бастауы екенін бекер айтпаса керек. Бүгінгі таңда білім беру – ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан балаларымыздың сапалы әрі заман талабына сай білім алуына барлық жағдай жасауымыз қажет. Білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын айқындап, тәуелсіздігін тұғырлы етпек. Осы орайда биылғы жаңа оқу жылында Шелек ауылында 900 балаға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Білім ордасы заман талабына сай жасақталып, шелектік балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалады – деді аудан әкімі.

Бүлдішіндерге саналы тәрбие беріп, білімнің іргетасын қалайтын балабақшалар да Талғат Ескендір-ұлының назарынан тыс қалмады. Әкім округтегі 3 балабақшаның жай-күйімен танысып, асханалары мен жатын орындардың жағдайын қара-ды. «Келешек-2030» балабақша ғимаратының іргетасы шөгіп, қабыр-ғаларында жарықтар пайда болған. Осыған орай аудан басшысы жоба-лық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бюджеттік өтінім беруді тапсырды.

Денсаулық сақтау саласының маңыздылығы қашан да өз биігінен түскен емес. Осы орайда Шелек өңіріндегі тұрғындар саулығының сақшысы болған Шелек ауылындағы Еңбекшіқазақ аудандық №1 ауруханасына аудан әкімі Талғат Байеділов арнайы барды. Мекеменің бас дәрігері Гүлнар Құраметованың айтуынша, денсаулық сақтау мекемесінде бірқа-тар мәселелер туындаған. Соның бірі – төсек орындардың жетіспеушілігі. Сонымен қатар, ауруханадан ем алушылардың саны жыл сайын артып келеді. Тиісінше ғимарат тарлық етіп, жаңа ғимарат салу қажеттілігі туындауда. Осы мақсатқа құрылыс жұмыс-тарын жүргізуге 7 гектер жер телімі бөлінген. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге бюджеттік өтінім берілген.

Аурухананың жұмыс барысымен танысып, материалдық-техникалық базасын көрген Талғат Ескендірұлы аталған мәселелерді шешуге күш салатынын жеткізді.

Шелек ауылындағы жүргізіліп жат-қан ауызсу жүйесі де аудан әкімінің қатаң бақылауында. 2023 жылдың қазан айында құрылысы басталған су құбыры 7 мың тұрғын үйді сапалы тіршілік нәрімен қаматамасыз етеді. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, жоба бойынша жүргізілетін құбыр ұзындығы 124 шақырым болса, бүгінде 70 шақырым құбыр тартылған. Құбырлар әрбір аулаға дейін жеткізіледі және жаңа су жүйесіне қосылу тегін.

– Шелек ауылында қаншама жылдан бері көтеріліп келе жатқан ауызсу мәселесі жақын арада оң шешімін табады. Бұл жұмыстарға бюджеттен қомақты қаражат бөлінгендіктен, жұмыстың сапасы жоғары болуы тиіс және сапаны қатаң бақылауда ұстаймыз – деген Талғат Байеділов мердігер компанияға құрылысты уақытында аяқтап, кешіктірмеуді тапсырды.

Шелек ауылындағы ең басты проблема – кәріз жүйесі. 10 жыл бойы құрылысы аяқталмаған жобаның жұмысын Талғат Ескендірұлы сынға алды. 2014 жылы басталған кәріз жүйесінің құрылысына сол кезеңде 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Содан кейін жоба бірнеше рет қаржыландырылып, қосымша тағы 1 млрд теңгеге жуық ақша бөлінген. Жалпы құны 2,4 млрд теңге болған құрылыс жұмыстарын жүргізуші мер-дігер компанияға 2014-2023 жылдар аралығында 2 млрд теңге ақша төленген. Алайда, нәтижесін Шелек ауылының тұрғындары әлі күнге дейін көрмеді. Құрылыстың қашан аяқталатыны да белгісіз. Көпшіліктің сын садағына ілінген кәріз жүйесінің құрылысы енді аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді халық даналығы. Осыны басшылыққа алған Талғат Байеділов жұмыс сапары барысында ауылдың ақсақалдарымен, белсенді азаматтар-мен жүздесіп, округтегі өзге де өзекті мәселелерді талқылап, жұртшылық-тың ұсыныс-пікіріне құлақ асты.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 434 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет