Бейсенбі, 04 Ақпан 2016 16:31

Шаңғышылар жарысты

Жақында Алмалы ауылында білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан ұстаздары арасында шаңғы тебуден жарыс өтті.

 

Ашылу салтанатында КСРО спорт шебері Алпыс Ермағанбетов сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Алмалы ауылы И.Шорманов атындағы орта мектеп ұжымына алғыс білдірді. Себебі, жарыс өткен алаңның өз деңгейінде жабдықталуы дәл осы мектеп ұжымының үлесінде-тұғын. Осыдан кейін бас төреші Қанат Бірімбаев спортшыларды жарыс ережесімен таныстырды, бастауға пәрмен берді. Белгіленген арнайы шеңбер бойымен шаңғышылар мәре сызығына асықты. Ызғарлы ауа-райы межеге ұмтылған ұстаздар қауымына кедергі болған жоқ. Қайта қайратты қимылдап ширығуына ықпал етті. Нәтижесінде, И.Шорманов атындағы орта мектебінің ұстаздар құрамасы 1-ші орынды еншіледі. Екінші орын О.Жандосов атындағы мектеп құрамасына бұйырды. Үздік үштікті Абылай хан орта мектебінің ұстаздары қорытындылады. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі тарапынан арнайы алғас хаттар мен ақшалай сыйлықтар алды.

***

Шаңғы тебу – спорттың ең әсем түрі. Аталған спорт түрін дамытуға ауданымыз қолайлы. Қары қалың тау бөктері еркін көсіле сырғанауға таптырмас табиғи алаң. Жақында Алмалы ауылында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан оқушылары  арасында шаңғы тебуден спартакиада өтті.

Оған ауданымыздан 11 мектеп оқушылары қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты жарыс қатысушылары 3 топқа бөлінді. 2000-2001 жылы туылғандар арасында И.Шорманов атындағы мектеп оқушысы Әділет Тұрсынәлі, қыздар арасында Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушысы Қымбат Рақымжан үздік атанды. 2002-2003 жылы туылғандар арасында Р.Тоқатаев атыдағы орта мектеп оқушылары Мирас Тезекбай және Айдана Шакирова жеңімпаз деп танылды. 2004-2006 жылы туылғандар арасында И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушысы Әсет Тұрсынәлі және Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушысы Гүлмарал Жеңіс мықтылар қатарынан көрінді.

Жарыс нәтижесінде Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп 1-ші орынды еншіледі. Екінші орын И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушыларына бұйырды. Үшінші орынды  А.Жексембеков атындағы орта мектеп құрамасы еншіледі.                                      

   Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 2785 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет