Бейсенбі, 28 Қаңтар 2016 11:14

Алмалылықтар алда

Жақында Есік қаласындағы спорт кешенінде аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен спорт мектебі оқушылары арасында «Қысқы демалыс – 2016» атауымен шағын футболдан жарыс өтті.

 

Оған  Ташкенсаз, Түрген, Алмалы, Көктөбе ауылдық округтерінен және Есік қаласынан 2000-2001 жылы туылған футболға жаны құмар жастар қатысты. Аудан тұрғындары игілігіне жаңа салынған спорт кешенінің ойын алаңында басшысы Абай Сырғабаев және «Футбол Одағы» қоғамдық қорының төрағасы Жақсыбек Аманбаев сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Осыдан кейін ойынды бастауға пәрмен берілді.

 Құрамалар «А» және «В» тобына бөлінді. Жылы әрі кең сарай ішінде келісті ойын өрнегін көрсетті футболшылар.  Нәтижесінде, 1-ші және 2-ші орындарды Алмалы ауылы И.Шорманов атындағы орта мектептің қос құрамасы еншіледі. Ал, үшінші орынды Түрген ауылының және О.Жандосов атындағы орта мектеп құрамалары алды. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы» номинациясы Диас Талғатұлына (И.Шорманов), «Ең үздік қорғаушы» Нұртілек Қуанышбайға (Түрген), «Ең үздік жартылай қорғаушы» Әбутәліп Сейтмұханбетовке (И.Шорманов), «Ең үздік шабуылшы» мәртебесі Мейірбан Жеңісханға (О.Жандосов) берілді. Үздік құрамалар мен ойыншыларға кубоктар мен арнайы алғыс хаттар табыс етілді.            

Ә.МАНАСБЕК. 

Оқылды 3023 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет