+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Алкоголизм — алкогольді шамадан тыс және тұрақты қолданудан пайда болатын тәуелділік.

Ол адамның денсаулығына, отбасына және қоғамдағы өміріне кері әсер етеді. Алкогольді жиі қолдану түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан салауатты өмір

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі — әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі.

Жаяу жүргіншілер жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде өтуі керек. Жүргізушілер жол ережесін сақтап, жылдамдықты

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Меншікті қорғау — өз мүлкімізге ұқыпты қарап, оны ұрлықтан, бүлінуден және басқа да қауіптерден сақтау.

Әр адам өз заттарына жауапкершілікпен қарап, бағалы дүниелерін қауіпсіз жерде ұстауы керек. Сонымен қатар, басқа адамның меншігіне құрметпен қарау қажет.

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Табиғатпен үндескен тағылымды бастама

Табиғатты қорғау – қоршаған ортаны сақтауменғана шектелмейтін, өскелең ұрпақтың бойынажауапкершілік, еңбекқорлық пен туған жерге дегенсүйіспеншілікті қалыптастыратын маңызды тәрбиебағыты. Осы мақсатта Есік қаласында білім мен экологияны сабақтастырған тағылымды бастамақолға алынды. Жуырда «ALTYN ADAM» инновациялық мектебімен Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағыарасында өзара ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылды. Маңазды құжат екітараптың экологиялық білім беру, табиғаттықорғау және көгалдандыру бағытындағы бірлескенжұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруына жолашады. Кездесу барысында мектеп ұжымының экологиялықбағытта аттқарып жатқан жұмыстары таныстырылды. Қонақтарға оқушылардың табиғатқа дегенқызығушылығын арттыруға,зерттеушілік қабілеттеріндамытуға бағытталған жобалар мен шығармашылықжұмыстар ұсынылды. Атап айтқанда, «Жасыл әлем» көрмесіұйымдастырылып, мектеп жанындағы «Агроөсімдікшаруашылығы» және «Экологиялық өлкетану» үйірмелерінің жұмыстары таныстырылды. Оқушыларөз білімдерін тәжірибемен ұштастырып, арнайышеберлік сабақтарына қатысып, табиғатты зерттеу мен оны қорғаудың маңызын іс жүзінде көрсете білді. Меморандум аясында алдағы уақытта оқушылардыңзерттеушілік дағдыларын дамытуға, экологиялықсауаттылығын арттыруға және табиғатты қорғаумәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескенжобалар жүзеге асырылмақ. Сонымен қатаркөгалдандыру жұмыстары, экологиялық акциялар, танымдық кездесулер мен түрлі іс-шараларды бірлесеөткізу көзделіп отыр. Іс-шараның мазмұнын айшықтаған ерекше сәттің бірі – мектеп ауласына алғашқы көшеттің отырғызылуыболды. Екі тараптың өкілдері бірлесіп ағаш отырғызып, жаңа серіктестіктің символдық бастауын жасады. Бұл – жай ғана көшет отырғызу емес, табиғатқадеген жанашырлықты, ортақ мақсат пен игібастаманы білдіретін мәні терең қадам. Бүгінтопыраққа тамыр жайған жас көшет секілді, басталған ынтымақтастықтың да уақыт өте келеқанатын кеңге жайып, жемісті жобаларға ұласарыанық. Тамыры тереңге бойлаған ағаштай, бүгінбасталған игі іс те уақыт өте келе өркен жайып, табиғатты қадірлейтін, туған жерін сүйетін, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтынсаналы ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қоса бермек. Жансая ЫСҚАҚ

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасы мүшесіне күш көрсету, қорқыту, кемсіту немесе психологиялық қысым жасау.

Бұл адамның денсаулығына және өміріне кері әсер етеді. Әр адам отбасында бір-бірін құрметтеп, түсіністікпен қарауы керек. Зорлық-зомбылыққа жол бермеу және

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Нашақорлық — адамның денсаулығына және өміріне үлкен зиян келтіретін қауіпті әдет.

Есірткі қолдану адамның денсаулығын нашарлатып, оқуына, жұмысына және жақындарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан есірткіден аулақ болып, салауатты өмір салтын

Толығырақ оқу
Жаңалықтар

Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар

Толығырақ оқу