+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Жас туристер слеті

 Дүниежүзілік туризм күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық туризмді
насихаттау және аудан мектеп оқушылары
арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудандық жас туристер слеті өтті.


Слет конкурстық бағдар-лама және туристік кедергілер сынды екі кезеңнен тұрды. Слет қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте 5-7 сынып арасында I орынды Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің «Болашақ» командасы иеленді. II орын Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің «Алаш» командасына бұйырды. 8-10 сыныптар арасында I орынды Б.Майлин атындағы орта мектеп оқушылары, II орынды Талғар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп оқушы-лары, III орынды Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп оқушы-лары жеңіп алды. Балалар демалыс күндерін көтеріңкі көңіл күймен өткізді.
Камшат РАҚЫШОВА,
«Алматы облысының балалар-жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығы» КМҚК «Әдеби өлкетану» үйірме жетекшісі.