+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Талғар ауданында автомобиль жолдарын жөндеу қарқынды жүргізілуде.

Жол – экономиканың күре тамыры. Сондықтан да жол жөндеу жұмыстары әрдайым айрықша маңызға ие.


Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 км. құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар — 97 км, облыстық маңызы бар — 179 км, аудандық және ауылішілік — 1046,5 шақырым оның ішінде: аудандық маңызы бар жол – 86 км, ауылішілік жолдар – 960,5 км. Нақтылап айтсақ, 685 шақырымы жақсы жағдайда, 65 % (асфальтобетон), 361,5 — шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 35% (қиыршық тас, топырақты).
Жалпы биыл 70 шақырым жол жөндеуді жоспарда. Оның 4-орташа жөндеу жұмыстары; 4- маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары.
Бүгінгі күні орташа жөндеуден – 22шақырым жол жөнделді. Маршруттық тәсілмен – 28 шақырым жол жасалды. 20 ауылдың көшелерін қамтиды.
Жыл басынан жалпы ұзындығы 50 шақырым жол жөнделіп, жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 67% өсті.