+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Жазушының шығармаларымен танысты

Қаратұрық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Менің атым – Қожа» атты тұлғатану сағаты өткізілді.

Ұлттық әдебие-тіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақса-тында ұйымдастырылған шара барысында 5-сынып оқушы-лары Әлихан Әлім, Азамат Жолдыбай, Жанерке Қайыңбек қойылымдарға қатысып, ойындарда белсенділік танытты.

Шара барысында көпке жария болмай қалған естелік қойын дәптері туралы да мәліметтер айтылды. Оқушы-ларды жаңа жаңалықтармен таныстырып, білім нәрімен сусындатып, іс-шараны ұйым-дастырған Қаратұрық ауылдық кітапханасының кітапхана-шысы Адиша Кегенбаева мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің кітапханашысы Лаура Онгарбаеваға көпшілік алғыстарын білдірді.

Биыл Бердібек Соқпақбаев-тың 100 жасқатолғаны барша-мызға мәлім. Ғұмырынан сыр шертіп, өнегелі істерін, шығар-машылығын айтып отырмасақ та бәріне белгілі. Барша қазаққа мәлім «Менің атым – Қожадан» өзге көрнекті балалар әдебиеті өкілінің шығармалары көптеген жерде жоғары бағаларын алып жүр. Атап айтқанда «Жекпе-жек», «Балалық шаққа саяхат» повестері, «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Бұлақ» өлеңдер жинағы мен бірнеше драмалық шығармалары ар-қылы әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан. Туған ауылы Қостөбеде әйгілі суретші Ескен Сергебаевтың бастамасымен мүсіні орнатылып, мектебіне де Б.Соқпақбаев есімі беріл-ген. Немересі Тахауиға қойыл-ған есімнен Тахауи Ахтановпен қаншалықты жақын досболғанын да біле аламыз.

 

Өз тілшіміз.