+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Облыстық мәслихаттың депутаты сайланды

8 желтоқсанда өткен Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы бойынша №15 сайлау округінен Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 21 741 дауысына ие болып, айқын басымдықпен депутат мандатын иеленді.

Сайлауға қатысқан азамат-тардың саны – 31 605, бұл жалпы тізімдегі сайлаушылардың 54,6%-ын құрайды. Қалған үміткерлер арасында Қуат Дүй-себаев 5 041 дауыс, Бақытжан Галиев 4 412 дауыс жинады. Сонымен қатар, 371 сайлаушы «Барлығына қарсы» дауыс берді.

Нұрбақыт Бокыбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттану ғы-лымдарының докторы. Ол өз еңбек жолын өнер саласында бастап, мемлекеттік қызметте маңызды лауазымдарда тә-жірибе жинақтады. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінің директоры.

Ол өзінің сайлауалды бағ-дарламасында Есік қаласының кәріз жүйелерін ретке келтіру, көшелерді абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді ілгерілету және жас-тарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ават, Ақши, Бәйтерек, Саймасай, Жаңашар, Бөлек ауылдық округтерінде инфра-құрылымды жақсарту, ауыз су құбырларын салу және жөндеу, білім беру және медициналық мекемелердің құрылысын жүр-гізу, мәдениет нысандарын салу және жөндеу жұмыстарын қолға алуды жоспарлады.