Мерейтой биік мәртебесінде
Абайдың тойы – ғаламның, ғаламдағы бар адамның той десек артық айтқандық емес. Әсіресе қазақ елінің басты мерекесі. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойы жер-жерде аталып өтуде, дегенмен Абай облысының орталығы Семей қаласында бұл мереке өзгеше деңгей мен кең ауқымда мерекеленіп жатыр.
Мерейтой аясында халық-аралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Соның ішінде маңызды шаралардың бірі – Абай атындағы театрда өтетін «Адамзаттың Абайы» атты республикалық ақындар айтысы. Бұл аламан айтысқа еліміздің түпкір-түпкірінен келген танымал ақындар қатысып, сөз сайысында бақ сынайды.
Жоспарланған мәдени шаралар Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық сананы жаң-ғырту, сондай-ақ ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі мәдени ынтымақтастықты арттыруға бағытталатын болады. Мерейтой аясындағы мәдени және спорттық жарыстардың жүлде қорына 9 автокөлік пен 90 жылқы тігілген.
Жалпы 1-10 тамыз аралы-ғында облыс орталығында өтетін ұлттық құндылықтарға негізделген мерекелік іс-шараларға 30 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек данышпанның мерейтойына орай Абай облысына өзге облыстар «Абайға құрмет» акциясының аясында өз аттарынан ел игілігіне бір-бір нысан сыйламақ.
