+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Үздік оқырман анықталды

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Есік қаласындағы мектеп оқушылары арасында жасөспірімдерді кітап оқуға  әдеттендіру, кітапханаға тарту мақсатында «Жылдың үздік оқырманы» атты оқырмандар бенефисі өтті.

Бенефиске бес мектептен қатысқан оқушылардың ішінен Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы  Айбек Жиенғали І орын иеленіп, ІІ орынды      Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Жанару Байырбек еншіледі. ІІІ орын №1 Рахат орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мархаба Байбосынға бұйырды. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Г.ЖҰМАБАЕВА,

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашысы.