+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару?

Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз.
-Біріншісі Egov.kz порталы арқылы:
-Порталға кіріңіз;
-Іздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;
-Қызметті онлайн сұратыңыз;
-Портал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз;
-Портал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты «алып тастау» батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
-ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
-Тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет;
-Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.

☝️Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.

-Екіншісі ХҚО арқылы:
-ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
-Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
-Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз;
-Қызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.

☝️Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.