+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары – білінбей өрбіп, әбден асқынғанда бірақ анықталатын өте қауіпті кесел. Сондықтан оның алдын алып, бүйрек жұмысын нашарлататын әдеттерден алыс болған дұрыс. Ендеше, бүйрек жұмысына ненің қауіп төндіретінін біле жүрейік.

  • Ағзада судың жеткіліксіздігі бүйрекке келетін қанның мөлшерін азайтады. Соның салдарынан денеде токсиндер жиналады.
  • Зәр қысып, қуық сыздағанша отыруға болмайды. Қанша қауырт жұмыс істеп отырсаңыз да дәретханаға уақытылы бару керек. Әйтпесе, бүйрекке күш түсіп, жұмысы нашарлайды.
  • Тұзды тағамды шамадан тыс тұтыну бүйрек жұмысына кері әсерін тигізеді. Өйткені бүйрек натрийді ағзадан оңай шығара алмайды.
  • Кофе мен кофеинді көп қолдану қан қысымын көтеретіндіктен бүйрек үшін қауіпті.
  • Ауруды басатын дәрі-дәрмекті көп қолдану да бүйрек жұмысына күш түсіреді.
  • Ақуызды шамадан тыс тұтыну метаболизмге салмақ түсіреді.
  • Режим сақтамау да, әсіресе, сырқаттанған уақытта бүйрек жұмысын қиындатады. Мысалы, қарапайым тұмауратсаңыз да ағзаңызды әлсіретіп жүре бермей, уақытылы демалып, төсек режимін сақтау керек.
  • Алкогольді көп ішу де бүйрек жұмысына күш түсіреді. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстану керек.

 

mezet.kz