+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Тәттіден уланудан сақ болыңыз

  Жаз мезгілінде тәтті тағамдарға деген сұраныс артады. Түрлі балмұздақ, торт, кәмпиттер мен десерттер — балалар мен ересектердің сүйікті тағамдарына айналады. Алайда осы тәттілер дұрыс сақталмаса немесе санитарлық талаптарға сай дайындалмаса, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі  мүмкін.  Оның ішінде – уланудың қауіпі. Улану жағдайлары көбінесе сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен тәтті өнімдерді тұтыну салдарынан орын алады.

   Тәттіден уланудың белгілері:

  • Іш өту, құсу
  • Іш ауыруы, іштің бұрап ауруы
  • Бас айналу, әлсіздік
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Тәбеттің жоғалуы

      Бұл белгілер тағам арқылы уланудың алғашқы көріністері болуы мүмкін.      Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн.

   Уланудың алдын алу жолдары:

  1. Тәттілердің сақталу мерзіміне мән беріңіз. Сатып алғанда қаптамасындағы жарамдылық мерзімін мұқият тексеріңіз.
  2. Сақтау шарттарын қадағалаңыз. Балмұздақ пен крем қосылған торттар тоңазытқышта сақталуы тиіс.
  3. Көшеде дайындалған өнімдерді тұтыну кезінде сақ болыңыз. Гигиеналық талаптарға сай келмейтін жерден алынған тәттілер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
  4. Балалардың тәттілерді тұтынуына бақылау қажет. Балалар тәттілерді мөлшерден тыс көп жесе, улану қаупі артады.
  5. Тәттілерді үй жағдайында дайындағанда тағамның құрамына кіретін өнімдердің сапасын бақылап, сенімді болу үшін оларды мұқият өңдеп, тазалап –жуып, талапқа сай жағдайда дайындап, пайдаланған жөн.

       Тәтті тағамдар-қуаныш пен мерекенің ажырамас бөлігі. Дегенімен оларды таңдау мен тұтынуда мұқият болу  -әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі. Саналы түрде әрекет етіп, уланудан сақ болайық!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген