+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Видео

Қонаев қаласындағы № 949 сайлау учаскесінде саяси науқан қызу өтіп жатыр

Шаһар бойынша үлкен учаскелердің бірі болып саналатын бұл ғимаратта тізім бойынша 1800 жуық азамат дауыс беруге құқылы. Сонымен қатар, жұмыс бабымен ауысып келген дауыс берушілер саны 175. Мұнда партиялар мен саяси ұйымдардан 14 байқаушы тіркеліпті. Әзірге олардың 7 ғана заң талаптарының бұзылмауын қадағалап отыр. Сайлау учаскесі ашылғалы бері небәрі 2 сағат ішінде 300 ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгеріпті.