+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Мәңгілік ел

Мәдениет үйі жаңартылып жатыр

Сарқан ауданында жарты ғасыр бұрын іргетасы қаланған мәдениет ошағы жаңартылып жатыр.

Көп ұзамай, Қарабөгет ауылының мәдениет үйінің қабырғасында музыка ойнап, ауданның мәдени өмірі қайта қайнайды. Қазіргі уақытта мұнда тек жөндеу жұмыстарының дыбыстары естіліп тұр.

Ауылдық клуб 1975 жылы салынған. Содан бері бірде бір жөндеу жұмыстары жасалмапты. Бүгінде шатырынан еденіне дейін жаңартылып жатқан нысанның құрылысына 264 млн. 931 мың. тенге бөлінген.

Айта кетсек, 1 қабатты нысан аумағы — 700 шаршы метр. 220 көрермен залы бар. 11 адам қызмет етеді.

Жоба мердігері — ЖШС «Бағалы-Алакөл». Бүгінгі таңда барлық жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр.