+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ұлттық ойын – ата-бабамыздан жеткен асыл мұра.

«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Түрген бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында асық ату жарысы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара партиямыздың белсенді мүшесі Тілеубек Қажыбайұлының демеушілігімен ұйымдастырылды.

Ұлттық ойын – ата-бабамыздан жеткен асыл мұра. Осындай игі бастамалар арқылы жастардың бойына дәстүрге деген құрмет пен рухани құндылықтарды сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Жарыс қорытындысы бойынша:
? 1-орын – Жанбосын Данияр (50 000 тг)
? 2-орын – Айназаров Мағауия (30 000 тг)
? 3-орын – Байтуреев Мәди (20 000 тг)
? 3-орын – Нұрмаханов Әбіш (10 000 тг)

Сонымен қатар, түрлі номинациялар бойынша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық ойындарымыз ұлықталып, дәстүріміз жаңғыра берсін!