
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ТЕЛТАЕВ ЕРЖАН БЕРИКОВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Рахат ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен Телтаев Ержан Берикович, Алматы облысында туып-өстім. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті ветеринариялық медицина мамандығын тәмамдадым. 15 жыл мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп, туған жердің дамуы жолында тер төгіп келемін. Нақты айтқанда 2011 жылдан бері Еңбекшіқазақ ауданы, Бәдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып қызмет атқардым. 2021 жылдан бастап аталған округте әкімнің орынбасарымын.
Құрметті округ тұрғындары!
Округте шешімін табуды қажет ететін қордаланып қалған мәселелер жетерлік. Мысалы, ауызсу мәселесі, көшелерді жөндеу, ауылдарды газдандыру, біраз көшелерді жарықтандыру және де болашақта туындайтын мәселелерді шешуге, шешу жолдарын қарастыруға тырысамын.
Округтің дамуы жолында әрқашанда еңбек етуге дайынмын. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мені округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
– Көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетілуіне белсенді түрде атсалысамын.
– Көшелерімізде, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы мен жасөспірімдер арасындағы бұзықтықты болдырмауды ауыл ақсақалдарымен, полиция қызметкерлерімен, ұстаздармен бірлесе жұмыс арқылы қамтамасыз етуге ықпал жасаймын.
– Адам баласының бір-біріне деген көз қарасының, қарым-қатынасының жақсаруы, Отанымызға, ата-анамызға, ауылдастарымызға деген ізеттілік, адалдық сезімі тек қаңа имандылық арқылы келеді деп ойлаймын. Сол себептен балаларымызды имандылыққа, ел-жұртын сүюге тәрбиелеу жүйелерін дұрыс жолға қоюға атсалысамын деген ниеттемін.
– Ауыл тазалығы – басты назарда болатын мәселе. Осы елді мекеннің аумағын тұрмыстық қатты қалдықтан тазартып, ауылдарды абаттандыруға ықпал етемін.
– Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайтуға, жастарға патриоттық тұрғыдан тәрбие беруге, оқу бітірген жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға көмек көрсетуге күш саламын.
– Саламатты өмір салтын қалыптастыратын іс шараларға қатысып отыру және де округтегі ауылдарға спорттық нысандар салуға, ворк-аут алаңдары мен балалардың ойын алаңдарын салуға ықпал етемін.
– Рахат ауылдық округінің ауыл шаруашылық саласын дамыту мақсатында ауылға инвесторлар тарту бойынша жұмыс жасаймын.
Рахат ауылдық округі ауданымыздағы ең ірі мекендердің бірі әрі бірегейі. Сондықтан, округті гүлдендіру арқылы ауданымыздың экономикасын дамытамыз. Округ жұртшылығының әл-ауқатын жақсартуға, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыуға және қолайлы етуге бар күш-жігерім мен мемлекеттік қызметтке жинаған тәжірибемді жұмсауға дайынмын.
