+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ұстаздар марапатталды

«Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары  қызметкерлерінің кәсіптік  одағы» қоғамдық бірлестігі Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы С.Надырбаев алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздарын марапаттады.

Бөлек батыр атындағы орта мектепте өткен шарада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі жемісті жетістігі үшін «Жас қыран» әскери патриоттық клуб жетекшісі Тұрсын Рысбаев, Толқын орта мектебінің ұстазы Қанат Одаман, Еңбек орта мектебінің мұғалімі Болат Нұрғазиев, М.Ломоносов орта мектебінің ұстазы Берік Мунтинов және басқа да алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары кәсіподақ ұйымының және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің грамоталарымен марапатталды. Кәсіподақ жетекшісі С.Надырбаев ұлағат иелеріне ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлықтарын табыстады.

А.КУЛЕНОВА, филиал заңгері.