+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Ұрпақтар сабақтастығы

Халықаралық музейлер күніне орай Шелек тарихи-өлкетану музейінде «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – музейдің құрылуына үлес қосқан, өлке тарихын жинақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге ықпал еткен тұлғалардың еңбегін насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру және өлке тарихына деген қызығушылықты арттыру.

Кездесудің  құрметті қонақтары – музейді алғашқы құрушыларының бірі Алмагүл Орынбетова және музейдің дамуына зор үлес қосқан Алевтина Волкова. Кеш барысында қонақтар музейдің ашылу тарихы, алғашқы жылдардағы қиындықтар мен жетістіктер, жәдігерлерді жинау жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, тағылымды әңгімелер өрбітті.

Кездесуге  ауылымыздағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушылары, музей қызметкерлері қатысты. Оқушылар өткен тарих пен музей жұмысы туралы мол мағлұмат алып, қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Кездесу барысында жастар үлкенге құрмет көрсетіп, аға буынның өмірлік тәжірибесінен өнеге алды. Кездесу соңында оқушылар қонақтарға алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Бибігүл ШАРДАУЛЕТҚЫЗЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі.