+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатыаясында заңсыз сауданың алдын алу бағытындатұрақты мониторингтік жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері Байсерке, Өтеген батыр және Ащыбұлақ ауылдық округтерінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік шараларқабылданды. Байсерке ауылында заңсыз металл қабылдау пункттеріне қатысты 5 хаттаматолтырылып, 129 750 теңге көлемінде айыппұлсалынды. 

Сонымен қатар жабайы сауда фактілерібойынша ескерту түріндегі хаттамалар рәсімделді.

Ащыбұлақ және Өтеген батыр ауылдықокругтерінде жүргізілген рейдтер барысындажалпы 6 заңсыз сауда киоскісі тәркіленіп, арнайыайып тұрағына қойылды.

Іле ауданы әкімінің орынбасары МұхамедғаріпҚұрманғалиев:

«Заңсыз сауда қоғамдық тәртіп пен тұрғындардыңқауіпсіздігіне кері әсер етеді. Сондықтан ауданаумағында бұл бағыттағы бақылау жұмыстарытұрақты жүргізіліп келеді. Басты мақсатымыз – заңталаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру», – деді.

Қазіргі уақытта аудан аумағында заңсыз саудафактілерін анықтау және олардың жолын кесубойынша жұмыстар жалғасуда.