+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Балалардың жазғы сауықтыру орындарын таңдағанда неге назар аудару керек?

Лагерьде демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лагерь — балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі.  Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады.  

         Жазғы сауықтыру лагерьлердің (қала сыртындағы лагерьлер) ашылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022  жылғы 10 тамыздағы №78  бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 Жазғы лагерьді таңдаған кезде мына талаптарға назар аударған дұрыс:

-сауықтыру лагерінің қызметі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар екендігіне көз жеткізу;  

— балалардың жатын бөлмелерінің жағдайына назар аударыңыздар. Балалар бөлмелері кең, жарық, жөндеуден өткен, тұруға жайлы және ойын ойнауға қажеттінің бәрі болуы керек. Бөлмеде қанша бала бар екенін, терезелер ашылатынын, қаншалықты жиі тазаланатыны туралы сұрастыру қажет. Өйткені, бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 м2 есебінен көзделеді;

— лагерьдегі балалардың тамақтануы арасындағы интервал 3,5 — 4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді;

Бұл балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды рөл атқарады.

      Оқудан бос  демалыс кезінде жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады.

Еңбекшіқазақ аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық 

бақылау басқармасының

жетекші маманы                                                                                     Уразембекова А.Т