+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында Ломоносов мектебінің ұжымымен кездесті

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ломоносов мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сайлау науқаны аясында штаб мүшелері еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жол саласының қазіргі жағдайы, өндірістік қауіпсіздік, мамандардың еңбек жағдайы және кәсіпорын қызметкерлерін толғандырған мәселелер талқыланды.

«Бұл кездесудің мақсаты – еңбек ұжымына партия бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат беру және сала мамандарының пікірін тыңдау. Жол саласында еңбек ететін қызметкерлер бұл бағыттағы нақты жағдайды жақсы біледі. Сондықтан олардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері біз үшін маңызды», – деді сайлауалды штаб мүшелері

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері жол салу және жөндеу жұмыстары кезінде кездесетін мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ техникалық жарақтандыру, еңбек қауіпсіздігі, мамандарды даярлау және жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.

Штаб мүшелері қызметкерлердің сауалдарына жауап беріп, сайлау барысы туралы түсіндірді. Жүздесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.