+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгізуді ұсынады

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы Саймасай ауылындағы Байтұрсынов мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сайлау науқаны аясында штаб мүшелері еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жол саласының қазіргі жағдайы, өндірістік қауіпсіздік, мамандардың еңбек жағдайы және кәсіпорын қызметкерлерін толғандырған мәселелер талқыланды.
Жиында оқушылардың цифрлық сауатын арттыру, математика мен физиканы тереңдетіп оқыту және балаларды болашақ мамандықтарына дайындау мәселелері талқыланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында жасанды интеллект негіздері мен алгоритмдік ойлауды мектеп бағдарламасының міндетті бөлігіне айналдыру көзделген. Бұл балалардың жаңа технологияларды тек пайдаланып қана қоймай, олардың жұмыс істеу қағидаларын түсінуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар инженерлік, IT, математикалық және гуманитарлық бағыттағы мектептер желісін барлық өңірде дамыту ұсынылған. Дарынды балалар тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы бейіндік білім алуға тиіс.

Кездесу соңында мектеп ұжымы бағдарламадағы бастамалар бойынша пікір алмасып, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын айтты.