+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы оқушыларды мектептен бастап мамандыққа даярлауды ұсынады

«Әділет» партиясы оқушыларды мектептен бастап мамандыққа даярлауды ұсынады

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Бөкейхан орта мектебінің мұғалімдерімен кездесіп, білім беру саласындағы сайлауалды бастамаларын таныстырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – оқушыларды мамандық таңдауға дайындау және мектепте алған білімін болашақта іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру.

Партия бағдарламасында оқушылардың аттестатпен бірге жұмысшы мамандығын меңгеріп шығуына жағдай жасау көзделген. Колледждер базасында жұмысшы біліктілігін алатын 10–11-сынып оқушыларының санын көбейту ұсынылып отыр.

Сондай-ақ оқушылардың үйірмелердегі, спорттағы, шығармашылықтағы және олимпиадалардағы жетістіктерін ескеретін «Білік портфелін» енгізу қарастырылған. Бұл құжат орта білім туралы аттестаттың ажырамас қосымшасына айналуға тиіс.

Бағдарламада оқу сауатын бағалаудың ұлттық жүйесін құрып, мектептің барлық деңгейінде жыл сайын оқу сауатынан олимпиада өткізу де көзделген.

Жүздесу соңында педагогтер кәсіптік бағдар беру мәселесіне қатысты ойларын айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын білдірді.