+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Құрылтай және оған қатысатын саяси партиялар

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы болып саналады. Құрылтай құрамына жалпыұлттық партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.

Құрылтай сайлауына Қазақстанның жеті саяси партиясы қатысады. Олар: «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Әділет» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы. Бұл партиялардың барлығы Орталық сайлау комиссиясында тіркеліп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Құрылтай сайлауы азаматтардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан болып табылады. Сайлау нәтижесінде елдің заң шығару қызметін жүзеге асыратын жаңа өкілді орган қалыптасады. Сондықтан әрбір сайлаушының белсенді қатысуы мемлекеттің болашақ дамуына ықпал етеді.

Надыров
Надо Азизович
Күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы