
«Әділет» партиясы ауыл инфрақұрылымын жаңартуға басымдық береді
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылында тұрғындармен кездесті.
Жиында ауылдағы жол, ауызсу, электр желісі, интернет және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі сөз болды. Штаб мүшелері партияның ауыл-аймақты дамытуға қатысты сайлауалды ұсыныстарын таныстырды.
Бағдарламада 3 500 тірек және серіктес ауылды дамыту көзделген. 2030 жылға қарай аталған елді мекендерге мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктердің толық жиынтығын жеткізу ұсынылып отыр.
Ауыл тұрғындарының 97 пайызын интернетпен қамту, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың нормативке сай үлесін 86 пайыздан 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл тұрғындардың мектепке, ауруханаға, базарға және аудан орталығына қатынауын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ауылдарға таза су үздіксіз берілуі үшін ескірген желілер мен жабдықтарды жаңарту, электр қуатының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету қарастырылған.
Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Жиын соңында ауыл азаматтары алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
